Әдебиет

Атырау – Бөкей хандығының алтын бесігі

photo_73772

Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл толу датасы Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғаның бірі болып отыр. Орда Бірінші Павел патшаның 1801 жылдың 11 наурызындағы Жарлығына сәйкес құрылғаны белгілі. Яғни, аталмыш Жарлық Бөкей сұлтанға Еділ мен Жайық арасын түгелдей иеленуге рұқсат берген еді.

Читать далее »

Мерекенің мерейі

%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d1%82%d2%af%d0%bb%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d0%b0%d2%9b%d0%b8%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80

Мереке Құлкенов… Бұл есім қазақтың оқырман қауымына өткен жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарының орта тұсында-ақ таныла бастады. Ал, зиялы қауымның, әдебиет әлеміндегі сыншылардың назарына сексенінші жылдардан бастап ілінді.

Читать далее »

Ағасы бары қандай-ды…

%d0%b0%d2%93%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d0%b1%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d2%9b%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d0%b9-%d0%b4%d1%8b

І Ойлап отырсаң, өміріңнің талай-талай үзік бөлшегі жол үстінде  өтетіндей. Қара шабаданымызды құшақтап, Харабали стансасынан пойызға жармаса мініп, Урбахтан үстемелеп біріне ауысып, үш, төрт, бес  күнде алыстағы астана Алматыға жеткеніміз қисапсыз жолсапардың бастама ізашары ғана емес, кемтігі көп кең дүниенің  айқара  ашылған сырлы қақпасы сынды  екен. Еліміздің бет-моншақтай бір тал университетіндегі бес жылда Тәшкен, Бішкек, тіптен түкпірдегі Мәскеуге де жол ...

Читать далее »

Жазушы жүрегінің жанайқайы немесе «Кемер» повесін оқығаннан кейінгі ой

 Қолымызға қаламгер Өмірзақ Қажымғалиевтің «Кемер» атты кітабы тиді.  Жазушы бұл туындыда бүгінгі қоғамның бітеужарасы саналып отырған суицид тақырыбын қозғапты. Иә, бүгінде елдің жанайқайы болып отырған көкейкесті мәселе – жастардың өзіне-өзі қол жұмсауы – қоғамның бейдауа дертіне айналып отырғаны баршаға белгілі. Суреткер өз заманынан алшақ өмір сүре алмайды. Өзі өмір сүрген дәуірді, ондағы адами қарым-қатынас, өмір шындығын қаламына арқау етеді.   ...

Читать далее »

Туған күніңмен, Киелім! Жанымдай сені сүйемін!

Саған қарап бой түзедік Төсінде Сарыарқаның бой түзеп ең,Бар Алаш саған қарап ой түзеген.Ішінде мен де бармын сол Алаштың,Өзіңді мақтан тұтпас ойсыз емен. Асқақтап Хан шатыры, Бәйтерегің,Тұрасың елестетіп ертегі елін.Осыны тіріліп кеп көрер ме еді,Ішінде өскен бабам жертөленің. Ішетін мөлдірінен құмар қанып,Ағады ерке Есіл сылаң қағып.Елорда еңсесі тік көтерілген,Елімнің тіршілігін тұрар бағып. Мешіттер күмбезін күн аймалаған,Айналаң жасыл желек қаумалаған.Сергітіп келген ...

Читать далее »

Жұмекеннің ұстазы

   Орталықтан шалғай жатқан алыс ауылда дүниеге келіп, қазақ тілінің білгірі, ұстаздардың ұстазы атанып, ару қала Алматыда ғұмыр кешкен Хасан Кәрімұлы өз халқының аяулы перзенті еді. Балықшы отбасында дүниеге келген арманшыл ұл мектепте алдына жан салмады. Ол кісі туралы ұстазы, Атырау облысының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Меллят Сабырова өз естелігінде былай депті: «Мен үлкейген шағымда да өзімнің жас кезімдегі оқушыларым ...

Читать далее »

ЖАРҚЫН БЕЙНЕ

Газетіміздің өткен санында академик Ғарифолла Есімнің тілшімізге берген сұхбаты жарияланған еді. Онда философ-ғалымның «Жұлдызды Жұмекен» атты монографиясы туралы кеңінен әңгіме өрбіген болатын. Бұл көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Осыған орай, біз оқырмандардың сұрауы бойынша  аталмыш кітаптан үзінділер беріп отыруды жөн деп таптық.

Читать далее »

ЖҰМЕКЕНГЕ АРНАЛҒАН МҮШӘЙРА ПОЭЗИЯ МЕРЕКЕСІНЕ АЙНАЛДЫ

Қазақтың ұлы ақыны, Қазақстан Республикасы Әнұраны авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұрпағым, саған айтам...»  атты жабық жыр мүшәйрасы қорытындыланып, мәресіне жетті. Жеңімпаздар ақынның туған жерінде, Құрманғазы ауданында өткен «Ашақта туған ақберен ақын» атты мәдени шараға қатысып, сол жерде марапатталды. Облыстық деңгейде өткен ақынның шығармашылығына арналған әдеби шаралар Құрманғазы ауданының Жұмекен ауылынан бастау алды.

Читать далее »

АҚША БҰЛТҚА АЙНАЛҒАН АБЫЗ АҚЫН

Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 110 жыл толуы ерекше салтанатпен атап өтілді 

Қазақ әдебиеті алыптарының бірі, проза мен поэзия жанрында қалам тербеп, кейінгіге өшпес мұра қалдырған халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай Қазақстан Жазушылар Одағында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кеш өтті. Қиғаш өзенінің бойында туып, Каспийдің дүлей толқындарымен арпалысып есейген қаламгердің қазақ әдебиетіне қалдырған қазынасы өлшеусіз. Шынында, Әбу Сәрсенбаев – теңіз тақырыбында тұңғыш рет роман жазған қазақ жазушысы. «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері» романымен ол әдебиетімізге жаңа леп әкелді.

Читать далее »

АБЫЗ АҚЫННЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ МҰРАСЫ

Әбу Сәрсенбаев – әдебиет әлемінде «қазақ Айвазовскийі» деген атпен әйгілі болған жазушы. Оның «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері» романдары өзі туып-өскен Атырау өлкесі, Каспий теңізінің төсінде тулаған толқынмен алысқан балықшылар өмірі айшықты көрініс тапқаны анық. Оның романдары атақты орыс суретшісі И.К.Айвазовскийдің дүние жүзіне аты шыққан «Тоғызыншы балл» картинасымен өзектес. Өзінің әдебиеттегі жолын ақындықтан бастаған кейіпкеріміз  «Екі кеме құйрығын ұста, жетсе бұйрығың» деген тәмсілді жиі есімізге салатыны да рас. Ол кезінде мемлекет басшысының қолынан Халық жазушысы атағын алған алғашқы жазушылардың бірі еді.

Читать далее »