АПТА: ТҮЙІН

Алғашқы дәрігерлік жәрдем алдымен кімге тиесілі?

Денсаулық

Жазатайым жағдайға тап болсақ та, басымыз ауырып, балтыр сыздай қалса да «жедел жәрдемнің» көмегіне жүгінуді жөн санаймыз. Аты-жөнің мен нақты мекен-жайды ғана сұрайтын шақыртуды қабылдаған дәрігерлердің енді қоңырау шалушыға қояр сауалы көбейе түспек. Өйткені, ендігі жерде түскен шақыртулар төрт топқа бөлінеді.

Читать далее »

Тастарда таңбаланған тарих

ТАСТАРДА ТАҢБАЛАНҒАН ТАРИХ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты  мақаласында Отан тарихында бұрын-соңды қолға алынбаған жаңа бағдарламалар мен жобаларды атқаруды ұсынды. Әрине, оның ішінде тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мен зерделеу бағытында «Туған жер» бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы біз үшін ерекше.

Читать далее »

Серік ҚАДЫРОВ: «Креатив жетіспей жатыр»

лКреатив жет¦спей жатыр¬

«Еліміздің келешегі – жастардың қолында». Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бір сөзі жастарымызға жүктеліп отырған жауапкершілік жүгінің зор екендігін айқын көрсетеді. Қазіргі таңда оларға білім мен тәрбие беру  және әлеуметтік тұрғыда  барлық жағдай қарастырылып отыр. 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыровпен сұхбаттасқан болатынбыз.

Читать далее »

Болашақ кілті – білікті жастарда

Болаша__ к¦лт¦ Ц б¦л¦кт¦ жастарда

Бұл мақаланың әр сөзі мен әр жолын терең түсіну мақсатында бірнеше мәрте оқып шықтым. Бұл жолы да Президент өз көрегенділігін таныта білді. Терең мағыналы сөздермен көңілдерге дем беріп, өзекті мәселелерді шешудің нақты жолдарын көрсеткен. Маңыздысы да сол.

Читать далее »

Жөнделіп жатқан мектептер жаңа оқу жылына дайын бола ма?

Журналист жолға шықты

Атырауда заман талабына сай, сәулеті мен сапасы жарасқан ғимараттар көптеп салынуда. Десек те, іргетасы сөгіліп, әбден тозығы жеткен апатты жағдайдағы мектептер әлі де жоқ емес.

Читать далее »

Электр қуатынан ажырату реті

i

Қазіргі кезде өңірде энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші кәсіпорындардың тұтынушыларды электр энергиясын пайдаланғаны үшін төлем өтемегені бойынша алдын ала хабарламай, электр энергиясынан ажырату оқиғалары орын алуда. Келешекте мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында және қолданыстағы қағида талаптарына түсінік беруді жөн көрдік.

Читать далее »

Жайбасар пойыз жолаушылар ренішін туғызып отыр

Қапырық вагон, жайбасар пойыз

«Жол азабын жүрген білер» демекші, ми қайнатар ыстықта сапарға шығу оңай емес екені белгілі. Сынап бағанасы +40, 43 градусты көрсеткен кезде, әсіресе, теміржолмен қалаған жеріңізге жетудің өзі қиын болып тұрған жайы бар. Оның басты себебі – қанша айтылса да шешімін таппаған тозығы жеткен салқындатқышсыз вагондар, кассадағы кезек, әрбір стансаға сағаттап тұратын пойыздар. Бүгінгі күннің ащы да болса шындығы – осы…

Читать далее »