«МЕН КӨРГЕН АТЫРАУ» мультимедиалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Өткен аптада Атырауда ұйымдастырылған VII республикалық блогерлер құрылтайында ашық пікірлер айтылып, Әлішер Елікбаев, Ғалым Байтук, Мұрат Әбенов, Есен Елеукен, Алмас Тоқабаев, Сырым Әбдірахманов, Әнуар Нұрпейісов, Аршат Ораз, Маралбек Сағынғанов сынды өз ісінің кәсіби мамандары тәжірибелерімен бөліскен еді. Осы шараға орай «Атырау-Ақпарат» ЖШС «Мен көрген Атырау» мультимедиалық байқауын жариялаған болатын. Шығармашылық додаға Аршат Ораз, Алмас Тоқабаев, […]

Continue Reading

Атырауда жолдар мен үйлер жөнделеді

Ағымдағы жылы облыс орталығының 25 жеке тұрғын үй секторына асфальт жол салынып, табиғи газ құбыры тартылады, электр, ауыз су желісі және түнгі көше жарығы жүргізіледі. Бұған қоса, осы жылдың соңына дейін Атырау қаласында 21 көп  қабатты  үй тұрғызылып, пайдалануға беріледі.

Continue Reading

Жазушы Марат МӘЖИТОВ: «Құмның момақан шағылдарына ұқсайтын шығармын…»

Қалың оқырманға «Құм мінезі», «Құныскерей», «Тобанияз», «Аман-ғали» сынды тарихи туындыларымен  жақсы таныс  жазушы Марат Мәжитов 1942 жылы Тайсойған өңірінде дүниеге келген. Биыл 75 жасқа толып отырған қаламгермен туған елге сапарлап келген сәтінде емен-жарқын сұхбаттас-қан едік.

Continue Reading

Браконьерлікке қарсы күрес бойынша облыста тың іс қолға алынды

Бағалы балық қорын сақтау, браконьерлікке қарсы күрес бойынша облыста тың іс қолға алынды. Жаңа талап қуаты күшті қайықтардың айдын бетінде жүруіне тыйым салады. Осыған орай кезінде шыққан Үкімет қаулысын кеңінен насихаттау, түсіндіру мақсатында облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев бастаған ақпараттық топ Исатай ауданының Жанбай, Зинеден ауылдарында болып, жұртшылықпен жүздесті.

Continue Reading

Ақпарат кеңістігіне байланысты жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері жарияланды

Жергілікті халықтың 49,8 пайызы елдегі жаңалықтарды өңірлік және республикалық арналардан, 38,2 пайызы ғаламтор арқылы біліп отырады екен.  Бұл туралы әлеуметтік зерттеу нәтижелері туралы баяндаған Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева мәлім етті.

Continue Reading

ҰБТ: Сұрақ азайып, уақыт көбейді

Сол өзгерістер жөнінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов түсіндірме жұмыстарын өткізді. Түлектердің қорытынды аттестациясының өткі-зілуі және жоғары оқу орындарына  түсу ерекшеліктері туралы кеңінен түсіндірді.

Continue Reading