БАСТЫ МАҚСАТ – ӘДІЛ ТӨРЕЛІК

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамының» бір бағыты тәуелсіз сот төрелігін жүзеге асыруға, халықтың олардың қызметіне деген сенімін арттыруға бағытталған. Бұл талаптар Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында да кеңінен қозғалды.

Continue Reading

ЖАСТАРҒА СЕНІМ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Өткен жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында тұтас ел экономикасы үшін өте маңызды қос жоба мәреге жетті. Республикада тұңғыш рет бензол мен параксилол алынды. Ал, бұлар – мұнай-химия кешені үшін аса қажетті шикізат. Биыл шикі мұнайды тереңдете өңдеу жобасы аяқталады. Сол кезде жоғары октанды бензинге деген ішкі сұраныс қамтамасыз етіледі, оны сырттан тасымалдау едәуір кемиді. 

Continue Reading

ӨТКЕНДІ БІЛМЕЙ, КЕЛЕШЕК ЖОҚ

Жақында ғана Елбасымыз халыққа арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Біз – азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт» деп атап көрсеткен болатын. Бұл орайда, Қазақстан, оның құрамдас бөлігі болып табылатын Атырау облысы да тәуелсіз болған кезеңнен бері көптеген сынақтардан өтіп, талай қиындықты бастан кешірді.

Continue Reading

САЛЫҚҚА САЛҒЫРТ ҚАРАМА!

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге арналған семинар өткізді. Департамент басшысының орынбасары Ж.Нұржановтың төрағалығымен өткен басқосуда ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды.

Continue Reading

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 18 баптарына сәйкес, Атырау қалалық мәслихатының сессия төрағасымен V шақырылған Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХХІ сессиясын шақыру туралы шешімі қабылданды.

Continue Reading