АПТА: түйін

«Өткенің – көрген түс емес»

«Өткенің – көрген түс емес»

Биыл Алаш автономиясының құрылғанына 100 жыл және саяси қуғын-сүргінге 80 жыл толып отыр. Осыған орай Батыс Алаш-Орда құрылымының тарихын, ондағы белгілі тұлғалар мен қатардағы қаһармандарының өмірбаяндарын зерттеу, Алаш идеяларын бүгінгі заман талаптарымен үндестіру қай кездегіден де көкейкесті мәнге ие болып отыр. Төменде жарияланып отырған мақаланың авторы –  белгілі эссеист-жазушы, өлкетанушы, Атырау жерінің тумасы Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ өзінің ұзақ жылдар археографиялық және ...

Читать далее »

Ардагер ұстаздарға – айрықша құрмет

Тағылым

Атырау қалалық білім бөлімінің бастамасымен және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Крупская атындағы №18 орта мектепте ардагер ұстаздар-ға арналған Наурыз мерекесі өтті. Оған қала мектептерінен сексенге жуық ұстаз шақырылды.

Читать далее »

Атырауда ұлттық дәстүр ұлығыланды

басты жаналык

Ұлыстың Ұлы күнін бүкіл Алаш жұртымен бірге Атырау халқы да «Исатай-Махамбет» алаңында ерекше сипатта тойлады. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев салтанатты шарада тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, елге бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тіледі.

Читать далее »

Көрнекті қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың туғанына – 90 жыл

атыраудың ардақтылары

Киелі Атырау топырағында талай тарлан дүниеге келді. Олар ел басқару ісінде, әдебиет пен өнерде, спортта туған жерінің атын алысқа таратқан, есімдері жалпақ жұртқа аян болған. Сондай жайсаң жандардың бірі – үстіміздегі жылы туғанына 90 жыл толатын, белгілі партия және қоғам қайраткері Саламат Мұқашев.

Читать далее »

Кәсіпкерлікке – кең өріс

ақпарат ағыны

Қазіргі таңда облыстағы алты жүзге жуық сотталған азаматтың 360-тан астамы еңбекке жарамды. Соның ішінде 47 пайызға жуығы жұмыспен қамтамасыз етілді. Олар полиграфия, қолөнер, тұрмыстық бұйымдарды және қағаз пакетін шығарып, тігін цехтарында қызмет етеді. Жуырда «Атырау» мәдени орталығында өткен көрмеде, негізінен, бас бостандығынан айырылған азаматтардың қолынан шыққан дүниелер назарға ұсынылды.

Читать далее »