2015 – Ассамблея жылы

ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛIСIМ: МЕЖЕ МЕН МҮМКІНДІК

Еліміздегі 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің  мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, төзімділік, бірлік және конфессияаралық келісім идеяларын насихаттау – биылғы жылдың басты талабы. Осы мақсатта Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанынан Қазақстан халқы Ассамблеясының институты құрылды. Жоғары оқу орындары арасында тұңғыш рет ашылған институттың бүгінде жаңалығы да аз емес.

Читать далее »

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ» БЕЙБІТШІЛІККЕ БАСТАЙДЫ

«Қазақстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар». Осындай тақырыппен Парламент Мәжілісі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай халықаралық конференция ұйымдастырды. «ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, айтулы шарада елімізді ұлтаралық тұрақтылықпен қамтамасыз етуге, көпұлтаралық және көпдінаралық қоғамның өркендеуіне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан зор үлесі жан-жақты сараланды.

Читать далее »

КОРЕЙЛЕРДІҢ «ТӨРТ ҮСТЕЛІ»

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих мамандығы студенттері жуырда республикалық олимпиадаға қатысып келді. 23 команда ішінен үшінші орынды еншілеп қайттық. Бізге олимпиаданың үшінші бөлімі ерекше әсер сыйлады.

Читать далее »

«КЕҢ БОЛСАҚ, КЕМ БОЛМАЙМЫЗ»

Біз бүгінде бірлігі бүтін, беделі биік мықты мемлекетке айналып отырмыз. Мұндай мәртебе биігіне ең алдымен ауызбіршілігіміздің арқасында қол жеткіздік. «...Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді халқымыз. Бұл орайда түріне, дініне, тіліне де қарамастан сан алуан ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астына біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясының алар орны айрықша. Осыдан жиырма жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Ассамблея бүгінде маңызды мақсаты бар іргелі құрылымға айналды.

Читать далее »

«ҰЛТЫМ ШЕШЕН БОЛСА ДА, ЖАНЫМ – ҚАЗАҚ»

Қазақстанның көп ұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы.  Қазақ қашан да бауырмал болды. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «өзге ұлттардың бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. 

Читать далее »

ТАРИХ ТАБЫСТЫРҒАН, ТАҒДЫР ТОҒЫСТЫРҒАН

Атырау өлкесінің тарихы айтулы оқиғаларға  толы. Біздің аймақ - көне тарихтың, туған жері мен халқының бостандығы жолында,  тәуелсіздік үшін басын қатерге тіккен бабалар ерлігінің куәгері. 

Читать далее »

«МЕНІҢ ОТАНЫМ – БАҚЫТТЫ МЕКЕНІМ»

- Анарбек Нодиярұлы, қазақшаға судай ағып тұрсыз, Қазақстанға қай жылдары келіп едіңіз?

- ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға ұйғырлар мен дүнгендер, Столыпин реформасы кезінде орыс пересе­лен­дері, отызыншы жылдары корейлер, Ұлы Отан соғысы жылдары Сол­түстік Кавказ халықтары, қалмақтар, Ресей немістері қоныс аударды. Олар Қа­зақ­станды екінші Отаным деп бі­леді. Десек те, менің ата-бабам Қазақстанға 1870 жылдары ұйғырлар жер аударылмастан бұрын келген. Әкем айтып отырушы еді «Жер ауып келгендерді әр елді мекенге бөлгенде   мүлік, азық қоры мүлде болмаған. Осындай кезде елде өздері әзер күн көріп отырған жергілікті тұрғындар зорлықпен көшіп келгендерге қолынан келген барлық көмегін аямады» деп. Бүгінде Елбасының сали­қалы саясатының арқасында, жергілікті ұлт өкілдерінің қонақжай мінезінің, табиғи болмысының, даласы қалай кең болса, жүрегінің де солай кең болуының, бітімгершілік  қасиеттерінің  молдығының арқасында ұлтаралық келісім, татулықта келең­сіздік бола қоймады. Түрлі тағдырмен келген өзге ұлт өкілдері Қазақстаннан тұрақты мекен тапты, өзінің Отаны деп есеп­теді.

Читать далее »

БЕЙБІТШІЛІК ФОРМУЛАСЫ

Төрткүл әлем түгел көз тігіп отырған Астанада өтуі тиіс «норманд форматындағы» кездесу белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Ресей, Германия, Украина мен Франция Президенттері қазақ жерінде белгілі бір деңгейдегі келісімге келеді деп күтілген бұл саммиттің Украинаның ел ретіндегі болашағы үшін де, Азия мен Еуропа үшін де маңызы зор еді. Бірақ, әзірге қай мемлекеттің де өзара мәмілеге келуге байланысты нақты ұсыныстары мен қадамдары, ендігі ұстанатын саяси-экономикалық бағыттары түпкілікті шешілмегенге ұқсайды.

Читать далее »

ҰЙҒЫР ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ТӨРАҒАСЫ АНАРБЕК НОДИЯРОВ: «МЕНІҢ ОТАНЫМ – БАҚЫТТЫ МЕКЕНІМ»

- Анарбек Нодиярұлы, қазақшаға судай ағып тұрсыз, Қазақстанға қай жылдары келіп едіңіз?

- ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға ұйғырлар мен дүнгендер, Столыпин реформасы кезінде орыс пересе­лен­дері, отызыншы жылдары корейлер, Ұлы Отан соғысы жылдары Сол­түстік Кавказ халықтары, қалмақтар, Ресей немістері қоныс аударды. Олар Қа­зақ­станды екінші Отаным деп бі­леді. Десек те, менің ата-бабам Қазақстанға 1870 жылдары ұйғырлар жер аударылмастан бұрын келген. Әкем айтып отырушы еді «Жер ауып келгендерді әр елді мекенге бөлгенде   мүлік, азық қоры мүлде болмаған. Осындай кезде елде өздері әзер күн көріп отырған жергілікті тұрғындар зорлықпен көшіп келгендерге қолынан келген барлық көмегін аямады» деп. Бүгінде Елбасының сали­қалы саясатының арқасында, жергілікті ұлт өкілдерінің қонақжай мінезінің, табиғи болмысының, даласы қалай кең болса, жүрегінің де солай кең болуының, бітімгершілік  қасиеттерінің  молдығының арқасында ұлтаралық келісім, татулықта келең­сіздік бола қоймады. Түрлі тағдырмен келген өзге ұлт өкілдері Қазақстаннан тұрақты мекен тапты, өзінің Отаны деп есеп­теді.

Читать далее »

«ДОСТЫҚ – БІЗДІҢ ТУЫМЫЗ!»

Президент Жарлығымен 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Бүтіндей бір жылды Ассамблеяға арнаудың себебі не? Осы бастамалардың мән-маңызы жайында Қазақстан халқы Ассамблеясының Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Еркін ҚАДЫРҒАЛИЕВПЕН тілдескен едік.

Читать далее »