Мәңгіліктің символы

Сонау Қазақ хандығы дәуірінен бастау алатын еліміздің өткенін саралап қарағанда, қатпарлы тарихтың сан парағынан талай оқиғаларды тізбек-теуге болады. Мәселеге елдік, ұлттық сана тұрғысынан қарасақ, жаңа дәуір көкжиегінде еліміздің ресми түрде тәуелсіз мемлекет атануы – тарихи жеңіс. Осы ретте мемлекеттік рәміздердің – Ту, Елтаңба және Әнұранның қабылдануы, жаһандық геосаяси карта сызбасына дара мемлекет ретінде өзгеріс енгізген […]

Continue Reading

Туымыз төмен түспесін

Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздері ұлттың бірегейлігі мен ұлылығын көрсетеді. Бабаларымыздың ежелгі тасқа ойып жазған таңбаларынан тудың белгілерін байқауға болады. Егемендік – қаншама заманнан бері ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, талай батырларымыздың білектің күші, найзаның ұшымен қорғаған, жан алысып, жан берісіп жеткен асыл мұраты. Өкінішке қарай, тексеру қорытындысында тиісті заңнамалық талаптар сақталмайтын жайттар да кездеседі. Кейбір мекеме ғимараттарында […]

Continue Reading

Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Биыл рәміздеріміздің ресми түрде таныстырылғанына 26 жыл толды. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет […]

Continue Reading

Біздің әріптестер байрағы

Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тыныс-тіршілігін жоғары кәсібилікпен жарыққа шығарып, қоғамдық сананы қалыптастыруға үлес қосып жүрген журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты байқау жариялаған болатын. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын сараптап, бағалап қорытындысын Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз клубында өткен жиында жария етті. Қоғамның өзекті мәселелеріне жұртшылықтың […]

Continue Reading

Атырауда музыкалық оркестрлер шеруі өтті (ФОТО)

Атырау көшелеріндегі жаппай музыкалық шеруге 4 мыңға жуық бала қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Музыкалық оркестрлер шеруі Д.Нұрпейісова атындағы академиядан басталып, Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда аяқталды. Бұл жерде шара қонақтарына балалар мен жастар шығармашылық ұжымдарының театрландырылған қойылымдары көрсетілді. Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованың айтуынша, музыкалық оркестрлер шеруі Астананың 20 жылдық мерейтойына […]

Continue Reading

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өседі

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов мәлімдеді. – Атырау облысының мемлекеттік қызметшілерінің  жалақысы 2,5 есеге  ұлғаяды. Осы жылдан бастап, пилоттық жоба аясында   аймақта мемлекеттік қызметшілерге сыйақы берудің жаңа жүйесі енгізілді. Яғни, бонустар  мемлекеттік саясатқа сәйкес үш тілді білуді қамтиды. Бұдан бөлек  […]

Continue Reading