ҰЛТ ЖОСПАРЫ – НАҚТЫ 100 ҚАДАМ

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖЕҢІЛДЕМЕЙДІ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Марат Ахметжанов Жылыой ауданында болып, аудандық әкімдіктің аппарат қызметкерлері, дербес бөлімдерінің басшылары, қала, кент және ауыл әкімдері мен мамандары, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Жиын барысында мемлекеттік қызмет туралы және осы салада қабылданып жатқан нормативтік құқықтық актілер талқыланды. 

Читать далее »

ЖАСТАР – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ!

Еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау бизнес және құқық колледжінің оқытушыларымен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі» тақырыбында студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Онда департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы Мұхит Избанов 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуы және Елбасы Н.Назарбаев белгілеген бес институционалды реформа жөнінде әңгімеледі.

Читать далее »

КӨРЕГЕНДІКТІҢ КӨКЖИЕГІ

Отандық экономиканы дағдарыс жағдайынан өнімділікті арттыра отырып алып шығу. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауы тікелей осы мәселеге арналуымен құнды. Мемлекет алдында тұрған көптеген міндеттерді саралаған Елбасы Жолдауды жүзеге асырудың негізгі тетігі ретінде «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт жоспарын айрықша атап өтті.

Читать далее »

ОТАН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКПЕН…

Тәуелсіздік тірегі – ең алдымен, демографиялық ахуал десек, зобалаң жылдары елден кетуге мәжбүр болған қандастарымызды Отанға оралтудың мемлекет үшін маңыздылығын түсіну қиын емес. Елбасының осы бағыттағы саясатының нәтижесінде бүгінге дейін шет елдерден бір миллионға жуық отандасымыз республикаға қоныс аударды.

Читать далее »

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – ӨНДІРІС ӨЗЕГІ

Республикалық «Алтын сапа» байқауы осымен оныншы рет өткізілгелі отыр. Жүлде Елбасының Жарлығымен 2006 жылы тағайындалған болатын.  «Алтын сапа» жүлдесін Елбасының қолынан алу – қатысушылар үшін айрықша мәртебе. 

Читать далее »

«АЙДЫННЫҢ» АУЫЗ СУЫ

Индербор кентінің 80 жылдығына орайластырылған мерейтойлық шаралар шеңберінде ауданда бұрын-соңды болмаған жаңа өндіріс орнының тұсауы кесіліп, таныстырылымы болды. Бірден айта кетелік, озонмен тазартылған ауыз су «Айдын» деп аталады.

Читать далее »

«АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТАС ЖОЛЫ

келесі жылы күрделі жөндеуден өтеді

«Атырау-Ақпарат» ЖШС жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде кезекті баспасөз брифингі өтті. Онда аймақтағы жол-көлік инфрақұрылымының жай-күйіне көңіл бөлінді. Осы мақсатта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып, қолға алынып жатқан жобалар да аз емес. Бұл туралы брифингте облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Аманжан Тәкешев баяндады.

Читать далее »

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ИНСТИТУТЫ

Оның қызметін жандандыру – уақыт талабы

Осыдан бес жыл бұрын құқықтық іргетасы қаланған жеке сот орындаушылары институты іс жүзінде өзінің өміршеңдігін дәлелдегені болар, бұдан әрі қарай мемлекеттік сот орындаушылары қызметі қысқартылып, сот актілері мен атқару құжаттарын орындау біртіндеп жеке орындаушылық тәртіппен жүзеге асырылу үстінде.

Ұлт жоспарының 27-ші қадамында орын алған бұл міндеттің бүгінде орындалысы қандай? Осы орайда Атырау облысы әділет департаменті жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Күләнда Қыстаубаеваға жолыққан едік.

– Өткен жылдың аяғында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 138-бабына өзгеріс енгізілгені белгілі. Оған сәйкес, ендігі уақытта сот орындаушыларының жұмысы қалай жүргізіледі?

Читать далее »

АЙҚЫН МАҚСАТ ЖОЛЫНДА

Елбасымыздың  Ұлт жоспарының «100 нақты қадам» бағдарламасы негізінен мемлекеттің  дамуымен  қатар, халықтың бірлігі мен ынтымағына да бағытталған. Осы мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясы «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менің елім», «Нұрлы болашақ» сынды кең көлемді ұлттық жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруда.

Читать далее »

ТҰЩЫҚҰДЫҚТА ТҰШЫМДЫ ІСТЕ БАР

Бүгінде Тұщықұдық селосы – заман көшінен қалмай, қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Исатайлықтар Елбасының ауылдарды өркендету саясатының сәтті жүзеге асып келе жатқанына дән риза. Шалғайда орналасқан Нарын құмындағы Айбас және жиектен орын тепкен Қызыл үй елді мекендерінің бүгінде облыс экономикасына қосып жатқан үлесі мол. Бұл жерді мекен еткен жеке шаруалар мен кәсіпкерлер саны да соңғы жылдары біраз артып отырғандығы байқалады.

Читать далее »