АПТА: ТҮЙІН

ПАРАСАТҚА ЛАЙЫҚ «ПАРАСАТ»

%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%82

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік марапатқа ие болды.

Читать далее »

Ардагерлерге – алдымен құрмет

%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5

Мемлекеттің қалыптасуына, ел егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бір топ азамат  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Читать далее »

Ақын атындағы ауданда

____%d0%bd%d0%b0%d1%80%d0%bb%d1%8b-%d0%b0%d0%b9%d0%bc%d0%b0____%d0%b0-____%d1%82-__%d0%be%d0%bd%d0%b0%d0%b4%d1%8b

Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тарихында Махамбет ауданы жаңа кейіпке енді. Заманауи технологияны жетік түсініп, ұтымды қолдана білген шаруагерлер өнімдерін еселеуде. Ал, жергілікті халықтың отандық тауарды ұсынған кәсіп иелеріне айтар алғысы көп. Аймақ басшысының Махамбет ауданына сапары барысында айтылған тапсырмаларының басым бөлігінің орындалуы да қарапайым жұртшылыққа оң әсерін тигізгені сөзсіз. Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте егемендік жылдары қол жеткізген жетістіктермен қатар, ...

Читать далее »

Алаш ақыл-ойының алыбы

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba

Атырауда Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қар-саңында облыс әкімдігінің қолдауымен,  облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйым-дастыруымен  Қазақстан  Республикасы  Гимні авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің бірінші республикалық байқауы өткізілді.

Читать далее »

«Қашаған – ғажап оқиға!»

0

Апта ішіндегі басты жаңалық «ғасыр жобасы» атанған Қашаған тұсауының ресми түрде кесілуі болды. Қазақстан ғана емес, күллі әлем көз тігіп отырған кен орнының ашылуына қатысу үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға арнайы келді.

Читать далее »

«Қашаған – Қазақстан болашағының игілігі»

%d2%9b%d0%b0%d1%88%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0%d1%88%d0%b0%d2%93%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b8%d0%b3%d1%96

Мұнайлы аймаққа сапары барысында Мемлекет басшысы Салтанат сарайында өткен жиынға қатысты. Телекөпір арқылы облыста жүзеге асып жатқан төрт мұнай-газ жобасымен танысып, олардың жұмысына сәттілік тіледі.

Читать далее »

Ел тәуелсіздігі мерекесіне – ең сапалы жанармай

%d0%b5%d0%bb-%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%b3%d1%96-%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%96%d0%bd%d0%b5-%d0%b5%d2%a3-%d1%81%d0%b0%d0%bf%d0%b0

Бұл Атырау мұнай өңдеу зауытында дайындалады Астана қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дәстүрге айналған Жалпыұлттық телекөпір өтті.  Отандық кәсіпкерлердің төл мерекесі Индустрияландыру күніне арналған шара барысында жиырма үш жобаның тұсауы кесілді. Президент телекөпір режімінде жаңа нысандарды іске қосып, индустрияландыру аясындағы жобалар құрылысының басталуына белгі берді. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылындағы индустриялық дамудың негізгі кезеңдеріне арналған фотосурет көрмесін тамашалады.

Читать далее »

Жылыойдағы жарқын мереке

%d0%b6%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d0%be%d0%b9%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d2%9b%d1%8b%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында бастау алған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты республикалық мега-жоба эстафетасы сейсенбі күні Жылыой ауданында жалғасын тапты. Мақаттықтар жолдаған эстафета шеруін аудан әкімі Мақсым Ізбасов бастаған жылыойлықтар зор құрметпен қарсы алды.

Читать далее »