МҰРАТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ

Cәуірдің 23-і күні Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтеді. «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» күн тәртібімен өтетін сессияға үш мыңнан астам делегат қатысады. «Менің Қазақстаным», «Жәрдем» пойыздары, «Ассамблея – 20 ізгі іс» акциялары қорытындыланып, алдағы міндеттер сараланатын сессияға Атырау облысынан өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған 19 делегат қатысады деп күтілуде.

Continue Reading

ЖАБЫРҚАУ КӨҢІЛДЕРГЕ – ЖАН ЖЫЛУЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясы қолға алған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында облыстағы этномәдени бірлестіктер 113-тен астам қамқорлық шараларын ұйымдастырды. «Нәтижесінде көмекке зәру 820 адам қамтылды. Оларға барлығы 4 миллион 351  мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Нақтырақ айтқанда, мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылып, материалдық көмек берілді, – дейді Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі Әлия Шағыраева. 

Continue Reading

АТЫРАУ ТАРИХЫНЫҢ АҚТАҢДАҚТАРЫ

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «История и культура Атырау в русских источниках» атты көп томдық деректер жинағының І томының тұсаукесер рәсімі өтті. Жаңа кітап Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған. 

Continue Reading

ЫНТЫМАҚҚА БАСТАҒАН ҚАДАМ

Бейбітшілік пен келісімді, халқымыздың тұрақтылығын сақтау – маңызды мәселелердің бірі. Еліміздегі бірден-бір қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудағы басты мақсат осы саясатты жүзеге асыру еді. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Береке басы – бірлікте» тақырыбымен өткен «дөңгелек үстел» басына  жиналғандар да елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау жайында сөз қозғады.

Continue Reading

ІЗГІЛІККЕ ТОЛЫ ІСТЕР

Бүтін бір жылдың Қазақстан халқы Ассамблеясына арналуы елімізді мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достықты, ауызбіршілікті арттырып қана қоймай, халық арасында ізгілік, қайырымдылық істердің кеңінен қанат жаюына жол ашып отыр.

Continue Reading

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ – ӘР ТҰРҒЫНҒА!

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізгі мәнін түсіндіру, тұрғындарға медициналық, әлеуметтік, құқықтық қызмет көрсету, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында кеңестер беру, мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізу мақсатында «Менің Қазақстаным» пойызынан бөлек, «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» және «Жәрдем» пойыздары жолға шықты. Сапар барысында барлық әлеуметтік топтар қамтылады, тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, еліміздің алыс аймақтарында орналасқан елді мекендер тұрғындарына көмек көрсетілуде. Ең бастысы, акция аясында алыс бекеттердегі тұрғындар өз ісінің шеберлерінен көмек алатын болады.

Continue Reading