АПТА: түйін

Қысым көрсеткіш құрылғысы енді Атырауда шығарылады

Кеше Тәуелсіздік күніне орай Атырауда көрсеткіш құрылғысын (датчик) шығаратын құрастыру желісі пайдалануға берілді. «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ мен «Schneider Electric» компаниясы ынтымақтастығының нәтижесінде ашылған өндіріс орны – Қазақстанда жүзеге асырылған тұңғыш жоба. Бұл аймақтағы цифрлы технологияның дамуына, озық құрылғылардың келуіне жол ашады. Тұсаукесер рәсіміне облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, сөз сөйледі. «Қазмұнайгаз» ҰК-ның басқарушы директоры Нұртас Шманов пен еңбек ардагері Зинон ...

Читать далее »

Құрманғазыда қағаз шығарылады

Алыстағы Құрманғазы ауданы ата-кәсіп, мал шаруашылығын өрістетуде жоғары көрсеткіштерге ие. Атырау өңіріндегі ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып отырған аталған аймақта таяуда тың жоба қолға алынбақшы. Инвесторлар қаржысына салынатын жаңа кәсіпорын қағаз шығарады. Ауданның ағымдағы жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігіне қатысты өзге де сауалдарға жауап берді. Су – ...

Читать далее »

Бар жақсылығым желтоқсаннан басталған…

Ел тәуелсіздігінің қалай келгенін қазақстандықтар өте жақсы біледі. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында қаншама игілік жүзеге асты десеңізші. Ал, менің өміріме қатысты жағымды жаңалықтың бәрі де  желтоқсан айында жүзеге асыпты. Сонау 1991 жылдың желтоқсанында Алматыда өткен Тайсойған полигонын жабу жөніндегі тікелей эфир – теле-акцияға қатысып, сөз сөйледім. Сол кездегі республикалық «Қазақстан әйелдері» журналының бас редакторы Алтыншаш Жағанова өз ...

Читать далее »

Атырауда жаңа мамандандырылған ХҚКО ашылды

Жаңа нысан Атырау-Астрахан тас жолының бойында 4 га аумақта орналасқан, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.  Мамандандырылған ХҚКО ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. -Бүгінде аймақтағы барлық салада цифрландыру мемлекеттік бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асуда. Енді автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет цифрлы үлгіде көрсетіледі. Бұл үрдіс қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығына оң ықпал етері анық, – деді Нұрлан Ноғаев нысанның ашылу ...

Читать далее »

Қазақы той: оны қалай қалыптастырамыз?

Әрбір отбасы үйде болатын ерекше қуанышын көпшілікпен бірге атап өтуге үлкен мән беретіні анық. Бірнеше ай дайындалып, шақырылған қонақтарға сый-құрметіңді көрсету жолында бар ынта-жігеріңді саласың. Демек, «Тойдың болғанынан, болары қызық» деген нақыл сөз әлі де мәнін жойған жоқ. Осы орайда, той өткізудің белгілі бір шарты немесе жазылған нұсқауы болмаса да, бұрынғы ата-баба салтымен уақытылы жаңарып, жалғасын тауып келе жатқаны аян. ...

Читать далее »

Медициналық сақтандырудың тиімділігі неде?

Елбасы тапсырмасымен қолға алынған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың маңызы қандай? Оның тиімділігі неде? Жарнаны кім, қалай төлейді? Осы және өзге де сауалдар аясындағы мәселелер «Atyraý» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясында ұйымдастырылған «дөңгелек үстелге» арқау болды. Мемлекеттің негізгі байлығы саналатын ұлт денсаулығын сақтаудағы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысын талқылауға арналған басқосуға аталған газеттің бас редакторы Исатай Балмағамбетов модераторлық етті. Ашық пікір ...

Читать далее »