Әлем

ДАМУШЫ ЕЛДЕР – ДАҒДАРЫСТА

Даму үстіндегі елдер экономикасындағы өсу қарқынының бәсеңдеуі, сондай-ақ, қор және валюта нарығындағы ахуалдың нашарлауы  жаһандық экономиканың ілгерілеуіне кеселін тигізер қатерлердің біріне айналды.

Читать далее »

УКРАИНАДА – ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Қырым автономиялық республикасы мен елдің тоғыз облысы аумағындағы 524 елді мекен бірнеше күн бойы жарық пен жылусыз қалды. Бұл туралы Украинаның ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Читать далее »

Еуроаймақтағы экономика қалпына келе ме?

Халықаралық валюта қорының иелік етуші-директоры Кристин Лагардтың ескертуінше, еуроаймақтағы тұралаған экономиканы қалпына келтіруге қатер төндірер құбылыстың бірі дефляция болып табылуы ықтимал. Бұл туралы Давоста өткен дүниежүзілік экономикалық форумның аяқталар сәтінде мәлімдеді.

Читать далее »

Жапониядағы сауда жетіспестігітарихи шегіне жетті

Күншығыс еліндегі сауда жетіспестігі 2013 жылы тұңғыш рет тарихи шарықтау шегіне жетіп, оның көлемі 112 млрд. АҚШ долларын құрады. Қаржы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, тек желтоқсан айының өзінде ол 2012 жылдың сәйкесті кезеңіндегімен салыстырғандағыдан екі есеге дейін артқан.

Читать далее »

ЕУРОМАЙДАННЫҢ ЗАЛАЛЫ ШАШ-ЕТЕКТЕН

Украина Республикасының астанасы Киев қаласының қақ ортасында орын алған қақтығыстардың салдарынан келген материалдық залал көлемі барған сайын көбейіп, өсе түсуде. Осылайша, Еуромайдандағы қарсылық білдіру акцияларының нәтижесінде бас шаһарға келтірілген зиянның сомасы 14 млн. гривенге жеткен. Ұрыс-керіс басталғаннан бері жағдайға байланысты прокуратура органдарына келіп, шағымданушылардың  да қатары көбейіп кеткен.

Читать далее »

Жұмыссыздар күннен-күнге көбеюде

Халықаралық еңбек ұйымы дамыған елдердің үкіметтерін қатаң экономикаға қадалып қалмай, керісінше, дүниежүзілік еңбек нарығындағы жағдайды да жақсарту мақсатында күш біріктіруге шақырған. Алдын ала шығарылған есептеулерге қарағанда, тек өткен 2013 жылдың өзінде әлемдегі жұмыссыздардың қатары бұрынғысынан 5 млн.-ға көбейіп, 202 млн. адамға жеткен. Осы орайда, БҰҰ-ның мамандандырылған агенттігінің деректеріне сүйенсек, 2016 жылы дүние жүзіндегі жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызға дейін өседі, деп ...

Читать далее »

БІТІМГЕРШІЛЕР БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАЛАЙДЫ

Біріккен Ұлттар Ұйымы елдің бейбіт тұрғындарын қарсылас күштердің қарекетінен қорғау мақсатында Оңтүстік Суданға тағы бір мәрте мыңдаған сарбаздан құралған бітімгершілер жасағын жіберуді жоспарлаған.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның мәлімдеуінше, көп кешікпей «көгілдір каска кигендер» корпусының қатары 12 мың адамға дейін жеткізілмекші. Бұл жөнінде Қауіпсіздік Кеңесі нақты шешім алып та қойған. Халықаралық ұйымның басшысы сонымен бірге жауласушы тараптардың жетекшілеріне адамзатқа қарсы бағытталған қылмыстық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілікке тартылатынын да ескерткен.

Читать далее »

ҚЫТАЙ ДА ДАҒДАРЫСТАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

Сарапшылардың пікірінше, осыдан он бес жыл бұрын Ресейді шарпыған қаржы дағдарысы көп кешікпей Қытайға да төнуі мүмкін.
Осындай ақпаратты таратқан Deutsche Bank мамандарының пайымдауынша, аспан асты елінде мұндай күрделі ахуалдың белең алуына себепші болып отырған факторлар да аз емес екен. Мәселен, стратег Джон-Пол Смиттің айтуынша, Ресейдегі тәрізді Қытайда дүйім елді алаңдатқан дағдарыстың белгілері бұл құбылыс басталардан бірнеше ай бұрын білінген.

Читать далее »

БЮДЖЕТТІҢ ЖЕТКЕН КҮНІ ЖОҚ

Алдын ала жасалынған болжамдарға қарағанда, Ресей Федерациясында 2013 жылғы бюджет жетпестігі 300-400 миллиард рубльді құрауы мүмкін. Ал, 2014 жылы бұл көрсеткіш 210-220 миллиард рубль шамасында болады деп күтілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне осындай мәліметті берген Қаржы министрі Антон Силуановтың айтуынша, елдегі қалыптасқан жағдай, әсіресе, жекелеген аймақтар мен өңірлерге қиын тиюде. Өйткені, жыл басында бөлінуі белгіленген қазына қаражатынан 1 триллион рубль ...

Читать далее »