EXPO – 2017

Күн сәулесіне саяхат

Күн сәулесіне саяхат-1

ЭКСПО  көрмесінде туристердің аса қызығушылығына ие жобалардың бірі – күн сәулесіне саяхат. Күн тәріздес нысанға кіру үшін көрмені тамашалаушылар ұзын-сонар кезекке тұрады. Мұнда  3D анимациялық фильм көрсетіледі. Сондай-ақ, келушілер шыны көпірден өтеді. Алайда, ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жобаны кез келген адам тамашалай алмайды.

Читать далее »

Болашақта күннен энергия алатын ғарыштық ұшу аппараты қолданысқа енеді

ANU_2196

Болашақта күн сәулесінен энергия жинайтын ғарыштық ұшу аппараты қолданысқа енеді. Нәтижесінде, планетааралық құрылғылар шикізат өніміне тәуелді болмай, күн энергиясын кәдеге асыратын болады. Мұндай Ай бетінде жүруге арналған құрылғының макеті «ЭКСПО» көрмесі аясындағы қазақстандық «Нұр Әлем» павильонында қойылған. «Айда серуендеу» экспозициясын таныстырушы Сәуле Әбдірахманованың айтуынша, аппарат автоматтандырылған, мұнда ғарышкер болмайды. Тиісінше, кұрылғының өн бойына күн батареялары қондырылыпты. Әзірге бұл жоба ғана, ...

Читать далее »