ЕРЛІККЕ ҚҰРМЕТ – ӘРКІМНІҢ ПАРЫЗЫ

Ұлы Жеңіс! Қаншама ардақты азаматтарымыздың өмірін қиған, талай отбасының шаңырағын шайқап, қайғы-қасіретке душар еткен соғыс өртінің өшкеніне биыл тура 70 жыл. Уақыт өткен сайын сол кезеңдер бізден қашықтап бара жатқанымен, оның халық тағдырында қалдырған ізі көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Соғыс басталған сәттен-ақ, қазақстандық жауынгерлер Бөгенбай мен Қабанбайдың, Наурызбай мен Райымбектің, Махамбет пен Исатайдың ұрпақтарына лайық ұрыс салды. Сондықтан да,  Жеңіс күніне жете алмай, қанды шайқастарда қаза тапқан батырларымыз бен соғыстан аман оралған жауынгерлерімізді дәріптеп, есімдерін ұлықтау – бүгінде тек мемлекеттің ғана емес, әркімнің үлкен парызы.

Continue Reading

ҚОС МАЙДАННЫҢ КУӘГЕРІ ЕДІ…

Ол аспаннан оқ қарша бораған, оқ-дәрінің иісі қолқаны қапқан майдан даласына 1943 жылы аттанды. Соғыс даласына аттанғанда Хакім Меңдіғалиев әлі 18 жасқа да тола қоймаған 10 сыныпта оқып жүрген бозбала еді. 376- қосалқы полкі құрамында  атқыш болып алты айлық әскери дайындықтан өткеннен кейін ұрысқа түсті. 

Continue Reading

ҚОС МАЙДАННЫҢ КУӘГЕРІ ЕДІ…

Ол аспаннан оқ қарша бораған, оқ-дәрінің иісі қолқаны қапқан майдан даласына 1943 жылы аттанды. Соғыс даласына аттанғанда Хакім Меңдіғалиев әлі 18 жасқа да тола қоймаған 10 сыныпта оқып жүрген бозбала еді. 376- қосалқы полкі құрамында  атқыш болып алты айлық әскери дайындықтан өткеннен кейін ұрысқа түсті. 

Continue Reading

АРДАГЕРГЕ – ІЗГІ ТІЛЕК

Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Орынғали Қарасаевты арнайы үйіне барып айтулы мерекемен құттықтады.

Continue Reading

НАРЫННАН ШЫҚҚАН НАРҚАСҚА

«Даңқ» орденінің екі мәрте иегері Исламғали Исқалиев туралы үзік сыр

Ұлы Отан соғысында от кешкен қаһармандардың бірі – екі мәрте «Даңқ» орденінің және басқа да көптеген жауынгерлік медальдардың иегері Исламғали Исқалиев. Сол кездегі Новобогат ауданының Чапаев ауылында 1923 жылы дүниеге келген ол заманының қиыншылығына байланысты төрт сыныптық білім алғаннан кейін, жастайынан еңбекке араласады.

Continue Reading

МАЙДАНГЕР ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

Бержан Қанатбаев 1939 жылы әскер қатарына шақырылды. 1940 жылы Фин соғысына қатысып, атқышмергендер батареясында болды. Бейбіт сәт орнап, «енді елге қайтамыз» деген шақта, кенеттен екінші дүниежүзілік соғыс бұрқ етеді. Осылайша, жауынгер Қанатбаев ел басына күн туған шақта неміс басқыншыларына тойтарыс беру үшін көппен бірге ұрысқа қосылады.

Continue Reading