Әдебиет

Оңайгүл ТҰРЖАН, ғалым: «МАХАМБЕТ — БІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯМЫЗДЫҢ ЫҚПАЛДЫ ТҰЛҒАСЫ» біз оны әлі танып болған жоқпыз

10-11-  .tifҰлы даланың ержүрек батыры, cемсер ақыны Махамбет Өтемісұлының туғанына биыл - 210 жыл. Махамбет – ғасырдан-ғасырға жалғаса беретін, уақыт өткен сайын қын түбінде жатпас алмас қылыштай жарқырай беретін тұғырлы тұлға. Махамбетті білмейтін қазақ жоқ. Бірақ, бұл оның адами болмысы мен айбалта-жырын көзге елестетіп, тілге оралтумен шектелмейді. Бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз десек те, Махамбеттің жүрегін кескілеген намыс пен күрескерлік бізге қазір де қажет. Өйткені, арын таптатқан, рухын төмендеткен елдің болашағы бұлыңғыр.

Читать далее »

ПОЭЗИЯ МАРАФОНЫ

№1 қалалық орталық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынованың «Дауа» кітабы бойынша ақын өлеңдерінен поэзия марафоны өтті. 
Ақын шығармашылығымен жақын танысу және «Бір ел – бір кітап» акциясы негізінде Фариза өлеңдерін жатқа оқи отырып, кеңінен насихаттау мақсатында өткен шараға ақын, филология ғылымдарының кандидаты Гүлзада Ниетқалиева, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Дулат Хамзин, республикалық сал-серілер байқауының лауреаты Елемес Мағазов, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің, Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы, Атырау музыка колледжінің студенттері және А.Сүндетов атындағы медицина колледжінің студенттері мен №28 орта мектептің оқушылары қатысты.

Читать далее »