Әдебиет

ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ТҰМАРЫ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Жылыой және Бейнеу аудандарының Құрметті азаматы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жауапты қызметкері Өтеген Оралбайұлы поэзия падишасы, қазақтың ұлы ақыны Фариза Оңғарсынованың қайтыс болуының бір жылдық қадесіне «Текті өнердің Тұмары» атты эссе-естелік кітабын баспадан шығарып әкеліп таратты. Бұл жинақта кейіпкерінің өмірдегі, өнердегі болмыс-бітімі туралы жүрекжарды ой қозғап, оны көркем тілмен кестелеген. Жырдың өзіндей болып жеңіл оқылатын бұл естелік кітабы қазақтың ардақты қызының жан дүниесін жұртшылыққа жайып салады.

Читать далее »

«ЖЫР МАРЖАНЫ» – ТОЛЫҚҚАНДЫ АНТОЛОГИЯ

Газетіміздебұданбұрын Жаңаантологияжарықкөрді», №15, 10 ақпан, 2015 ж.)хабарланғанындай, Алматыдағы «Өлке» баспасы «Жырмаржаны» аттыонтомдыққазақпоэзиясыантологиясынжарыққашығарғанболатын. Оны қазақтың белгілі қаламгерлері Мереке Құлкенов пен Гүлсім Мұқышева құрастырып, алғысөзін ақын Темірхан Медетбек жазған. Жуырда ҚР Ұлттық кітапханасының Алматы қаласындағы көрмелер залында кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, оған әдебиет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Біз бүгін сол Ұлттық кітапхананың бас директоры, белгілі жазушы Әлібек Асқаровтың сол жиында сөйлеген сөзін жариялап отырмыз.

Читать далее »

МАХАМБЕТТАНУДАҒЫ АМАНШИН АСУЛАРЫ

ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап қазақ әдебиетінің дамуына өзіндік мол үлесін қосқан қаламгердің бірі – Берқайыр Аманшин. Ол Шернияз Жарылғасұлы, Ығылман Шөреков шығармашылығын танып-білуге, Махамбет Өтемісұлы поэзиясын зерттеуге, жалпы махамбеттануға ерен еңбек сіңірді.

Читать далее »

МАХАМБЕТ МІНЕЗДІ АҚЫН

Фариза Оңғарсыноваға арналған Кеш

Өлеңнің де қанаты бар... Оған барша қазақ халқы сүйіп оқитын Фариза ақынның: «Жаным – дала, көгінен бұлт арылмай,

Батпан зілдер басса да жүр тарылмай.

Шідерлеулі көңілді зулат жырым,

Баяғының құс қанат тұлпарындай», – деген өлең жолдары дәлел бола алары анық. Өткірлігі өңменнен өтердей өр жырлар Каспийдің бұйра жал толқындарындай өрекпіп шабыт жағасын тепкілеген кезде туған өлеңдер оқыған жанды биікке ұмтылдырады.

Читать далее »

ЖЫР ҚҰЙЫЛЫП КӨМЕЙДЕН…

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері, поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың               75 жылдығына арналған  1-ші Республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің конкурсы өтті.

Читать далее »

МАРЖАН ЕРШУ: «МАҚСАТЫМ – АСЫЛДАРЫМЫЗДЫ БОЛАШАҚҚА ТАНЫТУ»

Жуырда «Айек» деген атпен танылып жүрген ақын, аудармашы, прозаик Маржан Ершудың жарыққа шыққан «Ерік Құрманғалиев» атты кітап-альбомының тұсаукесері Астанада өткені жөнінде хабарлаған болатынбыз. Кітаптың тұсаукесеріне Бибігүл Төлегенова, Оралбай Әбдікәрімов, Сауытбек Абдрахманов, т.б елімізге белгілі тұлғалар қатысып, жылы пікір білдірген болатын. Таяуда Атырауға келген кезінде Маржан Ершумен кездесіп, осы кітаптың шығу барысы, ақынның алдағы жоспарлары және бүгінгі таңдағы шығармашылықтағы бірқатар мәселелері туралы ой бөлістік.

- Атырауға қош келдіңіз, Маржан Аманқосқызы! Облыстық Н.Жантөрин атындағы филармонияда, Махамбет, Жылыой аудандарында кітаптың тұсаукесер рәсім-дері өтті. Мені қызықтыратын бір сұрақ. Атырау топырағынан түлеп ұшқан таланттың тұрақтаған орны Мәскеу болып, мәңгілік мекен де сол жерден бұйырған. Сіздің ойыңызша, егер ол елде қалса, оның шығармашылығы қаншалықты деңгейде дами түсер еді?

Читать далее »

АЛАШТЫҢ АҚҰШТАБЫ

Атырауда «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған

ақынға арналып шығармашылық кеш  өтті 

Атырау өңірі алашына өлеңімен аты шыққан ақын қыз Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кешіне барып, бір серпіліп қалды. М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрда ақын шығармашылығына арналған шығармашылық кеш болды. Жырларын оқып, ақынды бір көрсем деп армандап жүрген оқырмандар да мәре-сәре!  Кеште ақынның жырлары сөз алды.

Читать далее »

ЕЛДІҢ АҚЫН АНАСЫ

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын әзелден табиғат жаратылғанда  бір-бірімен байланыстырған екен. Шекара дегеніміз болмаған уақытында қазір екі облыс болып аралары сызықпен бөлініп жатқан екі үлкен аймақтың ауылдары аралас, қойлары қоралас жатқан, орталарынан ағып жатқан дарқан сұлу Ақ Жайық нәрі де ортақ болған. Жоғарыдан ағыс алып кеткен қыздың орамалы мен бау-бақшалардың гүлдері Каспийге жақын Атыраудан бір шығып, ағайындарға жүрек сәлемін ағыспен жеткізеді екен.

Шіркін, қазақтың кең даласы осылай бір-бірімен мәңгілік байланыста, тұлпардың болат тұяғы бауырлардың құшақтарын құшақтарына қостырып отырған ғой.

Читать далее »

ҒАШЫҚТЫҚ ҒАЛАМАТЫ

Жеткізбейтін жүйрік уақыттың шаңына да ілестірмейтіні рас. Қым-қуыт тірліктен бір сәт мойын босатып, елге келісімен туған ауылдың жұпар самалымен тыныстауға асыққан жерлес ағамыз бұдыры басым, соқтықпа жолдың әсерін де елеместен ой құшағына берілгендігін байқап келеміз. Көзді ашып-жұмғанша қанаттарын сабалап, у-шу болған құстарға толы Қызтуған өзегін де артқа қалдырдық. Алдымыздан Манаштың даңғайыр даласы мұнартып тұр. Бүгінгі сапарымыздың жолбасшысы, әңгімеміздің басты кейіпкері – Ғабдырахим Маралұлы Жаңбырбаев. Ол кісі – осы өлкенің төл перзенті.

Читать далее »

АҚЖЕЛЕҢ ДӘУРЕН, САМАЛ ЖЫР…

Ақұштапты оқырманы лирик ақын деп таныды. Ақын лирикасының негізі – адам жанының нәзік сезімі, ақ сөйлейтін пәктігі мен адалдығы. Жайдары мінезі, жарқын өмірге меңзейтін философиялық ой иірімдеріне толы лирикалық кейіпкерін жібектей есілген  нәзік жырларымен мүсіндейді. «Сіңліге сыр» өлеңінде:

Читать далее »