ҰЛТ ЖОСПАРЫ – Нақты 100 қадам

ӘР ҚАДАМ БОЙЫНША – АЙШЫҚТЫ ІС

Елбасының халыққа бағыттаған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институционалдық реформаны насихаттау мақсатында құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ Қызылқоға ауданының Миялы селосында болып, «Арман» мәдениет үйінде жұртшылықпен кездесті. Топ мүшелері Ұлт жоспарында айқындалған әрбір бағытқа тоқталып, алда тұрған мақсат-міндеттердің маңыздылығын атап өтті.

Читать далее »

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Барлық жаңғырту үрдісіндегі табыстың негізгі факторларының бірі – ұлттық білім беру жүйесін жаңарту болып табылады», - деп атап көрсеткендей, жыл сайын білім беру үдерісі жаңару үстінде. Қазіргі кезде білім беру саласына жаңа көзқарас, жаңаша талап қойылып отыр. Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігудің стратегиялық мәселелерінің бірі – он екі жылдық оқыту үлгісіне көшу болып табылады. Ол үш бағытта жүзеге асып жатырғандығы белгілі.

Читать далее »

АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТ АЙҚЫН

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлт болашағы үшін реформалық жүйелі жоспар құрып, «нақты 100 қадам» бағдарламасын белгілеген болатын. Еліміздің өркендеуі мен дамуына бағытталған бұл реформа ұлттық мәнге ие болып отыр. Сондықтан, елін, Отанын сүйетін әр азамат өзінің туған елі үшін тамшыдай болса да үлесін қосып, аянбай еңбек етіп, тер төгуі шарт.

Читать далее »

БІЛІКТІ МҰҒАЛІМ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСАДЫ?

Тамыз мәслихаты алдындағы ой

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «5 реформа және 100 қадам» деп аталына бастаған Ұлт жоспарына зер салып, зерделей қарасақ, білім беру жүйесіне де ерекше мән бергендігі байқалады. Әсіресе, сапалы білім беруге, білікті маман дайындауға жіті назар аударады.

Читать далее »

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – САЛАУАТТЫЛЫҚ

Жуырда «Атырау-Ақпарат» ЖШС жанындағы Атырау коммуникациялық қызметінің баспасөз орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев жергілікті спорт саласының өкілдерімен кездесті. Мұндағы негізгі әңгіме Елбасының бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» іске асыру барысы туралы өрбіді.

Читать далее »

ОТЫЗДЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері Елбасы ұсынған 5 реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадамын» насихаттау мақсатында Исатай ауданында болып қайтты.

Читать далее »