Биыл – Ассамблея жылы

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛМІЗ

Осыдан жиырма жыл бұрын тәуелсіз Қазақстан тарихында тың құрылым дүниеге келді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы  елдегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған еді.  Жиырма жыл ішінде Ассамблея еліміздегі 130-дан астам ұлт өкілдерін бір мақсат, бір мүддеге тоғыстырған біртұтас халыққа айналдырды. Келісім формуласы саналатын бірегей институттан қазір әлем үлгі алуда. Демек, биылғы жылдың тұтастай Қазақстан халқы Ассамблеясына арналуында да көреген саясат жатыр.

Ал, атаулы жылға арналған республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі шаралар бұл датаның мән-маңызын одан әрі арттыра түспек. Тұңғыш рет облысымызда құрылған «Атырау-Ақпарат» ЖШС базасындағы Атырау коммуникациялар қызметі де алғашқы жұмысын осы Ассамблея тақырыбында ұйымдастырылған брифингтен бастады. Жергілікті және Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосқан ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінің Атырауда өткен баспасөз мәслихаты Ассамблея жылы атқарылатын іс-шараларға арналды.

Читать далее »

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТІП…

«Бірлігі жарасқан ел озады» деген тақырыппен облыстық «Атырау» газеті ұжымы ұйымдастырған «Дөңгелек үстел» материалын (№18, 17 ақпан, 2015 жыл.) оқи отырып, терең ойға қалдым. Шындығы сол, қарапайым тұрғындар Ассамблеяның қандай құрылым екендігін біледі, бірақ, оның біздің қоғамға қаншалықты қажеттілігін, оның атқаратын рөлін терең түсіне бермейді. 

Читать далее »

БІР ОТАН, БІР ТАҒДЫР

Елдік пен бірліктің темірқазығына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясына тұтас жылдың арналуында зор мағына жатыр. Осы тақырыпта облыстық «Атырау» газетінің атаулы жылға орай «Дөңгелек үстел» ұйымдастыруын өз басым құптаймын.

Читать далее »

ЖАЛҒАСҚАН ЖАҚСЫ ДӘСТҮР

Ел ішіндегі ұлтаралық татулықты нығайтуда маңызды конституциялық орган болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының орны айрықша екенін атап өткен жөн. Ассамблея – бейбітшілік пен келісімді тиімді насихаттаушы қоғамдық институтқа, этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің негізіне айналды.

Читать далее »

ЖАН-ЖҮРЕКТІ ЕЛЖІРЕТКЕН…

Қазақ жерін мекендеген халықтардың ынтымағы мен достығын, бірлігі мен біртұтастығын ұйыстырған теңдесі жоқ институтының биыл аталып өтілетін 20 жылдық мерейтойына орай Жылыой аудандық орталық кітапханасында «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы ролі» тақырыбында дидарласып, пікір алмасқан танымдық кеш өтті.

Читать далее »

«ҚАЗАҚ БОЛМАСА, БІЗ ҚАЙТЕР ЕДІК»

Жүздеген ұлт пен ұлысты бауырына басқан қазақ – бейбітшіліктің бесігін тербеткен халық. Бір тілім нанды бөліп жеп, тірлік еткен өзге ұлттың баласы мұны жасырмайды. Қазір «қазақ болмаса, қайтер едік» дейтіндері көп. Ал, ырыстың алдын ынтымақ еткен еліміз егемендігін алғалы тіптен түледі. Бүгінгі тәуелсiз Қазақ елiнiң қарыштап дамуы мен тұрақтылықтың кепiлi де - ішкi бiрлiк пен ұлтаралық келiсiм. Әсiресе, бұл жаһандану дәуiрiнде, әлемде тыныштықтың тұнығы лайлана бастаған сәтте өте қажет-ақ. «Салам» дағыстан этномәдени бірлестігінің төрағасы Мұса Алишаевпен болған әңгімеміздің төркіні де елдегі ынтымақ, тұрақтылық төңірегінде өрбіді.

Читать далее »

ДӘРІСТЕРДЕ – ЭТНИКА ТАҚЫРЫБЫ

«Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары құрылған барлық жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енді «этникалық толеранттылық» туралы жаңа дәрістер енгізілетін болады» деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Читать далее »