ҰЛТ ЖОСПАРЫ – НАҚТЫ 100 ҚАДАМ

СОТ ЖҮЙЕСІНЕ СОНЫ СЕРПІН

100 нақты қадам – мемлекеттің ертеңгі дамуын айқындай түскен Ұлт жоспары. Оны әлемдік дағдарыс уақытында біздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге берген жауабымыз десе болады. Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVI съезінде іс басындағы адамдарға қаратып былай деді: «...Жаңағы 100 нақты қадам дегеннің ішінде барлығы жасалған. Әр салада 20 қадамнан болғанда, 100 қадам болады. Сондықтан, бас қатырудың керегі жоқ. Бірақ та өздерің шығармашылық жағынан қарап, әрі қарай дамытсаңдар жұмыс болады. Жұмыс оңай емес. Бұрын-соңды жасалмаған, халықтың, биліктің психологиясын өзгертейік деп отырмыз» деді.

Читать далее »

ҚУАТ КӨЗІ КҮН СӘУЛЕСІНЕН АЛЫНБАҚ

«Атырау-Ақпарат» ЖШС жанындағы Атырау коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз конференциясында атыраулық кәсіпорындар мен мекеме өкілдері Президент жариялаған 5 реформа мен оған жеткізер жүз қадам бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

Читать далее »

ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ар алдындағы адалдықпен ұштасса...

Ең басты мақсаты етіп елдік мүддені ойлау ғана қайсы мемлекетті де мұратына жеткізеді. Тәуелсіздіктің таңсәрісінен-ақ «халқымның ғасырлар бойы аңсаған асыл арманын баянды етемін» деп маңдай терін төгіп келе жатқан Елбасының бұл жолғы «Ұлт жоспары – 100 қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты 5 институттық реформасы – өте маңызды құжат. Зерделеп оқып шықсаңыз, еліміздің алдағы дамуының нақты 100 қадамы түбегейлі айқындалғанын анық аңғарасыз. Сондықтан да, шығар, қазірдің өзінде бұл жоспарлы іс жанды жүзеге асырыла бастады. Бұл туралы өткен аптаның бейсенбісінде Астанада өткен Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында мәлімделді.

Читать далее »

МҰРАТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ

Бізді бүгінде «Мәңгілік Ел» идеясы біріктіреді, алдағы биік мұраттарға ұмтылдырады. Осы тұрғыдан алғанда, «Нақты 100 қадам» Ұлт жоспарында көтеріліп отыр-ған басты мәселенің бірі – біздің біртекті мәдениетіміз. Соны дамытып, нығайту арқылы халқымыздың бірлігі мен ынтымақ-берекесін сақтаймыз.

Читать далее »

АЗАТ ЕЛДІҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Елбасы ұсынған Ұлт жоспары – бүкіл елдің алдағы жылдары атқарар міндеттерін айқындайтын айнымас бағыт, даңғыл жол. Және ол –  Қазақстанның әлемдегі аса дамыған отыз елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне үлкен мүмкіндік. 

Читать далее »

ҰЛТ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЙНАРЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған 5 реформа және оған жеткізетін 100 нақты қадамында «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасы аясында түрлі деңгейде мәдени шаралар ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Бұл реформалар халық тұрмысын жақсартып, ұлт мәдениетін биік белеске көтереді деп сенемін. Осы тұрғыда Шаймардан Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейі де талапқа сай жұмыстар атқарып, алдағы жаңару мен жаңғыру кезеңіне дайындалу үстінде. 

Читать далее »

АСЫЛ МАЛДАН – САПАЛЫ ӨНІМ

бағдарлама талаптары орындалғанда ғана алынады

Елбасы ұсынған Ұлт жоспарындағы «100 нақты қадамның» әрқайсысының мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуы, өсіп-өркендеуі жолында аса қажетті әрі маңызды болып табылатындығы даусыз.

Читать далее »