Биыл – Ассамблея жылы

СЕРГЕЙ МЕН РАВИЛЯ

Тату төріміздегі бірлігіміз бүгін де бекем, ондаған ұлттың өкілдері тәуелсіз елімізде тату-тәтті өмір сүріп, ортақ Отанымыздың болашағы жолында бірлесе еңбек етіп-ақ жатыр. Бұның жарқын көрінісін негізінен қазақтар мекен ететін Исатай ауданынан да кездестіруге болар еді. Мұны Хамит Ерғалиев ауылындағы Нығыметжановтар әулетінде болғанымызда да анық көрдік.

Читать далее »

АЖАЛДАН АРАШАЛАҒАН УКРАИН ҚЫЗЫ

Соғыс басталған күннен бастап Отан қорғауға 19 жасында аттан-ған Аққуан Ермекқалиев әуелі тылға түсірілген жау десантымен айқасқа түсті. Кейін тегеурінді дұшпанмен бетпе-бет шайқасты. 

Читать далее »

ӘР ҰЛТТЫҢ САЛТЫ БАСҚА…

Біздің еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың бай мәдениеті, салт-дәстүрі бар. Оларды одан әрі дамытуға да толықтай жағдай жасалған.

Қазақ елін бүгінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс мекен етеді. Олардың барлығына бір мезетте сипаттама беру, әрине, мүмкін емес. Десек те, бір-біріне мүлде ұқсамайтын орыс, ұйғыр, кәріс ұлттары салт-дәстүрлерінің ерекшеліктеріне тоқталғанды жөн көрдік.

Читать далее »

ТҮЙІП АЙТҚАНДА

Мамыр мерекесінің тарихы әріден басталады. АҚШ пен Еуропаның біраз елдерінде еңбекшілердің өз мүдделерін қорғап, көшеге шыққан күндеріне орай, бұл дата естелік күні ретінде ХІХ ғасырда атап өтіле бастады. Кеңес дәуірінде де мерекенің мемлекеттік деңгейде маңызы болды. Бірақ, тәуелсіз Қазақ еліндегі бұл мереке мүлдем жаңаша форматта, қазақ жерін мекен еткен түрлі ұлттардың татулығын қазақтың ынтымағымен ұштастыруға бағытталуымен ерекшеленіп отыр.

Түрлі диаспоралар мекендейтін Қазақ мемлекеті үшін мұндай мерекенің мәні зор. Өйткені, Бірінші мамыр рухани мереке ретінде ынтымақтың символына айналып отыр. Еліміздегі береке-бірліктің, қоғамдық тұрақтылықтың кепілі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының ролін арттыра түсу маңызды. Жалпыхалықтық сипатқа ұласатын қайырымдылық, әлеуметтік бағыттағы жобалар көбейе түссе нұр үстіне нұр. Өйткені, жапыхалықтық сипатқа ие болған бастамалар мемлекеттің мызғымастығына, ұлттар арасындағы татулыққа кепіл болмақ.

Читать далее »

ТАТУЛЫҚ ТОПТАСТЫРҒАН ЕЛМІЗ

Ынтымағы жарасқан ел озады. Демек, халқымыз бір мүдденің, бір идеяның маңайына топтаса түсуі қажет. Сонда ғана біз ғаламдық жаһандану жағдайында табиғи болмысымыз бен бірлігімізді сақтап қала аламыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Ассамблеяның кезекті сессиясының  түйіні осы болды. 

Кезекті сессия барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев татулық тұтқасына айналған институттың алдына жаңа міндеттер жүктеді. Бүгінгі мақаламызда біз еліміздің тарихи қалыптасқан тағдырына тоқталғалы отырмыз. Тарихқа көз жүгіртсек, өткен ХХ ғасыр бойына Қазақстан аумағына көп этносты халықтың орналасу үрдісінің үзіліссіз жүргізілгенін көреміз. «Столыпиндік реформа» деп аталған күрделі кезеңде шаруалардың қоныс аударуы барысында Қазақстанға Ресейден, Украина мен Беларусьтан бір миллион 150 мың адам қоныс аударған екен. Арада жиырма жыл өткен кезде, яғни отызыншы жылдардағы ұжымдастыру барысында бұрынғы КСРО-ның орталық аудандарынан Қазақстанға мүліктері тәркіленген 250 мың шаруа келді.

Дәл сол уақыттарда өнеркәсіп нысандарын салуға елдің барлық түкпірлерінен шамамен 1,2 миллион адам қоныс аударды. Сталиндік режим кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халық – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасы қоныс аударды. Оларды вагондардан ашық далаға әкеліп түсірді.  Міне,  осы кезде шеттен келген түрлі ұлттар қазақ халқының дархандығына, кеңпейілділігіне куә болды. Қазақ халқы сол кездегі саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрғыда қыспақта қалғанына қарамастан, жат жұрттықтарды туған бауырындай қабылдады. Діні, тілі, ұстанымы басқа ұлттардың жаңа өмірге икемделуіне жол ашты.

Тағдыр табыстырған, тарих тоғыстырған көп ұлтты Қазақ елі осылайша дамудың жаңа жолына түсті. Жүз отыздан астам ұлт өкілдерін біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемге елімізді бейбітшілік моделі ретінде танытты. Түрлі этномәдени бірлестіктер өз ұлттарының дәстүрін дамытумен шектелген жоқ, керісінше қазақтың мәдениетін, болмысын дәріптеп, барша диаспораның бір ұлттың маңайына топтасуына ықпал етті. Сондықтан, Ассамблея сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және қиын кезеңде мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту туралы ұсыныс тастауы – әділетті шешім болды деп ойлаймын.  Бұл ұсынысты Атырау өңірінде өмір сүріп жатқан барлық этномәдени орталықтардың толық қуаттайтынын атап өткім келеді. Себебі, жақсылық артық етпейді. Ендігі жерде біз бұл датаны мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі деңгейіне көтеруіміз қажет.

Биылғы жылдың Ассамблеяға арналуының астарында да үлкен мән жатыр. Олай дейтініміз, сонау жылдары «араб көктемінен» басталған толқулар әлемдегі түрлі келеңсіз қақтығыстармен жалғасын табуда. Жалған идеологияға уланған кей елдің азаматтары өз мемлекетіндегі қоғамдық, саяси тұрақтылыққа кері әсерін тигізуде. Мұндай жағдайлар баршамызды ойландыруы тиіс. Сол себептен де бұл жылды бірлігімізді бекемдей түсу кезеңі деп қабылдауымыз керек.

Ассамблея әлеумет  әлеуеті үшін қызмет етеді. Ассамблея жылы аясында қарапайым ауыл азаматтарына жол тартқан «Менің Қазақстаным», «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем» және «Денсаулық» пойыздарының мұқтаж жандарға үлкен демеу болғаны, «Ассамблея – 20 ізгі іс» акциясының әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға, көп балалы отбасыларға, соғыс және тыл ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға қаржылай, материалдық тұрғыда көмек көрсеткені белгілі. Бұл бірлігі жарасқан Қазақ елі азаматтарының бір-бірінің тағдырына бей-жай қарамайтындығын көрсетеді. Ендігі жерде біз татулықты ту еткен еліміздің Ассамблея институты сынды ізгі моделін келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыра білуге тиіспіз.

Читать далее »

«БІР ХАЛЫҚ, БІР ЕЛ, БІР ТАҒДЫР

бұл – жаңа  тележоба 

ХІХ ғасырдың екінші жартысы. Қазақстанға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер тағдыры. Столыпин реформасы кезіндегі орыс көшпенділері, отызыншы жылдардағы кәрістер тарихы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде елімізге жер аударылған Солтүстік Кавказ халықтары, Ресей немістері мен қалмақтар тағдыры. Бірінші мамыр күні көрерменге жол тартатын «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты жаңа тележобада осынау мәселелер көрініс табады. 

Читать далее »