АПТА: ТҮЙІН

Дәрі-дәрмек неге тапшы?

pic3

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болды. Онда депутаттар «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы» облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиеваның есебін тыңдады. Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, өткен жылы бюджет есебінен халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтуға бөлінген қаражат игерілген. Биыл осы мақсатқа 3,7 млрд. теңге қаражат қарастырылды. Күні бүгін ...

Читать далее »

Атырау мен Астрахан арасындағы жолдың құрылысы қашан басталады?

Кеңес

Атырау мен Астрахан арасындағы жолдың құрылысы қашан басталады? Оның кешігуіне не себеп? Осы сауалға салалық министрдің өзі нақты жауап бере алмай отыр. Сейсенбіде өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев министрлерді құрылыс жобалары бойынша келіссөздерді ұзақ жүргізетіндері үшін сынға алды. Әсіресе, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке оңай болмағанға ұқсайды. – Бүкіләлемдік банктен қарыз алу туралы келісімді әлі мемлекеттік органдардың қабылдауы ...

Читать далее »

Жылыойдағы «Жарқыра» жобасы

Жылыойдағы «Жарқыра» жобасы-2

Кәсіпкерлерге арналған «Жарқыра» жобасы Атырау қаласы және Жылыой ауданындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешудің кәсіпкерлік жолдарын қамтамасыз етіп, тың инновациялық бастамаларға көмек көрсетеді. Бүгін біз солардың алғашқы, яғни, жылыойлық жеңімпаздары жөнінде әңгіме өрбітпекпіз.  Алғашқы кейіпкеріміз Нұрлан Шегиров – аталмыш бағдарламаның 2016 жылғы жеңімпазы. Ол Құлсары қаласында атпен қыдырту және сауықтыру орталығын ашты. Мақсаты – балалар мен ересектерді оңалту. Бұған ...

Читать далее »

Отандық білікті мамандар шетелдіктерді алмастыра бастады

c911414c11d92ba66c0d61833015d445

Өңірдегі ірі компанияларда жұмыс істейтін шетелдіктердің орнын отандық мамандар басып жатыр. Олардың білімі мен біліктілігін арттыруға айрықша маңыз берілуде. Осы ұстанымды жүзеге асыру, жергілікті кадрларды қайта дайындау мен кәсіби оқыту мақсатында НКОК қазірдің өзінде 260 миллион доллар жұмсады. «Сұңқар» бұрғылау қондырғысында бұрын барлық жұмыстың тетігін шетел асып келгендер ұстайтын. Қазіргі жағдай өзгеше. Мұнай өндірісіндегі күрделі операциялар отандық мамандардың күшімен жүзеге ...

Читать далее »

Тоғызқұмалақ: Атыраудағы ахуал қандай?

Тоғызқұмалақ-

Қазақ халқының көкпар, күрес, қыз қуу, теңге алу, жамбы ату тәрізді ұлттық ойындарының қатарында тоғызқұмалақ ойынының алар орны ерекше. Ол үлкен шыдамдылықты, шығармашылық ойлауды және өзін-өзі ұстай білуді талап етеді. Басқа спорт түрлеріне қарағанда, бұл ойында ой жүйріктігі аса қажет. Қазіргі таңда онымен шұғылданушылардың саны күннен-күнге өсіп, ойын жылдан-жылға дамып келеді. Ересектер, жастар мен жасөспірімдер, ардагерлер арасында жекелей және командалық ...

Читать далее »

Париж төрінде – Дина оркестрі

Screenshot_3

Биыл Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі шартқа қол қойылғанына 10 жыл толып отыр. Осыған орай әлем мәдениетінің астанасы саналатын Париж қаласында Франция-Қазақстан І инвестициялық форумы өткізілді. Сена өзенінің жағалауында өткен мемлекетаралық форумға қатысқан қазақстандық құрамның ішінде Атыраудың делегациясы да болды. Екі ел арасындағы экономикалық және мәдени қатынастар тілге тиек етілген форумда атыраулық делегацияны бастап барған Атырау облысы әкімінің ...

Читать далее »

Мәңгіліктің символы

Screenshot_2

Сонау Қазақ хандығы дәуірінен бастау алатын еліміздің өткенін саралап қарағанда, қатпарлы тарихтың сан парағынан талай оқиғаларды тізбек-теуге болады. Мәселеге елдік, ұлттық сана тұрғысынан қарасақ, жаңа дәуір көкжиегінде еліміздің ресми түрде тәуелсіз мемлекет атануы – тарихи жеңіс. Осы ретте мемлекеттік рәміздердің – Ту, Елтаңба және Әнұранның қабылдануы, жаһандық геосаяси карта сызбасына дара мемлекет ретінде өзгеріс енгізген Қазақ елінің тарихи қадамы болатын. ...

Читать далее »

Туымыз төмен түспесін

Туымыз төмен түспесін

Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздері ұлттың бірегейлігі мен ұлылығын көрсетеді. Бабаларымыздың ежелгі тасқа ойып жазған таңбаларынан тудың белгілерін байқауға болады. Егемендік – қаншама заманнан бері ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, талай батырларымыздың білектің күші, найзаның ұшымен қорғаған, жан алысып, жан берісіп жеткен асыл мұраты. Өкінішке қарай, тексеру қорытындысында тиісті заңнамалық талаптар сақталмайтын жайттар да кездеседі. Кейбір мекеме ғимараттарында Мемлекеттік Тудың күннің әсерінен түсін ...

Читать далее »

Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

23eaabb34b1898d86737c5b2c541c36c_crop_l_30_t_57_w_2737_h_1540_resize_w_520_h_

4 маусым – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Биыл рәміздеріміздің ресми түрде таныстырылғанына 26 жыл толды. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы ...

Читать далее »

Біздің әріптестер байрағы

33868348_584351365282597_4103609799835385856_n

Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тыныс-тіршілігін жоғары кәсібилікпен жарыққа шығарып, қоғамдық сананы қалыптастыруға үлес қосып жүрген журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты байқау жариялаған болатын. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын сараптап, бағалап қорытындысын Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз клубында өткен жиында жария етті. Қоғамның өзекті мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударып, ана тілімізді насихаттап ...

Читать далее »