Әдебиет

АЛТЫН САҚАСЫ БАР АҚЫН

(Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, балалар ақыны Болат Дәулетов  жайлы үзік сыр) 

...Ембі аудандық «Ембі» газетінің редакторы Мұңал  Далбаев журналистерді кабинетіне жинап алды да: «Біздің қатарымыз тағы бір жас журналиспен толығып отыр, танысып қойыңдар, Дәулетов Болат деген жігіт. ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген, алғашқы еңбек жолын журналистикадан бастағысы келеді. Тілші хаттар бөліміне әдеби қызметкер болады»,-деді.  Бәріміз жұқалтаң, ақсары өңді, әдеміше келген жас жігітке мойын бұрдық. Ол да бізге бойына біткен ибалылығымен күлімсірей қараған.

Читать далее »

«ЖАНЫМА ЖАҚЫН ЖАҒАЛАУ»

Жақында Орал қаласындағы «Полиграфсервис» баспасынан танымал қаламгер Бауыржан Ғұбайдуллиннің «Жаныма жақын жағалау» атты жаңа кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа журналистикаға ден қойғандығына ширек ғасырдан асқан қаламгердің публицистикалық дүниелері іріктеліп топтастырылған. Адамзат қоғамының сан алуан саласын қамтитын публицистикалық жинақ «Әуелі саясат...», «...енді экономика», «Тарихтан тәбәрік», «Кеудесі жақсылардың алтын сандық», «Өмір-өзен», «Спорт әлеміне саяхат», «Таным терезесі» атты жеті тараудан тұрады.

Читать далее »

СӘКЕН ЕҢБЕКТЕРІ ГРЕКИЯДАН ТАБЫЛДЫ

Биыл ақын, жазушы, қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің туғанына – 120 жыл. Атаулы мерейтой қарсаңында тағы бір жағымды жаңалық!

 Грекияның ұлттық мұрағатынан С.Сейфуллиннің 30-шы жылдары латын қарпімен жазған материалдары табылды. 

Читать далее »

«СОЛ БІР СӘУЛЕ»

ақын  Әлия  Дәулетбаеваның жыр  кеші  осылай  аталды 

Өткен бейсенбіде Махамбет атындағы облыстық драма театрында Атырау облысы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Алтын топшы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын Әлия Дәулетбаеваның «Сол бір сәуле» деген тақырыппен поэзиялық кеші өтті. Жырсүйер көрермен ақын қыздың кешіне көп жиналды.

Читать далее »

ЖАЙЫҚТЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫ – БЕРГІ ЖАҒЫ

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Айтқали Нәріковтің поэзиядағы тұсауын кезінде қазақ өлеңінің классигі Қадыр Мырзалиев кескен болатын. Содан бергі жылдар ішінде қаламгердің жиырмаға жуық кітабы жарық көріп, қалың елге танылды. Орал мен Атырауға бірдей төлтума-телтума ақынның өлеңдер топтамасын оқырмандар назарына  ұсынып  отырмыз.

Читать далее »

АМАНШИННЕН ҚАЛҒАН АМАНАТ

1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Миялыдағы бір орта мектепке Берқайыр Аманшиннің есімі берілді. Сондай-ақ, Қарабаудағы селолық кітапхана да осы кісінің есімімен аталады. Сонда бұл кісі кім? Ол – ақын, жазушы, драматург, әдебиет зерттеуші, аудармашы.

Читать далее »

«ҚАҒБА, САҒАН ЖЫР ЖАЗДЫМ МІНАЖАТТЫҚ…»

(Өтеген Оралбайұлының «Қағбаның қарлығаштары» атты жыр кітабы туралы)
«Жалпы дін тақырыбына, мұсылманшылық қағидаттарына, қажылық сапар тақырыбына қалам тарту асқан жауапкершілік пен имани нәзіктікті талап етеді» деген екен Әбіш Кекілбаев. «Асқан жауапкершілік пен имани нәзіктік» Өтеген Оралбайұлының «Қағбаның қарлығаштары» атты жыр кітабының өн бойында анық сезіледі. Алла Тағала жар болып, қасиетті Қағбаға маңдай тіреп, мінажат еткен ақынның жүрегінен жыр жауһары төгіліп жүре берген. Жыр болғанда да, парасаттылыққа, ізгілікке баулитын имани жырлар. Қағбаға барып, мінажат еткен ақын да көп бұл күнде. Бірақ, олардың ешқайсысы да бұл тақырыпқа еркін көсіліп қалам тарта қоймаған сыңайлы. Сондықтан да, бұл кітаптың тақырыптық жағынан алғанда құндылығы өз алдына, жаңалығы бар кітап дер едік.
Ақын кітабының сөзашарында: «Әлі көз алдымда, Қағбаның орталық есігі - Бейбітшілік қақпасынан кіре бергенімде оң жағымдағы биік бағандардың төбеге тірелген қойнауларынан бір топ қарлығаш ұшып шығып, қанаттары шапағатпен соғылған сәбидің алақандарындай сартылдап, көңілімді шаттыққа бөлеп, тура оң иығымның үстінен өтті. Тіпті, оң иығыма қонғандай болып, сатырлап ұшқанда бір сәт абдырап, сосын өзім де солармен бірге ұшардай болып, қанатымды қомдап, жаным жадырап, ғажап бір күйге енгенім бар. Қасиетті Құранның «Піл» сүресіндегі қарлығаштар (абабил) туралы ғаламат аяттың кейіпкерлерімен дәл осы жерде, дәл осы сәтте кездесу мен үшін теңдессіз бақыт секілді болып сезілді. Бір қызығы, қаз-қатар келе жатқан қазақстандық мұсылмандар жапырақтар сынды жыпырлап ұшқан қарлығаштарды байқамапты. Мен бұған одан сайын таңғалдым. Осы таңғалыс, түйсігіме түскен тылсым сәт кейін түсімде өлең болып туса керек» деп жазыпты. Шынында да, керемет сезім. Жыр – құпия бір әлем. Көк жүзінде қалықтаған Қағбаның ақбауыр қарлығаштары ақынның жүрек қылын шертіп өткендей.

Читать далее »

АҚПА ЖЫРДЫҢ АҚТАНЫ

(Ақтан Керейұлының шығармашылық өмірбаяны мен әдеби мұрасы турасында)
Жалпы Қазақстанның батыс өңірінің XVII-XIX ғасырлардағы ауыз әдебиетіне көз жүгірткенде белгілі ғалым Қ.Сыдиықұлынан аттап кете алмаймыз. Маңғыстау мен Атырау даласын сүзе зерттеген ғалымның арқасында Ақтан аты да біраз дәріптелді. Толғаулары жинақталып «Ақберен», «Бес ғасыр жырлайды», «Ай, заман-ай, заман-ай» сынды кітаптарға енді.

Читать далее »

ӨМІРДІҢ МӘНІ – ӨНЕГЕ

Жақында Балықшыдағы №2 орталық кітапханада облысқа белгілі ұстаз, партия, кеңес органдарында ұзақ жыл басшылық жұмыстарда болған еңбек ардагері Қамза Ғабдолланың «Өмір белестері» атты өмірбаяндық кітабының тұсаукесері өтті. Әдемі безендірілген 450 беттік бұл еңбек «Атырау-Ақпарат» ЖШС-і баспаханасының «Шежіре» шағармашылық орталығында дайындалып, басылды.

Читать далее »

КҮЙ ҚАНАТЫНДА

«Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе» деп Қасым Аманжолов жырлаған қасиетті қара домбыраның құдіретін қазаққа ғана емес, тұтас әлемге мойындатқан талай тұлғалар болды. Домбыра мен күй егіз ұғым десек, бастауын сонау Құрманғазы Сағырбаевтан, Дина Нұрпейісовадан алатын қазақ күйінің тарихы талай кезеңдерде сыннан өтті. Қилы-қилы замандарды алысқа тастаған қазақ күйінің бүгінгі күнге қаймағы бұзылмай жетуіне де талай дарабоздар үлес қосты. Солардың бірегейі күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сисенбек ЕСЕНҒАЛИҰЛЫ еді.

Читать далее »