Әдебиет

ЖЫР-ЖАНИБА

- Алло, Жаниба апа, сәлеметсіз бе, Сіз туралы жазайын деп едім...
- Жаза ғой, айналайын...
Осы бір «айналайын» деген жалғыз ауыз сөздің өзінен төгіліп тұрған мейірім мен жылылық шуағы жетегінде ат басын белгілі айтыскер ақын Жаниба Қарасаева тұратын Таңдай селосына бұрдық. Томаға-тұйық ауыл тіршілігі көзге оттай басылды. Үй сыртындағы шапқылаған ауыл балалары, шеткеріректегі жайылып жүрген ірілі-ұсақты мал анадайдан көз тартып, ауыл сәнін аша түскендей. Бір қарағаннан-ақ жүрекке жылылық оятқан осы бір көрініс ауылда өсіп, кең даланың ойы мен қырында кеңінен көсілген қазақ баласының қай-қайсысына да ыстық-ау, сірә.

Читать далее »

«ӨЗ ДАЛАҢДЫ АСҚАҚТАТЫП, ТАУЛАРДЫ АЛАСАРТПА!»

ОЛЖАСТЫҢ
ОЙ ОЛЖАСЫ

Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы төтенше елшісі Олжас Омарұлы Сүлейменовтің бастамасымен халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының шығармашылық тобы «Өз далаңды асқақтатып, тауларды аласартпа!» лекциялық бағдарламасымен Атырау өңіріне қадам басып, облыс орталығында және Индерде, Махамбетте, Доссорда болып, Бекет Атаның туған жері – Жылыойға әдейі ат басын бұрды.

Читать далее »

ТҮНГІ ЕЛЕС

Тоқсаныншы жылдар. Тұтас дәуірге бергісіз қым-қиғаш кезеңді бастан өткерген сол жылдарды осындай бір-ақ ауыз сөзбен түгендеуге болғандай еді. Біздің албырт жастығымыз өтпелі кезеңнің қиындығын аса елеп те жатқан жоқ. Алып-ұшқан көңілді билеген бір ой: соңғы сыныпты тезірек аяқтап, армандай болған үлкен қалаға барып, жаңа өмір бастау. Сондай «шабадандық» көңіл-күй жетегіндегі мұрты тебіндеген бозбалалар мен жауқазындай бой түзеп қалған қыздар математика және информатика пәнінің жаңа мұғалімін жатсынбай қарсы алдық. Жаңа оқу орнын бітіріп келген жас жігіт екен. Өзінен бұрын ауылдағы пәленшенің жамағайыны екені жөніндегі «жаңалық» бұрын жетті.

Читать далее »

«ТІЛШІ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ…» БАЙҚАУЫ

Батыс Қазақстан облысындағы«Жайық Пресс» ЖШС ұйымдастырып отырған республикалық байқауға 18-40 жас аралығындағы түрлі оқу орындарында білім алып, әр салада еңбек етіп жүрген қаламының ебі бар үміткерлер қатыса алады. Қазақ және орыс тілінде түрлі жанрдағы материалдар қабылданады. 

Читать далее »

«ТАҢҒЫ ШАҚ» ТАҒЫЛЫМЫ

Жас едік, сұлу көрсек тамсанатын,
Ұзақ түн дала кезіп ән салатын.
Мүлгіген қайың күліп, қарсы алатын,
Он сегіз жас, тәтті еді-ау әр сағатың! – деп, керемет бір сұлу суретті алдымызға жайып салып, әп-әдемі теңеулерімен әсерлі өлең өре білген, таңғы шықтай мөп-мөлдір, кәусардай тап-таза сырлы сезім әуендері қай оқырманды да бірден селт еткізетін осы тектес жыр шумақтары өзінен өзі төгіліп тұрған бұл кітап қолға алған бойда-ақ бірден кім-кімнің де жүрегін жаулап, сезімін баурап, жанын елтіп, өз құпия тұңғиығына қарай үйіріп, еліктіре бастай жөнелгендей екен.

Читать далее »

«Өнердің атасы – нұр, анасы – мұң…»

fghgffj554444«Жасдәурен» әдеби клубы жергілікті қаламгерлер арасында пікірталас өткізді. Жазушылар одағының облысымыздағы бөлімшесін басқаратын ақын Қойшығұл Жыл- қышиев пен жас ақындардың қатысуымен өткен басқосуда бүгінгі әдебиет, жаңа буын дарындардың жай-күйі сөз болды. Айтар ойыңыз, қосар пікіріңіз болса, «Жасдәуреннің» төрі әрқашан да ашық.

 

Читать далее »

АҒАҒА ДЕГЕН САҒЫНЫШ…

agagaЕл ішінде өзінің бойына біткен табиғи талантымен ерекшеленетін адамдар аз емес. Сондай жанның бірі Сағи Бәбиев еді. Ол жастайынан өзін қоршаған ортаны - табиғатты, адамдарды суретке түсіруге құштар болды. Осы құштарлық оны Нарын топырағындағы бірден-бір басылым - бүгінгі «Нарын таңы» газеті редакциясына жетеледі. Осында жүріп ол қалам ұстаған жазушы қауыммен етене араласты, жақсы жолдас болды. Жуырда Сәкең туралы жазылған естелік кітаптың тұсаукесері өтіп, аталған шараға ол кісінің бауырлары, қызметтес болған замандас-тұстастары келді. 

 

Читать далее »

«М.Әуезовті оқимыз» – халықаралық акция Ұлы даланың ұлы жаршысы

Сондай-ақ, Абайдың бейнесін үлгі ете отырып, ізгілік, ұлтжандылық, адамгершілік, инабаттылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидаларын өмірлік ұстаным ете білуге тәрбиелеу.
Кеш «Ұлы даланың ұлы жаршысы» тақырыбында слайд көруден, сонан соң Абайдың «Сегіз аяқ» және «Көзімнің қарасы» әндерін тыңдаудан басталды.

Читать далее »

Шыңғыс ханның көз жасы

sungushanРахымжан ОТАРБАЕВ,
Халықаралық Шыңғыс Айтматов
атындағы сыйлықтың лауреаты.

Шыңғыс хан жайлы әлемде 2700-дей кітап жарық көріпті. Көбі – зерттеу еңбек, біразы – көркем туынды. Көкелетіп мақтайтыны, жер табандатып даттайтыны да аз емес. Мен осы жұмбағы мол тұлғаны тиран емес, қарапайым пенде қалпында көргім келді. Және оның өлімін, сосын ұлы Жошының қазасын өзімше пайымдадым. Бұл құр қиял емес, қисыны келер болжам-ау, деймін. Төрелік сөз өздеріңізде, қадірлі «Атырау» газетінің оқырмандары!
Автор.

Читать далее »

«КІСІ КЕЛЕ ЖАТЫР!»

Шәйдеш – біздің бастық. Біздікінен бұрын да талай мекеменің тізгінін ұстап, арқалығы абажадай креслоға отырып үйренген тажалдың өзі. Жайшылықта алып-ұшатындай ештеңесі жоқ, өзімізбен әзілдесіп, қауқылдасып қалады. Бастық болған соң көбінесе аудандағы әкімдіктің күн сайын сағыздай созылып, біріне-бірі жалғасып жататын жиналыстарынан қалмайды. Кейде жұмысқа кежегең кейін тартып, не келгеніңді, не келеріңді білмей сөлбірейген кезінде «бастық кетсе, ындықтың түбіне неге кетпейді осы» деп қалатынымыз да бар. Аудандағы жиналыс болған соң әлгі Шәйдешіміз кей-кейде жоғарыдағылардан сөз естіп те қайтатыны бар. Оны өзі жария етіп, бізге айтпағанымен сеземіз. Сезетініміз – ол келген бойда бәрімізді жинайды, жинайды да ананы сұрап, мынаны сұрап қинайды, ұрысқан болады, өзінен- өзі бүлініп, кабинетте ұшып бара жатқан шыбынды қуады, телефон шыр ете түссе трубкасын баса қояды, саусақтарымен үстел тықылдатады.

Читать далее »