ҚҰЛПЫТАСТЫ ҚҰРМЕТТЕУ – АРДЫҢ ІСІ

Ата-баба – туған жердің киесі,

Бүгінгі ұрпақ – осы жердің иесі.

Біздің тарихымыз – Еліміздің ұлттық идеологиясына айналдыруға болатын нағыз керемет тарих. Әлемді билеп-төстеп отырған алып мемлекеттердің тарихында бұндай әділдікті, батырлықты, жомарттықты, достықты, сыйластықты, адамгершілікті насихаттайтын басымдықтар аз. Біздің ата-бабамыз болашақ ұрпақ үшін туған жерді ақылдың, білектің күшімен қорғады. Сондықтан, шынайы тарихымызды жазып, соның ішіндегі ұрпаққа тәрбиелік маңызы зор тұстарын насихаттасақ, патриоттық бағыттағы нағыз ұлттық идеология жасақтарымыз анық.

Continue Reading

СЫҒАНАҚТЫҢ ШЫН СЫРЫ

Биылғы жылдың бір ерекшелігі – Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесінің аталып өтетіндігі. Бәзбіреулер Қазақ елінің мемлекеттілігіне  күмән келтіріп  жүргенде, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ғасырлар қойнауындағы көне тарихты кең көлемде қайта жаңғыртуға шешім қабылдағаны ұлттық рухымызды ерекше көтеретін тағылымды бастама болды.

Continue Reading

ЕРТІС ПЕН ЕДІЛДІҢ АРАСЫ

Қазақ  мемлекетінің  бастауы  болды

Тарихшылардың саралауына қарағанда, Қазақ хандығы құрылғанға дейін Ертістен Еділге созылған ұланғайыр далада үлкенді-кішілі саяси құрылымдар, ұлылы-кішілі мемлекеттер өмір сүрген. Мұның бәрі – Қазақ хандығына дейінгі ізашар буын-бунақтар, Қазақ елі деген алып бәйтеректің өзегіне нәр берген түптамырлар, қайнар бастаулар еді.

Continue Reading

АЛТАЙДАН АТЫРАУҒА ДЕЙІН

Ысық  ата  ұрпақтары  таралып  жатыр

Елбасымыз Ұлытаудың баурайында халқымыздың өткені туралы толғанғанда көз аларт-қан дұшпандардан кең байтақ даламызды бірлігіміздің беріктігімен ғана қорғап қалғандығымызды айтқан-ды. Қылышын көтеріп, найзасын ұмсынып сырттан жау шапқанда ру басшыларына хабар жөнелтілетін. Сол сәтте-ақ бес жарағын асынып, белдеудегі тұлпарына міне шапқан сарбаздар майдан даласынан табылатын. Керек кезінде жұмылған жұдырықтай түйіліп, ауызбірлігін жоғалтпаған.

Оның үстіне, жеті атаға дейін қыз алыспау – қанымыздың тазалығының, тұқымымыздың тектілігінің белгісі. Міне, өткен сенбіде Кіші жүздің 25 руының ішінде белділерінің бірі – Ысық ата ұрпақтары Атырау-Доссор тас жолының 70 шақырымындағы атшаптырым алаңға мемориалды кешен орнатты. Баба рухына бағышталып құран оқылып, көнекөз қарттар мен аузы дуалы ақсақалдар жұртты бірлікке шақыратын бәтуалы сөздерін айтты.

Continue Reading

КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН КҮМБІР

Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтпек.  Бәзбіреулер Қазақ елінің мемлекеттілігі тым әріде жатқандығына күмән келтіріп, ауыздарына келгенін бөсіп жүргенде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ғасырлар қойнауындағы көне тарихты кең көлемде қайта жаңғыртуға батыл түрде шешім қабылдағаны ұлттық рухымызды ерекше көтерген тағылымды бастама болды.

Рас, бұған дейін оқытылып келген «Қазақстан тарихы» қылышынан қан тамған кеңестік саясаттың сүзгісінен өткендіктен тым тайыз болды. Алайда, атамекенінде азаттық туын көтеріп, дербес іргелі хандық құрған қазақ халқының талайлы тағдыры маңдайына жазған тар жол, тайғақ кешулері хақында там-тұмдап қана жазылған еді. Енді міне, біздің тарих – күрмеуге келмейтін қысқа тарих емес, түп тамыры мыңдаған жылдарға кететін күрделі тарих екендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Осынау айтулы датадан «Атырау» газеті де сырт қалмай, арнайы айдар ашып отыр.

Continue Reading