Әдебиет

Бір суреттің сыры

Сурет 1939 жылы түсірілген. Суреттегілер - Қазақстан жазушыларының II съезі қарсаңында өткен Гурьев облысы ақындарының слетіне қатысушылар.

Жұрт арасында «Шал ақындар мен бала ақындардың айтысы» аталып кеткен бұл слет өңірдің мәдени өмірінде үлкен серпіліс туғызған.

Читать далее »

МЕН СҮЙГЕН ҚЫЗ ҚАЙДА ЖҮР?

Атырау жері қазақ әдебиетінің алыптар шоғырын толтырған арқалы ақындарға кенде емес. Кешегі Әбу, Марат, Жұмекен, Меңдекештер ұстаған қасиетті қаламның киесі кеткен жоқ, өлеңді өмірім деп ұғатын талантты жастар өсіп келеді. 

«Жас дәуреннің» бүгінгі саны жергілікті ақын жігіттерге арналып отыр. Әдетте күз мезгілі келісімен, беймәлім бір сағыныш жанды тербеп, бейдауа мұң жанымызды мекен қылатыны бар. Қайтқан құстың қанатынан құсни-хат секілді төгілген өрнекті өлеңдерде жастық шақ әуендері, бозбала күннің бір аяулы белгісі көрініс береді. Шынайы да сыршыл жыр әлеміне бірге сапар шегейік.

Читать далее »

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖАНАШЫРЫ

 

Әлеуметтік танымның өлшемі саналатын рухани құндылықты жоғалтпау жеке адамдар үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін маңызды. Өткені мен кеткенін тасқа басып, тарихын қастерлеген халықтың ертеңі нұрлы. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының атын аспандатып, шығармашылығын насихаттау осы ізгі ойдан туындаса керек. Акцияның биылғы таңдауы – Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халқы «Поэзия падишасы» деп ерекше құрметтейтін Фариза Оңғарсынованың «Дауа» кітабына түсуі, әсіресе, оның жерлестері, атыраулықтар үшін үлкен мақтаныш. Осы акцияның демеушісі «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы мен Атырау облыстық әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған шаралар ақынның туған жеріне рухани мереке сыйлады.

Читать далее »

СЕКЕРКӨЛ ХИКАЯСЫ(поэма)

Бірнеше халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері Әлия Дәулетбаева өткен жылы «Атырау» газеті ұйымдастырған «Тәуелсіздік толғауы» байқауында да топ жарып еді. Көне Сарайшықтың күншығысында Секеркөл деген орын бар. Аңызға сүйенсек, Әз Жәнібек осы көлді жер бетінің жұмағына айналдырған екен. Шаһар тарихымен сабақтас, мұңлы да тылсым алтынды қайық мінген хан қызының тағдырын ақын Әлия Дәулетбаева өрісті өлеңге айналдырыпты. «Секеркөл хикаясы» атты тұңғыш поэмасын біздің газет арқылы жерлестерімен қауыштырмақ ниетін құп көре отырып, ақын қызға шығармашылық табыс тілейміз.

Читать далее »

ҚИСЫНЫ БАР ХИКАЯТ

Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты Рахымжан Отарбаевтың «Атырау» газетінде жарияланған «Шыңғыс ханның көз жасы» хикаятын оқып, ой үстінде болдым. Хикаяттың тілі күрделі, менің пайымдауымша, тарихилығы өз алдына, бұл – философиялық-романтикалық туынды. Яғни, шығарманы талдау үшін тарихтан, философиядан, әдебиет теориясынан толық болмаса да, біраз хабардар болуы керек. Оның үстіне, автордың әдебиет әлемінде әжептәуір атақ-даңқы бар.

Читать далее »

«АБАЙДЫ БІЛМЕЙ, ҚАЗАҚПЫН ДЕМЕ…»

Абай атындағы оқулар облыс көлемінде жыл сайын өтіп келеді. Соның ішінде өзге ұлт өкілдері жастары арасындағы облыстық «Абай оқулары» байқауының орны ерекше.

Талай бұлақтың көзін ашып, талай жүйріктің тұсауын кескен мәні мен мазмұны ерекше Абай оқуларының облыстық кезеңі Махамбет ауданы әкімдігі мен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өтті.

Читать далее »

ЖЫР-ЖАНИБА

- Алло, Жаниба апа, сәлеметсіз бе, Сіз туралы жазайын деп едім...
- Жаза ғой, айналайын...
Осы бір «айналайын» деген жалғыз ауыз сөздің өзінен төгіліп тұрған мейірім мен жылылық шуағы жетегінде ат басын белгілі айтыскер ақын Жаниба Қарасаева тұратын Таңдай селосына бұрдық. Томаға-тұйық ауыл тіршілігі көзге оттай басылды. Үй сыртындағы шапқылаған ауыл балалары, шеткеріректегі жайылып жүрген ірілі-ұсақты мал анадайдан көз тартып, ауыл сәнін аша түскендей. Бір қарағаннан-ақ жүрекке жылылық оятқан осы бір көрініс ауылда өсіп, кең даланың ойы мен қырында кеңінен көсілген қазақ баласының қай-қайсысына да ыстық-ау, сірә.

Читать далее »

«ӨЗ ДАЛАҢДЫ АСҚАҚТАТЫП, ТАУЛАРДЫ АЛАСАРТПА!»

ОЛЖАСТЫҢ
ОЙ ОЛЖАСЫ

Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы төтенше елшісі Олжас Омарұлы Сүлейменовтің бастамасымен халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының шығармашылық тобы «Өз далаңды асқақтатып, тауларды аласартпа!» лекциялық бағдарламасымен Атырау өңіріне қадам басып, облыс орталығында және Индерде, Махамбетте, Доссорда болып, Бекет Атаның туған жері – Жылыойға әдейі ат басын бұрды.

Читать далее »