Әлем

АЙЫППҰЛМЕН ҚОРҚЫТУҒА КӨШІПТІ

Еуропаның қаржы билігі дербес несиелік рейтингілерді қайта қарау процесінде қалыптасқан стандарттарды бұзғаны үшін, деген желеумен АҚШ-тың үш бірдей ірі рейтингілік агенттігін жауапқа тартып, айыппұл салуы мүмкін.
Хабарламада рейтингілік агенттіктердің әсіресе мәліметтердің құпиялылығын сақтау жөніндегі тәртіп талаптарының өрескел бұзылуына жол берілгендігіне баса назар аударылған.

Читать далее »

Еуроодақтан – экономикалық пакет

Еуроодақ Украинаға экономикалық көмек пакетін қалыптастыруда. Бұл болашақта осы мәселеге орай қауымдастық құру жөніндегі келісімге қол қоюға дайындық шаралары шеңберінде қолға алынған шара болып отыр.
Мұндай мәлімдемені еуропарламенттің мониторингілік миссиясының бақылаушысы, Польшаның экс-президенті Александр Квасыневский жасаған. Оның айтуынша, дәл осы Еуропалық одақ Украина республикасына нақты көмек көрсетуге мүмкіндік беретіндей экономикалық пакет жасауға тырысқанымен, ол әрекеттің өзі кештеу болатын сыңайы бар көрінеді.

Читать далее »

Ипотека нарығы қарық қылар емес

Таяудағы төрт жылда американдық ипотека нарығында, елдегі қаржы дағдарысына дейін берілген несиелер жөніндегі дефольттардың саны елеулі түрде ұлғаюы ықтимал.
Бұл туралы болжамды ақпаратты тұтыну және ипотекалық несиелер нарығын бағалауға маманданған «Eguifax» компаниясы ұсынған. Олардың пікірінше, негізгі қауіп 2003-2007 жылдар аралығында, яғни дағдарыс дүрбелеңі басталардың алдында таратылған қарыздарға қатысты туындамақ.

Читать далее »

ПАРЛАМЕНТ АЛДЫНДАҒЫ ШЕРУ

Болгарияның астанасы Софья қаласындағы Парламент үйі алдындағы азаматтар мен студенттердің наразылық шерулері одан әрі жалғасуда.
Депутаттар мәжіліс құратын ғимаратты айналдыра полицейлер күзетуде. Қоғамдық тәртіп сақшыларының бейбіт тұрғындарға орынсыз тиісіп, зорлық-зомбылық көрсетуіне қарсы бағытталған баскөтерулерге қатысушы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен шәкірттері мұндай әрекеттер тез арада тыйылып, тосқауыл қойылмаған жағдайда Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдына да шығуға әзір екендіктерін және онымен де тынбайтындықтарын мәлімдеп отыр.

Читать далее »

АҚШ-ТА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ КӨБЕЙІП ТҰР

Федералды резервтік жүйенің жаңадан ғана тағайындалған төрағасы Джаннет Йелленнің айтуынша, дүние жүзінде Америка құрама штаттарындағы жұмыссыздық деңгейі әлі де болса жоғары күйінде қалуда.
«Франс Пресс» агенттігінің осы мәселеге қатысты Сенат тыңдауларына сілтеме жасай отырып таратқан ақпараттарына қарағанда, қалыптасқан жағдайдан шығу үшін аталған құрылым экономиканы ынталандыру жөніндегі стандартты емес қадамдарға баруды ұйғарған.

Читать далее »

ТОСЫН ОҚИҒАНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ

Сомалидегі күшті дауыл мен су тасқынының салдарынан 300-ге тарта адам көз жұмды.

 Осы хабарды таратқан төтенше жағдай жөніндегі жергілікті комитеттің мәлімдеуінше, бұдан бөлек тағы да өміріне қауіп төнген жүз адамның тағдыры белгісіз болып тұр. Табиғат апатының басты салмағы елдің шығысындағы Путленд автономиялы ауданына түскен. Ресми деректерге сүйенсек, мұнда тұтастай елді мекендер, жекелеген үйлер балық аулау қайықтары бүлініп, тасқын судың астында қалған. Осылардың арасында бұрыннан да әлемге қарақшылық шабуылдарымен әйгілі Эйл портының жағдайы тым ауыр екендігі мәлім болды.

Читать далее »

ҰРЛЫҚҚА СЕБЕПШІ – «ХАЙЯН» ТАЙФУНЫ

Филиппиннің орталық бөлігіндегі Лейте аралы қазіргі уақытта бұрынғысынан бетер өршелене түскен ұрлықшылар мен тонаушылардың мекеніне айналды.
Бұған негізінен жергілікті тұрғындарды ғана емес, жаһан жұртшылығын таңқалдырған «Хайян» тайфуны себепші болған. Осынау ғажайып та қайталанбас құбылыстың табиғаттың «тосын мінезін» бақылау тарихында тұңғыш кездесіп отырған жағдай екендігін де зерттеуші мамандар жасырмады. Осы сәтті пайдаланып, азық-түлік қоймаларында сақталған азық-түлік қорын, басқалай да күнделікті өмір сүріп, тіршілік етуге қажетті нәрселерді «түгімен төңкеріп, жиендік жасаушылар» күннен күнге көбеюде. Тіпті, қарулы сарбаздардың өздері де оларға қарсы әрекет жасауға қауқарсыздық танытуда.

Читать далее »

ЕСІРТКІ ҚАУІП ТУҒЫЗУДА

Ауған еліндегі есірткі өнімдерінің өндірісі биыл рекордтық көрсеткішке жетіп, жинақталған сораның көлемі 5,5 мың тоннаны құрады.
Біріккен ұлттар ұйымының осы мәселе жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, осынша көлемдегі шикізаттан бүкіл жер шарындағы тұтынылатын есірткілік заттардың мөлшерінен де артық героин дайындауға болады екен. Келер жылы Ауғанстан аумағынан НАТО әскерінің басым бөлігінің шығарылуымен байланысты, бұл елде өсіріліп, өндірілетін есірткі өсімдігінің көрсеткіші қазіргіден де асып түсуі мүмкіндігі қауіп туғызуда.

Читать далее »

АРАЛДАҒЫ АХУАЛ АСҚЫНЫП ТҰР

Корей жартыаралындағы ахуал Америка құрама штаттарының және оның одақтастарының (соның ішінде Жапония да бар) кінәсінен асқынып тұр.
Елдің орталық беделді басылымдарының бірі «Нодон Синмун» газеті осындай ақпарат таратты. Осындағы Еңбек партиясы жетекшілерінің пікірін білдірген жарияланымда «Вашингтон Токионың әскери амбицияларын ашық түрде қолдайды» деп мәлімдеме жасалынған. Сонымен қатар, одақтастардың түпкі ойы, басты мақсатының милитаризмді қайта түлету болып табылатындығы да айтылған.

Читать далее »