Әлем

ҰРЛЫҚҚА СЕБЕПШІ – «ХАЙЯН» ТАЙФУНЫ

Филиппиннің орталық бөлігіндегі Лейте аралы қазіргі уақытта бұрынғысынан бетер өршелене түскен ұрлықшылар мен тонаушылардың мекеніне айналды.
Бұған негізінен жергілікті тұрғындарды ғана емес, жаһан жұртшылығын таңқалдырған «Хайян» тайфуны себепші болған. Осынау ғажайып та қайталанбас құбылыстың табиғаттың «тосын мінезін» бақылау тарихында тұңғыш кездесіп отырған жағдай екендігін де зерттеуші мамандар жасырмады. Осы сәтті пайдаланып, азық-түлік қоймаларында сақталған азық-түлік қорын, басқалай да күнделікті өмір сүріп, тіршілік етуге қажетті нәрселерді «түгімен төңкеріп, жиендік жасаушылар» күннен күнге көбеюде. Тіпті, қарулы сарбаздардың өздері де оларға қарсы әрекет жасауға қауқарсыздық танытуда.

Читать далее »

ЕСІРТКІ ҚАУІП ТУҒЫЗУДА

Ауған еліндегі есірткі өнімдерінің өндірісі биыл рекордтық көрсеткішке жетіп, жинақталған сораның көлемі 5,5 мың тоннаны құрады.
Біріккен ұлттар ұйымының осы мәселе жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, осынша көлемдегі шикізаттан бүкіл жер шарындағы тұтынылатын есірткілік заттардың мөлшерінен де артық героин дайындауға болады екен. Келер жылы Ауғанстан аумағынан НАТО әскерінің басым бөлігінің шығарылуымен байланысты, бұл елде өсіріліп, өндірілетін есірткі өсімдігінің көрсеткіші қазіргіден де асып түсуі мүмкіндігі қауіп туғызуда.

Читать далее »

АРАЛДАҒЫ АХУАЛ АСҚЫНЫП ТҰР

Корей жартыаралындағы ахуал Америка құрама штаттарының және оның одақтастарының (соның ішінде Жапония да бар) кінәсінен асқынып тұр.
Елдің орталық беделді басылымдарының бірі «Нодон Синмун» газеті осындай ақпарат таратты. Осындағы Еңбек партиясы жетекшілерінің пікірін білдірген жарияланымда «Вашингтон Токионың әскери амбицияларын ашық түрде қолдайды» деп мәлімдеме жасалынған. Сонымен қатар, одақтастардың түпкі ойы, басты мақсатының милитаризмді қайта түлету болып табылатындығы да айтылған.

Читать далее »

Алпауыт та пайдадан қағылды

АҚШ-тың автомобиль шығаратын ірі компаниясы, осы саладағы әлем алпауыттарының бірінен саналатын «General Motors» үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында пайдадан қағылды.

Бұл туралы дайындалған баспасөз баянында келтірілгеніндей, есепті мерзімде аталмыш кәсіпорынның таза табысы бірден 700 млн.долларға немесе акцияның 45 центі деңгейіне дейін құлады. Сөйтіп, бұл сома салыстырмалы түрде түскен пайданың 1,5 млрд.долларын немесе 89 центін құрады. Біржолғы факторларды есепке алмағанда, авконцерннің табысы 96 пайыз, кірістері 39 млрд. мөлшерінде болып, өткен жылдың сәйкесті кезеңіндегі көрсеткіштен көп кемімегендігіне қарамастан, әнебір көтерілмеді. Сөйтіп, азуын айға білеген автоалпауыттың да өрісі тарыла бастады.

Читать далее »

Шөл далада шейіт кеткендер

Нигерия билігі Сахарада аптап ыстықта шөлден өлген 90-ға тарта адамның өлі денесі (мәйіті) табылғандығын мәлімдеді. Бұлар негізінен шөл даланы автокөлікпен кесіп өткісі келген заңсыз мигранттар (көшіп-қонушылар) көрінеді. Жорықтың түпкі мақсаты ( Алжир ме, әлде Еуропа ма) да әзірге беймәлім күйінде қалып, құрбан болғандардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар екендігі ғана анықталды. Агадес қаласы әкімшілігінің мәліметтеріне қарағанда, мигранттар мінген екі автокөлік ...

Читать далее »

Студенттер де зардап шекті

Египетте студенттер арасындағы тәртіпсіздіктің салдарынан 160-тай адам зардап шекті. Әсіресе, Дакахлия провинциясының әкімшілік орталығы саналатын Эль-Мансура қаласындағы университет алаңында болған қақтығыстардың салдары жастарға аса ауыр тиді. Ел астанасы Каирден солтүстікке қарай 120 шақырым қашықтықтықта орналасқан шаһардағы  жоғары оқу орындары студенттерінің бірі осында нағыз төбелестің шығуына ұйытқы болды. Ең бір сорақысы сол, алаңға шыққан студент-жастардың дені «Мұсылман-бауырлар» қауымдастығының мүшелерін қолдайтындықтарын білдірді.

Читать далее »

Индонезия жұмысшылары бас көтерді

Елде жаппай қымбатшылықтың етек алуымен байланысты жалақы мөлшерінің арттырылуын талап еткен Индонезияның жүздеген жұмысшылары да бас көтеріп, екі күндік наразылық шеруіне шықты. Негізінен алғанда, бұл мемлекеттің экономикасы соңғы жылдары біртіндеп көтеріліп, соған сәйкес жұмысшылар да пайдаға кенеліп келеді. Дегенмен, одан қолдарына жарытымды ештеңе тимегендіктен олардың осындай әрекетке барып отырғандығы белгілі болды. Осылайша, инфляция мен жанармай бағасының қымбатшылығын төмендету үшін индонезиялықтар ...

Читать далее »

БЕЙНЕЖАЗБАНЫҢ АРТЫНДА КІМ ТҰР?

Ғаламторды дүр сілкін-дірген Сирияға аттанған қазақстандық жиһадшылар туралы бейнетүсірілім қазақ қоғамын үрей құшағында қалдырып отыр. Басқасы басқа, шиеттей бала-шағаның адасқандар айтып жүрген «қасиетті соғысқа» қатысы қанша еді? Тобыр-тобырымен бұлар шетке қалай шығып кетіп отыр? «Жиһадшылардың» артында кімдер тұр? Осынау сан сауалдарға орай, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Tengrinews.kz сайтына әскери қақтығыстағы мемлекеттерде шамамен жүз қазақстандықтың жүргенін мәлімдеді.

Читать далее »

ҚАРАҚШЫЛАР ҚАТЕР ТӨНДІРДІ


Сомалийлік қарақшылардың қарекетінен жыл сайын әлем экономикасына келетін шығынның мөлшері 18 млрд.
АҚШ долларын құрайды екен.

Бұл туралы Парламент ассамблеясының кезекті сессиясында НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Рассумен мәлімдеген. Альянс басшысының айтуынша, егер НАТО тарапынан қарсы бағытта  жүргізілген операциялар сәтті жүзеге асырылмаған жағдайда, жоғарыда келтірілген деректер мен дәйектер одан да көп сомада болуы ықтимал көрінеді.

Читать далее »

ДӨҢГЕЛЕНГЕН ДҮНИЕ ДҮБІРГЕ ТОЛЫ

ОРМАН ӨРТІ ӨРШІП ТҰР

АҚШ-тың Айдахо штатының орталық бөлігінде орын алған орман өртінің салдарынан осы аймақты мекендейтін 2250 мың үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.
Жергілікті атқарушы билік таратқан ақпараттар бойынша «тілсіз жаудың» жалыны 400 шаршы метрге жайылып, ондаған нысан отқа шалынған. Қазіргі уақытта күннен-күнге өршіп тұрған алапат өрттің әлі де 5000-нан астам тұрғынды баспанасыз қалдырып, 3707 құрылыс нысанын от жалмайтын түрі бар. Ал,тұтастай алғанда өрттен келер материалдық залалдың көлемі 8 млрд.АҚШ долларын құрайды.

Читать далее »