Биыл – Ассамблея жылы

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛДЫҢ» ӨНЕГЕСІ

көптеген мемлекеттің қызығушылығын тудырды 

«Таяу Шығыста, Еуропада орын алып жатқан түрлі қайғылы оқиғаларға Қазақ елінің жаны ауырады. Күллі әлемді дүрліктіріп жатқан осындай жағдайда Қазақстан бірлігі жарасқан елдің ғана тәуелсіздіктің туын көтере алатындығын көрсетті» деді Атырауға арнайы сапармен келген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов бірегей институттың жергілікті өкілдерімен кездесу кезінде. 

Читать далее »

АССАМБЛЕЯ ИНСТИТУТЫ – АТЫРАУДА ҒАНА!

Аймаққа сапар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ашылған Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының жұмысымен танысты. 

Читать далее »

ОРАЗКҮЛ АСАНҒАЗЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛІ БІРІКТІРЕДІ»

Біртұтас Елдің болашағы – ұлттық құндылықтар,  ажырамас  бірлік. Сондықтан,  кім-кімді  де  осы  мәселелер толғандыруы тиіс. Парламент Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазымен таяуда Атырауға келген сапарында осы тақырыптар төңірегінде пікірлескен едік.

Читать далее »

КЕЛІСІМ БАР ЖЕРДЕ КЕЛЕШЕК ЗОР

 

 

ІІ халықаралық медиафорумның түйіні осы болды 

«Қоғамдық келісім», «Толеранттылық», «Бірлігі жарасқан мемлекет» ұғымдарының түрлі ресми жиындарда ғана қолданылатын әдемі сөздер емес екендігін Украина, Таяу Шығыс елдерінде орын алып жатқан дүрбелеңдер дәлелдеп беріп отыр. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақ елінің ұлттар арасындағы ынтымақты қатынастар мәселесін айрықша назарда ұстауы – құптарлық қадам. Демек, осыдан жиырма жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің ең игі мұраты жолында толыққанды жұмыс істеді деуге негіз бар.

Читать далее »

ЫНТЫМАҚ – ЫРЫС БАСТАУЫ

Аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы өтті. Облыстық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестік мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында айтқан тапсырмалары мен міндеттерін орындау және облысымызда ұлтаралық татулықты нығайту бағытында атқарылған істер жайында айтылды.

Читать далее »