Қоғамдық көлік: күнгей мен көлеңке

Аймақ басшысының қатысуымен өткен қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов республиканың бізден басқа ешбір қаласында оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүрмейтіндігін айтты. Сайып келгенде, бұл – жолаушы тасымалымен шұғылданатын мекемелердің тендерге қатысқанда мойнына алған міндеттемесі. Олардың шығынын өздерінен басқа ешкім де өтеп жатқан жоқ.

Continue Reading

Кәсіпкерлерге – жедел несие

Атыраулық кәсіпкер әйелдер үшін жағымды жаңалық бар. Яғни, алдымыздағы шілдеден бастап «Даму-Блиц» технологиясы аясында «жедел несиелер» берілмек. Енді аймақтық қаржыландыру арқылы екінші деңгейлі банктен қарыз алу үшін біраз уақыт күтіп, әуре-сарсаңға түсудің қажеті жоқ. Жаңа бағдарламамен несие беру мен құжаттарды рәсімдеу небәрі бір апта ішінде қаралады. Жылдық мөлшерлеме шамамен 8,5 пайызды құрамақ. Бұл туралы өңірлік […]

Continue Reading

Салық саясаты – жаңа кезеңде

Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының ұйымдастыруымен Атырауда «Салық саясаты және әкімшіліктендіру: жаңа тәсілдер» тақырыбында республикалық конференция өтті. Осы форумға қатысу үшін мұнайлы астанаға  Энергетика, Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму вице-министрлері, сондай-ақ, мемлекеттік кірістер комитеті мен өзге де  республикалық ведомостволардың өкілдері келді. Конференция жұмысына Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатысты.

Continue Reading

Атырауда мемлекеттік рәміздер күні тойланып жатыр

Атырауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің алғаш бекітілгеніне 25 жыл толуына орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Орталық алаңда өткен салтанатты шарада облысқа белгілі әншілер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Continue Reading

Жандарбек МӘЛІБЕКОВ: «Елтаңба – елдігімнің бір белгісі»

– Мемлекеттік рәміздердің қабылдануы – тарихи оқиға. Шот-Аман Уәлиханов екеуіңіздің есіміңіз бүгінде Елтаңбамен егіз ұғымға айналды десек те болады. Осы бір тарихи кезеңді еске алып, өткенге шегініс жасасақ…

Continue Reading