Әдебиет

ШАНДОЗ ЖЫР, ЖАНАРТАУДАЙ ЖАЛЫНДЫ ӨЛЕҢ…

Шындықты айттым, шамырқандым, шаттандым,

Кейде білмей үй сыртында жат барын.

Асау өзен арнасынан атқылап,

Құзар шыңнан құлауға да шақ қалдым.

Бұл жолдар ақын Жеңіс Ароновтың «Нұр сәуле» кітабының беташарындай болып тұр екен. «Ақынмын» деп кеудесін соққандардың бәрі бірдей шырқыраған шындықтың жағында бола бермейтіні рас. Таңдайына өлең құсы ұя салып, маңдайына жыр киесі қонған жанның арқалайтын жүгі ауыр, көшінің қонар жері биік. Сондықтан да, жаратқан талантпен қоса «мінезді» де сыйға тартады. Тағдыр теперішін тартып, тауқыметін арқалағанда жігері жаситын адам ақындық киесін алып жүре алмайтыны ақиқат.

Читать далее »

ҒАЛАМТОРДАҒЫ ХАТТЫҢ ХИКАЯСЫ

Айбар жұмыстан кеш оралды. Күні бойы қалжыраған денесіне душ қабылдаған. Аздап сергігендей болды. Ас үйге енді. Мұздатқышта салқын айран мен бір тілім шұжық қалыпты. Шәй қайнатып, ішуге зауқы соқпады. "Барымен базар" дегендей, жүрек жалғап алды. Төргі бөлмеге өтті. Теледидарда қызықты еш нәрсе жоқ екен. Жалғыздан-жалғыз отырып, көңілі құлазып кетті.

Читать далее »

СЕН ЖАЙЫҚТА МЕНІ КҮТІП ЖҮРСІҢ БЕ?!…

ШОЛПАН… Жаңғырды даусым Тынышсыз түн әлі, Жауын… Жаңбырлы маусым. Жаным да жылады. Өңімде, түсімде Өткен шақ ойыма оралып, Қалың… Тұманның ішінде. Кетесің жоғалып. Ұмытқан, Ұмытты десем де Мені ойлап жүргендей ол кейде. Ұмытқам, Ұмытам десем де. Санамнан өшпей жүр сол бейне. Сүйіктің жаныңда жүр білем, Қос айрық жол да енді. Иесін іздеген бір гүл ең, Кездеспей кетеміз болды енді. Сенімен ...

Читать далее »

«ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ – ТЕРМЕ»

Күні кеше ғана дүркіреп өткен аламан айтыстан кейін жергілікті жұртшылық тағы бір әдемі ән кешіне куә болды.  «Текті сөздің төресі – терме» деп аталатын облыстық термешілер байқауы тыңдарман қауымды керемет әсерге бөледі.

Читать далее »

АҚША БҰЛТТАН ЕЛГЕ СӘЛЕМ ЖОЛДАҒАН…

ақиық ақын рухына туған жері тебірене тағзым етті

Қазақстанның Халық жазушысы, майдангер қаламгер, қазақ әдебиеті қорына мол мұра қалдырған ақиық ақын Әбу Сәрсенбаевтың туғанына биыл 110 жыл толады.  «Толқында туғандар», «Капитан ұлы», «Теңіз әуендері» романдары арқылы ол әлемдік деңгейдегі Эрнест Хемингуэймен, Константин Айвазовскиймен қатар тұрған дара тұлға. Жуырда мерейтойына орай ақын тоғыз томдық таңдамалы шығармалар жинағы оқырманына жол тартты. Бұл Әбу атаны ұлығылау шараларының басы десе де болғандай.

Осы аптаның басында ақынның кіндік қаны тамған Құрманғазы ауданында өткен тағылымды шара да оған деген шексіз құрмет-қошеметті паш еткендей еді.

Читать далее »

ҚҰМ НАРЫННЫҢ ХИКАЯЛАРЫ

(Мұрат Бектеновтың «Айшықты әлем» кітабы хақындағы ой)

Әңгімеміздің арқауына айналып отырған бұл  «Айшықты әлем» кітабы «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасында басылып шықты. Жаңа жинақтың шымылдығы жастайынан өмірден өткен туынды авторының туған інісі Абат Бектенұлының кезінде Түмен қаласынан жазған «Сағынышым Атырау» өлеңімен ашылыпты. Кітапта автордың өсіп-өнген ортасы мен отбасы, тәрбиелеген ата-анасы, өмірден ерте кеткен бауырлары мен жанына жақын тартқан адамдары, еңбек жолы, қалыптасу кезеңі жайлы құнды мәлімет-деректер мен қызықты жайттар молынан келтірілген екен.

Читать далее »

ТҰРСЫН, ПЕРІНІҢ ҚЫЗЫ ЖӘНЕ МЕН

Түнімен үзіліп-жалғанып түс еніп, ұйқым қашады. Көретінім қоздап жанып, қоламтасы қалған балалық шағым-дағы. Шығар күннің шуағына шомылып, баяғы қызыл алтындай балқитын иен шағылдың ішінде жүремін. Алдымды әлдебір елестер кес-кестейді. Жөн таппай адасамын кеп. Жоқ жерден бойымды ұят буады. Алқымым іседі. Даусым қарлығады. Құлағыма алыстан талып жеткен сыбызғы үні келеді. Сыңсып жылаған қыз екен деймін.

Читать далее »

ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ТҰМАРЫ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Жылыой және Бейнеу аудандарының Құрметті азаматы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жауапты қызметкері Өтеген Оралбайұлы поэзия падишасы, қазақтың ұлы ақыны Фариза Оңғарсынованың қайтыс болуының бір жылдық қадесіне «Текті өнердің Тұмары» атты эссе-естелік кітабын баспадан шығарып әкеліп таратты. Бұл жинақта кейіпкерінің өмірдегі, өнердегі болмыс-бітімі туралы жүрекжарды ой қозғап, оны көркем тілмен кестелеген. Жырдың өзіндей болып жеңіл оқылатын бұл естелік кітабы қазақтың ардақты қызының жан дүниесін жұртшылыққа жайып салады.

Читать далее »

«ЖЫР МАРЖАНЫ» – ТОЛЫҚҚАНДЫ АНТОЛОГИЯ

Газетіміздебұданбұрын Жаңаантологияжарықкөрді», №15, 10 ақпан, 2015 ж.)хабарланғанындай, Алматыдағы «Өлке» баспасы «Жырмаржаны» аттыонтомдыққазақпоэзиясыантологиясынжарыққашығарғанболатын. Оны қазақтың белгілі қаламгерлері Мереке Құлкенов пен Гүлсім Мұқышева құрастырып, алғысөзін ақын Темірхан Медетбек жазған. Жуырда ҚР Ұлттық кітапханасының Алматы қаласындағы көрмелер залында кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, оған әдебиет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Біз бүгін сол Ұлттық кітапхананың бас директоры, белгілі жазушы Әлібек Асқаровтың сол жиында сөйлеген сөзін жариялап отырмыз.

Читать далее »