Кіндік шеше: Бүгінде мұндай атаққа кімдер ие болып жүр?

Ұлттық дәстүрге, салт-жоралғыға бай қазақ халқы ықылым заманнан бері кіндікті киелі санаған. Дүниеге жаңа келген сәбидің кіндігін кесуді өз алдына дәстүрге айналдырудың астарында да ұлттың ұлағаты жатса керек. Қазір біз сәбиді перзентханадан алып шыққан адамды «кіндік шеше» деп жүрміз. Асылында, кіндік шешенің міндеті сәбиді көтеріп шығумен шектелетін бе еді? Жалпы, «кіндік шеше» дегеніміз кім? Алты […]

Continue Reading

«Харекет» кезекті баспананы сыйға тартты

Біз де ауданымызда жүзеге асқан қордың сауапты ісіне куә болып қайттық. Бұл жолы олар отбасында үш бала тәрбиелеп отырған бір перзенті мүгедек жалғызбасты анаға Құрманғазы ауылынан баспана сыйлады. Бұған дейін тағдыр тауқыметін тартып, басынан біраз қиындықтарды өткізген Гүлнұр Қасымова 18 жыл бойы Атырау қаласында әркімнің босағасын паналап пәтер жалдап келген. Міне оны балаларымен ауданымызға аталмыш […]

Continue Reading

Жеті проценттік ипотека: «7-20-25» бағдарламасының басты өлшемдері қандай?

Бүгінгі  «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының бұрынғы құжаттардан айырмашылығы бар. Мұндағы сыйақы мөлшерлемесі 7 пайызды құрайды. Бастапқы жарнасы – 20 пайыз. Қарыздың мерзімі 25 жылға дейін есептелген. Өте тиімді жобаға халықтың сұранысы ерекше болып тұр.  Ұлттық банктің Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Серік Омаровтың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасына меншігінде жылжымайтын мүлігі жоқ еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. […]

Continue Reading

Теңіз жағасындағы түйіткілді мәселелер қалай шешіліп жатыр?

Сонымен, Атырауда балық шаруашылығы басқармасы құрылмақшы. Турасын айтқанда, мұндай мемлекеттік мекеме қажет-ақ. Әйтпесе, бүгінде балықшылар кооперативтері әрқайсысы өз бетімен тірлік кешуде. Ендеше, солардың басын біріктіріп, ортақ мақсатқа жұдырықтай жұмылдырса, жарасымы да сол емес пе?  Дотация Қазір экономиканың барлық дерлік саласына салынып жатыр. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке кең көлемде қолдау бар. Мұндай қамқорлықтан балықшылар да кенде қалмаған. […]

Continue Reading

VIP-нөмір: имидж бе, әлде дарақылық па?

Ауланың тарлығы қай кезде де анық байқалады. Қаз-қатар тізілген темір тұлпарлар арасымен жаяу жүргіншінің өтуі қиямет-қайым дерсіз. Түр-сипаты да бірінен-бірі өтеді: шетелдік, қазақстандық құрастырушылардың «өнімі». Солардың арасынан көршінің көлігі үнемі ерекшеленіп тұрады. Өйткені, оның нөмірі де өзгеше… Джип: Prada, Land Cruiser… Иә, қазір заман басқаша. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау біртіндеп ұмытыла бастағандай. Ерінбей еңбек етсеңіз, барлығына […]

Continue Reading

«Сыбағаға» – 40 миллион теңге

Алыстағы ауыл шаруашылығын алға бастыруда аймақ басшылығы кәсіпкерлердің алдына айқын міндеттер қойып отыр. Осы орайда салаға серпін беретін «2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын» ерекше атап өтуге болады.  Оның аясында жергілікті жерде етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған салалық бағдарламасы қабылданып отыр. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы Атырау филиалының директоры Гүлзада […]

Continue Reading