Әдебиет

ҚАЗАҒЫММЕН МӘҢГІ БІРГЕ ЖАСАЙ БЕР, АҚ ЖАЙЫҚ ДЕП АТАЛАТЫН ЖЕРҰЙЫҚ!

Ақ Жайықтың толқынын жырмен тербеген ақыннан Орал өңірі кенде емес. Батыс Қазақстан облысының Атыраудағы мәдениет күндеріне орай осы өңірде туып-өскен шайырлардың туған жер туралы өлеңдерін атыраулықтарға ұсынуды жөн көрдік.

Читать далее »

«ӨНЕРДІҢ ҚАЙТАЛАНБАС ӨР ТҰЛҒАСЫ»

Біртуар талант иесі, жезтаңдай әнші Ғарифолла Құрманғалиевтың туғанына 105 жыл толды. Осынау күнге орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында оның шәкірті, ҚР Мәдениет қайраткері Гүлмайдан Сүндет-қызының қатысуымен есте қаларлықтай шара өтті.  

Читать далее »

ДОМБЫРАНЫҢ ЕГІЗ ІШЕГІНДЕЙ ЕДІ…

Алматыда болған кездерімде мен үшін қасиетті орынның бірі – қазақтың абыз ақыны, аңыз ақыны Әбу Сәрсенбаевтың шаңырағы. Ақын атамыздың қызы, қазірде сексеннің алтауына шыққан Райхан Әбуғалиқызы Сәрсенбаева апамыз алдымыздан жүрегі толқып, көңілі босап қарсы алады. Елден, Атыраудан келген ұшқан құсқа да қонақжайлылықпен сый-сияпат көрсетіп, барын дастарханға қойып қарсы алатыны да - әкесінен жұққан қасиет. Бұл жолы да сол қалпынан танбаған Райхан апамызға көңілімізде жүрген сауалдарымызды қойған болатынбыз. Сәтімен шыққан сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Читать далее »

ӘН-КҮЙДІҢ АБДОЛЛАСЫ ЕДІ

Ұзақ жыл Атырау (Гурьев) облысында басшылық қызмет атқарып, мәдениет пен өнердің дамуына айтарлықтай үлес қосқан, басшылық жасаған Сұлтан Өжкеновтің 1983 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан «Атырау – өнер өлкесі» деген кітабында былай жазыпты...

- «Әуесқой композиторлар мен шебер домбырашылар жайында айтқанда, біздер әр уақытта Атырау-Жайық өңірінің белгілі күйшісі, дарынды өнер қайраткері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, марқұм Абдолла Мусағалиевты да құрметпен еске аламыз. Абдолланың өзі қырықтан астам күй білетін. Оның репертуарында қазақ композиторларының, сондай-ақ Моцарттың, Глинканың, Лядовтың тамаша шығармалары болды...»

Читать далее »

БІРЛІГІ БЕРІК БІЗДІҢ ҰЖЫМ

елу  жыл  бұрын  да  осылай  болған!..

Таяуда інім Қажымұқанның ата-енесі өздерінің шаңырақ көтергеніне  жарты ғасыр толуына орай «алтын той» өткізді. Әуелден-ақ қарапайым еңбек адамдары Сабырғали Хамиев пен Қарлығаш Молдажарова бұл шаттықты шағын ағайын-тума, құда-жекжат, көрші-көлемдерімен бөлісуі кейінгі ұрпақ үшін ерекше тағылымға толы еді. Десек те, бұл - өз алдына бөлек әңгіме.  Біздің айтпағымыз – сол үйдің отбасылық альбомындағы бір сарғайған сурет хақында.

Читать далее »

МӘҢГІ ЕЛ (Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі алдындағы ой)

Сәулеш Тәжіқызы Шәтенова Атырау облысы, Жылыой ауданында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазір Жылыой аудандық «Кең Жылой» газетінің бас редакторы боп жұмыс жасайды. «Жылдың үздік журналисі» номинациясының иегері. ҚР Президенті жанындағы гендерлік саясат жөніндегі комиссияның «Әйел басқарған үздік мекеме» дипломымен марапатталған. 

Ол –Республикалық жыр мүшәйраларының  жеңімпазы. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.

Читать далее »

ЖЫРЫМЕН ЖҰБАТҚАН ФАРИЗА АПАМ…

Фариза апам дүниеден өтті деген қаралы хабарды естіп, жүрегім сыздап, дел-сал күйге түстім. Қаңтардың ақ қарын қайтейін, қалың қазақ қара жамылды емес пе?! Фаризасыз Жайық – тұл, Фаризасыз Нарын – жетім. 

Қайсар  мінезі, қасиетті  өлеңімен  халықтың жүрегіне жол  тапқан ақын еді. Махамбеттер, Абайлардың асыл текті ұрпағы-тын. 

Читать далее »

САҒЫМҒА АЙНАЛҒАН АРМАН

«Армандар орындалады» дегенге бала кезімнен, бала көңіліммен сенуші едім. Сондықтан болар, менің армандарымның шеті мен шегі жоқ болатын. Әлі де солай ғой... Бірақ, кешегі қаңтарда естіген қаралы хабар жүрегімді жұлып әкеткендей болды. Менің ең үлкен арманыммен бірге бір жұлдыз қоса сөнді. Әттең...

Читать далее »

АНАМДАЙ ҚАМҚОРЫМ БОЛҒАН АЙБЫНЫМ ЕДІ…

«Айналайын» деген жалғыз ауыз сөзін мына жалғанның бар жылтырына айырбастамас едім-ау!

...2006 жылдың көктемінде облыстық филармонияда Фариза апаймен кездесу өтті. «Көрерменсіз, тек Атыраудағы жас ақындарды жина, ауылға келдім», - деп Қойшығұл ағайға хабарласқан екен. Бардық. «Жүрек күнделігін» жастанып оқып, «Дауасымен» жанымызды емдеп, «Сандуғашымен», «Сенің махаббатыңмен» бірге талай қиялға берілген, «Шашы ағарған қызымен» сырласқан Ұлы Ақын алдымызда тұрды. Сол жолы бәрімізді үнсіз тыңдады. Ақ батасын берді.

Читать далее »