АПТА: түйін

120 жас отбасына «Жас отау» бағдарламасымен жаңа пәтер берілді

Баспана қуанышы

Кеше атыраулықтар тағы бір жағымды жаңалықтың куәсі болды. Нұрсая мөлтекауданында «Жас отау» өңірлік бағдарламасы бойынша жас отбасыларға арналып салынған бес қабатты 120 пәтерлік үй тапсырылды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатысты.

Читать далее »

Нұрлан Ноғаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы кеңсесінің басшысын қабылдады

тиімді келіссөз

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Агрис Прейманисті қабылдады. Кездесу барысында қос тарап та тиімді келіссөздер жүргізуге мүдделілігін жеткізді.

Читать далее »

Марат ЖЫЛАНБАЕВ: «Алдыма мақсат қойсам, жетпей қоймаймын»

ЕАС 016

Ол – есімі жеті мәрте Гиннестің рекордтар кітабына жазылған жалғыз қазақ. Адам мүмкіндігінің шексіздігін өз ісі арқылы дәлелдеп, шамамен 160 мың шақырымды жүгіріп өткен желаяқ. Әлемге әйгілі шөл далаларды шарлап, шашасына шаң жұқтырмаған спортшы. Ол туралы талай әңгіме-әфсаналар айтылған. Аты аңызға айналған марафоншы Марат Жыланбаев қазір қайда? Немен айналысады? Атырауға сапары барысында атышулы спортшымен аз-кем тілдесудің мүмкіндігі туған болатын.

Читать далее »

Атырауда жазғы демалыс лагері ашылды

«Жазғы мектепте» бәрі бар

Оқу жылы аяқталысымен ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесі толғандырады. Қазір жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің алуан түрі бар. Десек те, оқу мен тәрбиені, шығармашылық ізденіс пен сауықтыруды өзара ұштастыру арқылы оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттыратын заманауи орталықтар саусақпен санарлықтай. Осы орайда биыл «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының қолдауымен  Назарбаев Зияткерлік мектебінде ашылған жазғы демалыс лагерін ...

Читать далее »

Қате жасалған құжаттар

__ате жасал__ан ____жаттар

Атырау ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен тексеру комиссиясының аудит барысында заң бұзушылықтар мен кемшіліктерге кезігіп жататыны жасырын емес. Сол себепті олар облыс әкімінің тапсырмасы бойынша әр сала қызметкерлеріне іс барысын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алған.

Читать далее »

Латын әліпбиі – тіл реформасының бір сатысы

2545db9834870958ff8c0abed993b552

Рухани жаңғыру аясында жүзеге асуы тиіс негізгі мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу. Атырау қаласындағы №1-орталық кітапханада өткен «дөңгелек үстел» басында аталған тақырыпқа қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыға салынды.

Читать далее »

Атыраудағы тағзым ету шарасына саяси себеппен қудаланған үш боздақтың ұрпағы келді

Ed--beOOLeA

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қаладағы мемориалдық тақтаға барып, гүш шоқтарын қойып, тағзым етті.

Читать далее »

Бала құқығын кім қорғайды?

Кезекші бағанасы

Әдеттегідей өтіп жатқан қауырт күндердің бірі. Жұмыс аяқталған соң, үйге қайтпақ болып аялдамаға қарай аяңдадық. Тұсауын жаңа кескен баладай тәй-тәй басып, зарықтырған «екінші» автобус та сабырлығымыз үшін берілген сыйдай келе қалды. Бірақ, кондуктор келіншек жүгіріп келе жатқан мектеп оқушысын көргенде, әлгі көлікке «қанат» бітіп шыға келмесі бар ма?!

Читать далее »

Еңбектің мәңгі ұмытылмас естелігі

Е__бект¦__ м____г¦ __мытылмас естел¦г¦

Биыл жиырма жылдығын тойлағалы отырған «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамында өндірістің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан жандардың есімін кейінгі ұрпаққа үлгі ету дәстүрі қалыптасқан. «Кеңқияқ-Атырау» магистральды мұнай құбырының 663-шақырым мұнай айдау станциясының тарихы тағы бір елеулі оқиғамен толықты. Аталмыш нысанға елімізге белгілі мұнай құбыршысы, ғалым Нұрибек Шмановтың есімі беріліп, ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға ірі кәсіпорын жетекшілерімен қатар, аймақ басшылығы мен сала ардагерлері ...

Читать далее »