Әлем

ЛАҢКЕСТІК ҚҰРБАНДАРЫ

Сирияның Хомс провинциясындағы мектептердің бірінде орын алған лаңкестік әрекеттің салдарынан құрбан болғандардың саны күннен-күнге көбейіп келеді.
Соңғы мәліметтер бойынша, олардың қатары жиырмадан асып жығылған. Бастапқыда қаза тапқандардан жеті адам ғана есепке алынғанын ескерсек, алаңдатарлықтай жағдайдың қалыптасып отырғандығын аңғару қиын емес.

Читать далее »

ҚЫТАЙДА – «ҚАРЖЫ БЕЗГЕГІ»!..

Жаңа жылдың қарсаңы болғандығына қарамастан Қытайдың қаржы рыногы мерекелік көңіл-күйден айырылған.
Банкіаралық рынок тағы да дабыл қағып тұр. Мұндағы қысқа мерзімді банк мөлшерлемелері үстіміздегі жылдың маусым айында тіркелген несиелік дағдарыс деңгейімен салыстырғанда 8,2 пайызға дейін ауытқыған. Бүгіндері бұл көрсеткіш одан әрі төмендеген.

Читать далее »

КИПРДІ ҚҰТҚАРУДЫҢ СОҢҒЫ МҮМКІНДІГІ

Халықаралық валюта қоры Кипрді құтқару бағдарламасын қаржыландыру үшін кезекті рет траншқа жол ашты.
Мұның өзі экономикасы тұралап, дағдарысқа ұшыраған елдің ауыр ахуалын сауықтырып, қолдау көрсетудің соңғы кезеңі, ақырғы мүмкіндігі екен. Нақтырақ айтсақ, бұл жолғы көмектің көлемі 83,5 млн.еуроны құрайды.

Читать далее »

АСТЫРТЫН ӘРЕКЕТ АСТАРЫ

«Еврей мемлекеті американдық барлау қызметтерінің шпиондық әрекеттерінің нысанына айналды» деген ақпарат Израиль Үкіметі басындағылардың ашу-ызасын туғызды.
Биліктегілердің ғаламтор арқылы жолдаған электронды хабарламаларын американдық ұлттық барлау Агенттігінің қызметкерлері қолға түсіргеннен кейін барып қана Иерусалимдегі ел басшылығының өкілдері АҚШ-тан мұндай астыртын әрекеттерін үзілді-кесілді тоқтатуды талап еткен.

Читать далее »

Сирияда – тағы да қақтығыс

Ракета арқылы әуеден жасалған шабуыл кезінде Сирияның Алеппо қаласында 17 адам көз жұмды. Адам құқығы жөніндегі сириялық обсерваторияның мәліметінше, қаза болғандардың ішіндегі тоғызы бейбіт тұрғын көрінеді. «Бесеуі Президент Башар Асадқа жұмыс істейтін қауіпсіздік қызметінің адамдары» делінген ақпаратта. Алайда, Сирияның үкіметтік ақпарат агенттіктері «он жеті емес, он сегіз адам қаза болды» деп мәлімдеп отыр. Ақпарат көздерінің мәліметінше, шабуыл кезінде армия қолдан ...

Читать далее »

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЛЕ ЖАТЫР!..

Солтүстік теңіз жағалауындағы Бельгия, Франция және Нидерланды елдерінде қатты соққан жел салдарынан су тасқыны орын алуы мүмкін. Бельгияның жағалауды қорғау қызметінің мәліметінше, бір тәулік ішінде су 6,1 метр биіктікке дейін көтерілуі мүмкін. Мұндай рекордтық көрсеткіш соңғы 30 жылда тіркелмеген екен. Табиғаттың тосын мінез көрсетуіне байланысты, бүгінде Бельгияда төтенше жағдай жөнінде ескерту жарияланды.

Читать далее »

Тәуелсіздікке төнген қауіп

«Ел үлкен саяси дағдарыстың алдында тұр. Бұл еліміздің тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығымызға үлкен қауіптің төнгенін көрсетеді». Украинаның бұрынғы президенттері Леонид Кравчук, Леонид Кучма мен Виктор Ющенколар осындай мәлімдеме жасап жатыр. Бұрынғы президенттердің пікірінше, саяси тоқыраудың басты себебі –Еуроодақ қауымдастығымен келісімді дайындауда Украина үкіметінің позициясы сындарлы болмаған.

Читать далее »

БӘСЕҢДЕУ ҰЗАҚҚА СОЗЫЛАДЫ

Соңғы кездері дамыған елдердің өзінде де етек ала бастаған экономикалық өсім қарқынының бәсеңдеу үрдісі әлі де бірнеше жылға созылуы ықтимал. Ақпарат құралдары арқылы осындай пікірді таратқан Unilever корпорациясының басшысы Пол Полманның айтуынша, мұнымен дамып келе жатқан нарық тоқтап қалмайды. Бірақ та бұрынғыдай емес, экономикадағы даму қарқыны біртіндеп баяулап, осыған қатысты анықталатын барлық көрсеткіштер де құлдырап, төмендей түседі.

Читать далее »

АЙЫППҰЛМЕН ҚОРҚЫТУҒА КӨШІПТІ

Еуропаның қаржы билігі дербес несиелік рейтингілерді қайта қарау процесінде қалыптасқан стандарттарды бұзғаны үшін, деген желеумен АҚШ-тың үш бірдей ірі рейтингілік агенттігін жауапқа тартып, айыппұл салуы мүмкін.
Хабарламада рейтингілік агенттіктердің әсіресе мәліметтердің құпиялылығын сақтау жөніндегі тәртіп талаптарының өрескел бұзылуына жол берілгендігіне баса назар аударылған.

Читать далее »

Еуроодақтан – экономикалық пакет

Еуроодақ Украинаға экономикалық көмек пакетін қалыптастыруда. Бұл болашақта осы мәселеге орай қауымдастық құру жөніндегі келісімге қол қоюға дайындық шаралары шеңберінде қолға алынған шара болып отыр.
Мұндай мәлімдемені еуропарламенттің мониторингілік миссиясының бақылаушысы, Польшаның экс-президенті Александр Квасыневский жасаған. Оның айтуынша, дәл осы Еуропалық одақ Украина республикасына нақты көмек көрсетуге мүмкіндік беретіндей экономикалық пакет жасауға тырысқанымен, ол әрекеттің өзі кештеу болатын сыңайы бар көрінеді.

Читать далее »