Ұлы Жеңіске – 69 Жыл

СОҢЫНДА ӨШПЕС ІЗ ҚАЛДЫ

Ел тарихында Ұлы Отан соғысы деген атаумен қалған қанды кезеңде бір миллион екі жүз мыңнан аса қазақстандық жау оғына қарсы тұрған екен. Сол миллионның қай-қайсысы да – өз алдына бөлек шежіре, өз алдына қайталанбас ерлік тарихы. Өйткені, олардың әрқайсысы ел шетіне тұтқиылдан тиген жауды тықсырта жеңуге үлес қосты. Сондай жандардың бірі - қан майданға Атыраудан аттанған Әбдіғали Құрманғазиев.

Читать далее »

«БІЗДЕ БАЛАЛЫҚ ДЕГЕН БОЛҒАН ЕМЕС»

Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізге биыл 69 жыл толса да, сұрапыл соғыстың жаңғырығы майдангерлердің әлі есінен кетер емес. Елі үшін жауға беріспей, ерліктің үлгісі бола білген батырларымыздың өнегесі өз алдына, қиыншылыққа мойынсұнбай, тылда еңбек еткен жандардың үлесі тым бөлек. Олардың қатарында еңкейген кәрі де, ойын балалары да бар еді. Сол кезде небары 5-сыныпта оқитын Базарбек Динов қан майдан басталған сәтте мектептегі сабағын тастап, жұмысқа кірісті. Түйеге жегілген арбасымен «қара алтын» өндірушілерге жәрдемдесті. Біз айтулы мереке қарсаңында атыраулық қартпен әңгімелесіп қайтқан едік.

Читать далее »

БІР ЖАНҰЯДАН – БЕС ОФИЦЕР

Ұлы Отан соғысына күллі кеңес халқымен бірге қазақстандықтар, оның ішінде атыраулықтар да қатысып, өз борыштарын абыроймен атқарды. Біздің әңгімемізге арқау болып отырған мақала өзегі – қарапайым қазақтың бір жанұясынан шыққан бес офицердің тағдыры. Ақиқатына келгенде, қазіргі жас ұрпақтың санасына бабаларымыздың Отан қорғаудағы жанқиярлық ерліктерін баяндау, оны үлгі тұту, отансүйгіштікке тәрбиелеу және тағзым ету.

Читать далее »