АПТА: түйін

Көшпелі емхана қажет пе?

Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі, еңбекке деген құлшынысы мықты келеді. Аталарымыздың «Дені саудың – жаны сау» деуі де осыдан. Еліміздің ертеңі мен көркеюі, сөз жоқ, салауатты өмір салтын сақтауда. Осыған орай №2 емхана ұжымы облыс орталығындағы «Байзар» сауда үйінде «Өзіңіздің қант деңгейіңізді және қан қысымыңызды анықтаңыз!» атты акция өткізді.

Читать далее »

Төлеген Айбергеновтің Атырауға сапары туралы ақиқат не дейді?

Сонау ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ өлеңіне дауылдата еніп, ақ жаңбырдай селдетіп өте шыққан Төлеген ақынның есімі халықтың аруана-бауыр дүниесімен әлдеқашан бірігіп, біте қайнасып кеткен. Отыз жасында қыршынынан қиылған қыран ақын Айбергенов поэзияда  өз қолтаңбасын қалыптастырып қана қоймай, ғасырлар тасқынына мұқалмайтын, мүжілмейтін ғажайып жыр мұнарасын тұрғызды.

Читать далее »

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына – 95 жыл

Ембілік мұнайшылар төл мерекеге үлкен табыспен жетіп отыр.  Биыл компания ірі жоба – Прорва кен алаңындағы ілеспе газды күкірттен тазарту қондырғысын іске қосты. Арнайы қондырғының жылына 150 млн. текше метр газ өңдеуге мүмкіндігі жетеді. Бұл бастама жаңа барлау ұңғымаларын бұрғылауға, өнім өндіру көрсеткішін арттыруға оң әсерін тигізеді. Кәсіпорынның бұдан басқа да жаңалықтары мен тың бастамалары аз емес. «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының ...

Читать далее »

Өткен жылы Өзбекстан азаматтары Атыраудан еліне 750 млн. тенге аударған

Қолымыздағы деректерге қарағанда, өткен жылы Өзбекстанға Атыраудан пошта арқылы 750 млн. теңге аударылыпты. Ал, өздерімен бірге ала кеткендерін қосқанда бір миллиардқа жақындайтын шығар.  Сонда осынша ақшаны өзіміз ұқсатпай, өзгеге ұсынатындай күйге қалай жеттік?

Читать далее »

Қазақ баласы неге ойыншыққа жарымайды?

Шындығында қазақ баласының ұлттық ойыншығы қайсы, осы? Тіпті болып па еді дерсіз? «Болды» дер біреулер, «болмады» дер екіншілер. «Болды» дейтіндер ұлттық ойыншығымызға нені балайды? Бәлкім, олар алдымен, асықты еске түсіретін шығар. Өйткені,  «асық ойнаған азар…» дейтін құлаққа әбден сіңісті болған нақылды  қанша естісе де бұрын ауылдың қарадомалақтары арасында асық ойнамағандар кемде-кем шығар.

Читать далее »

Қанат АЙТБАЕВ, әнші, композитор: «Димашқа үлкен тосын сый жасадым»

Қытайдың «Мен әншімін» байқауында бақ сынаған Димаш Құдайбергеннің есімі бүгінде әлемді шарлап кетті. Небәрі 22 жасында әлемдік сахнаны бағындырып үлгерген талантты жасты өнер бәйгесіне баптаған әкесі Қанат Айтбаевпен арадағы сұхбат оқырман көкейінде жүрген көптеген сауалдарға жауап берді.

Читать далее »