Ұлы Жеңіске – 70 Жыл

БАРЛАУШЫ ЖАҢБЫРБАЙ НАСИХАНОВ ТУРАЛЫ БІРАУЫЗ СӨЗ

Қан майданда ерекше ерлік үлгісін көрсеткен жанның бірі – Жаңбырбай Насиханов. 1940 жылдың наурызында әскер қатарына шақырылған ол соғысқа ерте араласыпты. Жауынгерлік өмір одан әрі отты жылдарға ұласқан.

Читать далее »

ОЛ МАЙДАНҒА СҰРАНЫП КЕТТІ

Тарих беттеріндегі қилы кезеңдердің бірі – екінші дүниежүзілік соғыс. Отанды қорғау жолында миллиондаған боздақ қан кешті. Миллиондаған шаңырақ күйреді. Осынша алапат қайғы-қасіретті бір кісідей жұмыла көтере білген халқымыз фашизм-ді толықтай жеңді.

Читать далее »

ТОЛҚЫНДА ТУЫП, ОТ КЕШКЕН…

«Сен құрметте оны,

Түсіндің бе, қарағым.

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

Қолтығындағы ұзын таяғын...»

Мектеп қабырғасында жүргенде бұл өлеңді жаттамаған бала жоқ. Әсіресе, Жеңіс күніне арналған салтанатты шараларда, соғыс ардагерлерімен кездесу кешінде көп айтылатын. Бірақ, бұл өлеңді жазған ақынның тағдыры туралы, туындының қандай жағдайда жазылғаны жайлы көпшілігіміздің ойланбайтынымыз да анық.

Ол ең алдымен, орыстың ұлы ақыны Некрасов айтқандай: «Ақын болу – міндет емес,

Азамат болу – парызың» деген қағиданы ұстанып өткен адам.

Читать далее »

«ОЛ КҮНДЕР ЖАДЫЛАРДА ЖАҢҒЫРЫП ҚАЛА БЕРМЕК…»

Қан майданға қатынасып, елін-жерін жаудан қорғаған жауынгер атамыз Смадиярұлы Болыс: «Балаларым, ол алапат күнді ешкімнің басына бермесін, енді тек бейбітшілік заман болғай. Соғыс небір боздақты қыршынынан қиып, аяулы аналардың қара шаштарына ақ түсіріп, көңілдеріне өшпестей дақ салды емес пе...» деп өзегін өкініш кернеп, кейінгі ұрпағына әңгімесін айтып отыратынды...

Читать далее »

ФАШИЗМДІ ТАЛҚАНДАҒАН КҮН

Мамырдың сегізі күнгі  түнгі 22 сағат 43 минутта (орталық еуропалық уақыт бойынша) Германияның жоғарғы командованиесі өкілдері Карлхорсте (Берлин төңірегінде) Германияның қарулы күштерінің сөзсіз тізе бүккендігі туралы Актіге қол қойды. Герман жағына бұл тарихи рәсімге Вермахтың Бас штабының басшысы, генерал-фельдмаршал  Вильгельм Кейтель қатысты.

Читать далее »

ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР ЕДІ

Майдан мен тылда халқымыздың Ұлы Жеңісті жақындатқаны бір төбе болса, Қиыр Шығыста жапондарға қасқайып қарсы тұрған қазақ жауынгерлерінің қайсарлығы  - бөлек әңгіме. Сондай батыл жандардың қатарында қарапайым қазақ жігіті - Бақтыгерей Садықов та бар. Жақында ресейлік ғаламтор сайтында «Народные герои» деген атпен кезінде СССР Қорғаныс министрлігінің құпия мұрағатында сақталып келген кеңес жауынгерлерінің, соның ішінде қазақтардың марапаттары туралы тың деректер жарияланған болатын. Сол құжаттарды ақтара отырып, үлкен әкеміздің де ерлік істері жөнінде біраз жаңа мағлұматтар таптық... 

Читать далее »

БҰЛТ ШАЛМАСЫН БЕЙБІТШІЛІК АСПАНЫН…

Арада жетпіс жыл өтсе де, әлем тарихына ең қанқұйлы деген атаумен енген екінші дүниежүзілік соғыстың салған жарасы әлі жазылмай келеді. Сұрапыл соғыс жылдары Атыраудан майдан даласына 42 мың 508 адам жіберіліпті. Сол сарбаздардың 20 мыңы ғана аман қайтқан екен.

Читать далее »

ЖАТ ЖЕРДЕ ҚАЛҒАН БОЗДАҚТАР

Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы талай адамның өмірін жалмап, ананы жесір, баланы жетім атандырды. Туған жерден бір уыс топырақ бұйырмай талай боздақтың сүйегі бөтен елде қалды. Хабар-ошарсыз мүлдем жоғалып кеткендері қаншама? Арада осынша жыл уақыт өтсе де сол соғыстың улы уыты әлі күнге ұмытылмай келе жатқандығы да сондықтан. 

Читать далее »

ЕРЛІККЕ ҚҰРМЕТ – ӘРКІМНІҢ ПАРЫЗЫ

Ұлы Жеңіс! Қаншама ардақты азаматтарымыздың өмірін қиған, талай отбасының шаңырағын шайқап, қайғы-қасіретке душар еткен соғыс өртінің өшкеніне биыл тура 70 жыл. Уақыт өткен сайын сол кезеңдер бізден қашықтап бара жатқанымен, оның халық тағдырында қалдырған ізі көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Соғыс басталған сәттен-ақ, қазақстандық жауынгерлер Бөгенбай мен Қабанбайдың, Наурызбай мен Райымбектің, Махамбет пен Исатайдың ұрпақтарына лайық ұрыс салды. Сондықтан да,  Жеңіс күніне жете алмай, қанды шайқастарда қаза тапқан батырларымыз бен соғыстан аман оралған жауынгерлерімізді дәріптеп, есімдерін ұлықтау – бүгінде тек мемлекеттің ғана емес, әркімнің үлкен парызы.

Читать далее »

ҚОС МАЙДАННЫҢ КУӘГЕРІ ЕДІ…

Ол аспаннан оқ қарша бораған, оқ-дәрінің иісі қолқаны қапқан майдан даласына 1943 жылы аттанды. Соғыс даласына аттанғанда Хакім Меңдіғалиев әлі 18 жасқа да тола қоймаған 10 сыныпта оқып жүрген бозбала еді. 376- қосалқы полкі құрамында  атқыш болып алты айлық әскери дайындықтан өткеннен кейін ұрысқа түсті. 

Читать далее »