ӘКІМ БОЛ, ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ!

 

Елбасының баспасөзде жарияланған бағдарламалық мақаласынан бес институттық реформаға негізделген, нақты 100 қадамнан тұратын Ұлт жоспарын жүзеге асырудың практикалық кезеңі басталғандығынан хабардар болдық. Атап айтқанда, онда жоспарға енгізілген тармақтардың қалай орындалатындығы, бағыт-бағдары айқын көрсетіліп, тапсырмалар берілген.

Continue Reading

БІЗДІ СЕНІМ БІРІКТІРЕДІ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты еңбегі маған үлкен ой салды. Сонау 1991 жылы  Тәуелсіздік байрағын көтерген мемлекетіміз бүгінде әлемдік аренада өз орны бар, құлашын кеңге жайған іргелі елге айналып отыр. Бұл — көрегендігімен ой салып, сарабдал саясатымен жөн сілтеген Көшбасшымыздың арқасында жүзеге асқаны даусыз. Қазіргі экономикалық жағдайдың қай елге де оңай соғып отырмағаны анық. Алайда, осыған қарамастан Ұлы Дала Елі қарыштап алға басуда.

Continue Reading

ЖАСТАР – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ!

Еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау бизнес және құқық колледжінің оқытушыларымен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі» тақырыбында студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Онда департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы Мұхит Избанов 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуы және Елбасы Н.Назарбаев белгілеген бес институционалды реформа жөнінде әңгімеледі.

Continue Reading

ЖҰМЫСШЫ-МАМАНДАРҒА СҰРАНЫС КӨП

Атырау шаһары бойынша халықты жұмыспен қамтуға арналған кешенді жоспарға сай қаладағы білім беру орталықтары, мейрамханалар басшылары мен мердігер мекемелер өкілдерінің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Continue Reading

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ТУРИСТІК КЛАСТЕР

Елбасы бастамасымен қолға алынған  «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламасының 57-ші қадамында республикада туристік кластер қалыптастыру үшін осы салада тәжірибесі толымды, мүмкіндігі мол инвесторлар тарту қажеттігі айтылған-ды. Сондай туристік ортаға сұранып тұрған мекен – «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты.  

Continue Reading

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖЕҢІЛДЕМЕЙДІ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Марат Ахметжанов Жылыой ауданында болып, аудандық әкімдіктің аппарат қызметкерлері, дербес бөлімдерінің басшылары, қала, кент және ауыл әкімдері мен мамандары, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Жиын барысында мемлекеттік қызмет туралы және осы салада қабылданып жатқан нормативтік құқықтық актілер талқыланды. 

Continue Reading