ҰЛТ ЖОСПАРЫ – Нақты 100 қадам

МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ, МЕРЕЙЛІ ІС

Қоғамның әлсіз тобы саналатын мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету – әркез басты назарда. Елбасымыздың 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да бұл мәселе арнайы  қамтылған.

Читать далее »

ТҮПКІ МАҚСАТ – ҚЫЗМЕТ САПАСЫ

Елбасының  «Нақты 100  қадам» Ұлт  жоспарының елдің болашақ дамуына жаңаша бағыт- бағдар  берер  артықшылығы  көп.  Оны  Қазақстан  Республикасының әлемдегі  дамыған мемлекеттердің отыздығына  кіру жөніндегі  бағдарламасы деп  түсінген  жөн.

Читать далее »

АЙҚЫН БАҒЫТ, АЙРЫҚША МІНДЕТ

Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадамын» белгілеп берген Ұлт жоспары бағдарламасына сәйкес, сот саласын жетілдіруге байланысты көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқаны белгілі. Осы орайда судьялардың есеп беру тәртібін күшейту; судьялардың жаңа Этикалық Кодексін жасау және тағы басқа мәселелер Ұлт жоспарының 19-қадамында көрсетіліп отырғандығын айта кеткеніміз жөн. Құжаттың 20, 21, 22-қадамдары сот саласына арналған.

Читать далее »

БИЗНЕС – ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫ

уақыт  тудырған  жаңа  құрылым

Бизнес-омбудсмен институтының кәсіпкерлердің заманауи талаптарға төтеп беріп, өз кәсіптерін әрі қарай дамытуына тигізер ықпалы зор. Осы ретте Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына еніп, Еуропалық одақ және басқа елдермен белсенді қарым-қатынас орнатуына байланысты елімізде мұндай құзыреті бар, кәсіпкерлердің құқықтарын белсенді қорғайтын институт құрудың қажеттілігі артып отыр. Яғни, Елбасының  бес институционалдық реформасындағы «100 нақты қадам» бағдарламасында 54-ші қадам ретінде атап көрсетілген бизнес-омбудсмен институты мықты құрылымға айналуы тиіс.

Читать далее »

ТАРИХТЫҢ ШЕРТІП САН СЫРЫН…

Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг аясында «Қазақ хандарының жолдарымен» ғылыми экспедициясының қорытындылары, жасалған жұмыстар жайлы әңгімелеп, жоспарларымен таныстырды.

Читать далее »

САЛАМАТ ЕЛАМАНОВ, АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІ «АТЫРАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: ЕҢБЕКШІ ҚҰҚЫҒЫ – АЛДЫҢҒЫ КЕЗЕККЕ

Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру – әлемнің ең дамыған озық отыздығына алып баратын негізгі қадамның бірі. Бұл мәселе нақты 100 қадамнан  тұратын Ұлт жоспарында да көрініс тапты. Осыған орай, Үкімет Парламентке Еңбек Кодексінің жаңа жобасын ұсынып отыр. Жаңа жобада еңбекші құқығы қаншалықты қорғалған? Еңбек қатынастарын ырықтандыруда нендей қадамдар жүзеге асырылуы тиіс?  - Осы және өзге де мәселелер төңірегіндегі сұрақтарды Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Атырау облысы Кәсіподақтар Орталығы» төрағасының орынбасары Саламат Еламановқа қойған едік.

Читать далее »