Әдебиет

Ақын Бақытгүл Бабаштың шығармашылық кеші өтеді

29749350_1463914500403723_3101565697578485828_o

Тәтті мұң мен махаббатқа толы өлеңге қанығып, поэзия әлеміне бойлағыңыз келе ме? Ендеше, ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Бақытгүл Бабаштың «Сағыныш қалды көзімде…» атты шығармашылық кешіне қатысуға асығыңыздар!

Читать далее »

Ақ өлеңмен жазылған әңгіме

пардщуарывг

Ақын өлеңнен қара сөзге ауысып тұрудан кей мезет береке табары болады. Маржан Ершудың әңгімелері көлемі қысқа болғанымен мазмұны бай һәм деректілігі, айқындығымен ұнады. Осы ретте испанның ұлы ақыны Федерико Гарсия Лорканың шындық өмірдің көркемдігіне ешбір қиял теңесе алмайтыны туралы түйінді ойы жадыма оралып отыр.

Читать далее »

Атырауда ақын Маржан Ершудың шығармашылық кеші өтті (ФОТО)

ЕАС 875

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі ақын Маржан Ершудың «Маржан жыр…» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Читать далее »

Жазушылар Одағының жаңа төрағасы сайланды

photo_242983

Бүгін Алматыда Қазақстан Жазушыларының кезекті XV Құрылтайы өтті. Кезекті Құрылтайда Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа құрамы бекітіліп,  одақ басқармасының жаңа төрағасы болып ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет тағайындалды. Айта кетейік, осыған дейінгі төраға Нұрлан Оразалин Жазушылар одағын 1996 жылдан бері басқарып келген еді. Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет – ақын, журналист. 1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында ...

Читать далее »

Зейнолла Серікқалиев – «Алтын жамбылы» сыншы досым

Зейнолла аға ауылға келгенде. Қарындастары Рая, Пинамен бірге

Өз өмірімдегі найзағайлы шақты мен Зейнолла Серікқалиевпен байланыстырамын. Мен Зекеңнің есімін сонау студент кезімнен естіп, оқып қанығып келемін. Оның поэзия туралы алғашқы сын мақаласы «Лениншіл жас» газетінің бетінде өткен ғасырдың елуінші жылдарының орта кезінде жарық көріп, сүйсіне оқығаным бар. Үнемі өрлеу, шарықтау үстіндегі таланттың ұзаққа шабатын тұлпар екенін байқап, ірі сыншы, ғалымның бой көтеріп келе жатқанын сезінген едім.

Читать далее »

 «Отты өлеңді Отаралиев» тақырыбында поэзия кеші өтті (ФОТО)

ЕАС 234

Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау филиалының ұйымдастыруымен «Отты өлеңді Отаралиев» тақырыбында поэзия кеші өтті.

Читать далее »