Қазақстан 2050 – стратегиясы

ҮМІТТІ ҮКІЛЕГЕН ҮШ ЖОБА

Жылыойда іргелі істердің бастауы болып отыр

Жылыой ауданында 6681 шағын және орта кәсіпкерлік субъектіcі тіркелген, 5009 жеке кәсіпкер бар. 259 шаруа қожалығында 10 256 адам жұмыс жасауда. Жыл басынан бері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 4 млрд. 427,9 млн. теңге салық түсті. Бұл - өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда салық түсімінің көлемі 28,5 пайызға өсіп отыр деген сөз.

Осы ретте ізденіс іздеріне, оның сырына бір үңіліп көрелікші. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаевпен арадағы сұхбат кәсіпкерлікке кең өріс ашу тетіктері – несие алу, өндірісті жаңғырту, бизнестік біліктілік және индустриялық-инновациялық даму тұрғысынан өрбіді.

Читать далее »

Моноқала: ЖАҢА ЖОБАЛАР – ИГІЛІК БАСТАУЫ

Құлсары өткен ғасырдың қырқыншы жылдары мұнайшылар үшін салынған жұмысшылар тұрағынан өсіп-өркендеп, бүгінде аудандық маңызы бар қала атанды. Қалалық маңыздылығы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2001 жылдың 22 қыркүйегіндегі №685 Жарлығымен ресми түрде бекітілді. Сол уақыттан бастап жас қаланың инфрақұрылымы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайына жан-жақты көңіл бөліну үстінде. Күні бүгін республика бойынша моноқалалар санатындағы шаһардың жай-күйі қай деңгейде? Біз осы сауал төңірегінде қаланың әкімі Шәкір КЕЙКІНМЕН сұхбаттасқан едік.

Читать далее »

ҚЫМЫЗ БЕН ШҰБАТ ӨЗІМІЗДЕ ӨНДІРІЛЕДІ

Индерде оны дайындайтын кешен ашылды
Елбасы Жолдауында жаһандық он сын-қатердің
бірі – азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер екендігін атап өтіп, бұл туралы Үкімет пен облыс әкімдеріне агроөнеркәсіп кешені саласын дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Әсіресе, әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру міндеті алдыңғы кезекке қойылса, облыста Елбасының осы тапсырмаларын орындау мақсатында көптеген істер қолға алынуда.
Кеше облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов Индер ауданына келіп, тағы бір кешеннің тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАР МҰҚТАЖЫНА – СЕРГЕК КӨЗҚАРАС

Кеше «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында ҚР Мемлекеттік істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасы Мұхит Ізбанов қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды қабылдады.

Читать далее »