Әдебиет

ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНІҢ БІР БЕКЕТІ

Ол – қазақ,  көк  түрік

Жалпы, философшылдық, тақырыпты тереңнен, ауқымды қамтуға деген икемділік Қарашин шығармашылығына тән. Жақында ғана оның әлі жарияланбаған танымал Малевич картинасымен жүздескен «Черный квадрат» атты поэмасымен танысуға мүмкіндік алдым, бұл туындыда біздің драмалық тұрмысымыздың жаһандық мәселелері толықтай қамтылған. Әсіресе, оның қазақ-түркі сөз қолданысындағы философиялық, этимологиялық іздеулерін ерекше атап өткім келеді.

Читать далее »

Төтеп беру қайда -а -а?

Аудан көлемінде рекорд жасап,
Алты мәрте қатын алған,
Тіпті кейбір мәнжубастардың
Басын айналдырып,
Қатындарын тартып алған,
Егіз баласы барының да,
Сегіз баласы барының да,
Қайырын көрген,
Калининдегі Ақас нағашы,
(Тауының қайтпауын қарашы!)

Читать далее »

ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНІҢ БІР БЕКЕТІ

Мұрат ӘУЕЗОВ:
« Ол – романтик және жаһангер»

Мұрат Мұхтарұлы, Атырауда директоры Бекет Қарашин болып табылатын «академик Зейнолла Қабдолов атындағы қор» құрғанымыз Сізге мәлім. Қазір біз Сіз басқаратын Мұхтар Әуезов атындағы қордың қабырғасында отырмыз. Бұл екі қор бір-бірімен қандай байланыстар орната алады, олардың өзара әріптестік әрекеттерінің болашағы қандай?

Читать далее »

БЕЙБАРЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ТУРАЛЫ

Мен Атырау қаласында да болдым, онда маған Бейбарыс Сұлтан атындағы сыйлық табыс етілген болатын. Онда мен Бекет Қарашинмен таныстым, соңынан ол Мысырға бірнеше рет келді, мені тауып алды. Біз екеуміз көп сағаттар бойына уақытты бірге өткізіп, мәмлүктер тарихы жөніндегі тақырыптар, оның сұлтандары мен әмірлерінің жеке тұлғалары туралы өзара әңгімелер мен пікірталастарға арнадық.

Читать далее »

БАРКОВТАН БЕКЕТКЕ ДЕЙІН

Халықаралық Барков клубы сайтында Бекет Қарашиннің өлеңдері пайда болған кезде біздер, клуб мүшелері «бұл жайлы» жазатын авторлар географиясының кеңейгендігіне таңғалдық. Бекет аталған клубқа Қазақстаннан енген ең алғашқы және әзірге бірегей тұлға, оған қоса өзі белсенді, өнімі көп автор, сондықтан, біз оған әзіл-шыны аралас «Барков клубының ең белсенді, әрі тұрақты мүшесі» атағын бердік.

Читать далее »

ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНІҢ БІР БЕКЕТІ

Атыраулық қаламгер Бекет Қарашиннің аты семсер ақын Махамбет Өтемісұлының дауылпаз жырларын орыс тіліне тәржімалауымен шықты. «Апырай, Махамбетті жүрегі дауалап орысша сөйлетуге бел буған бұл кім болды?» десті мүйізі қарағайдай шайырлардың өздері таң-тамаша қалып. Сөйтті де, аударманы жата-жастана оқып, талдап сызғылады. Ғажап! Өр Махамбеттің өрт өлеңдерін жалынын сөндірмей өзге тілге көшіріпті! Таңғалмай көріңіз. «Мен оны Исатаймен үзеңгілес көтерілісші, бүлікші ақын Махамбетті танытқан айтарлықтай өзіндік ерекшелігі бар аудармашы ретінде танып білдім. Мені  «Жыр-жебе. Стихострелы» атты кітап атауының өзі қызықтырып әкеткені есімде. Бұл кітап 10 жыл бұрын жарық көріп, оған жаңалыққа жаны құмар Иманғали Тасмағамбетов тамаша алғы сөз жазды.          

Махамбет қазақтардың намысқой, әрі азат рухын бейнелейді, ол – ұлттық Тәуелсіздіктің қамқоршысы, еркіндік жолындағы табанды күрескер, рақымды да, нәзік жанды бүлікші, жауларына деген қаһарлықтың, көнбеушіліктің, ымыраға келмеушіліктің символы. Мен атыраулық Бекет Қарашиннің Махамбет шығармаларына жасаған орыс тіліндегі аудармаларына дәл осылай баға бердім...» деп жазды белгілі жазушы Герольд  Бельгер.

Содан бері әдебиет әлемінде Бекет Мұханәліұлының есімі етене таныс бола түсті. Халықаралық Жазушылар Гильдиясына, сондай-ақ, «Жаңа замандас» Халықаралық Одағына, Қазақстан Жазушылар Одағына мүше болды. Оның қаламынан туған өзінің төл туындылары да оқырманының ыстық ықыласына бөленді. «Дядины забави» әңгімесі үшін «Флорида Кон» (АҚШ) Халықаралық байқауының және Халықаралық Кавериндік әдеби сыйлықтың (Ресей, Псков-Мурманск, 2012 жыл) лауреаты атанса, жақында Германияның беделді Халықаралық «Руский стиль» конкурсында «Әдебиеттану және эссеистика» номинациясы бойынша «Автор – стильное перо!» атағын жеңіп алды.

Читать далее »

ЖАНБАЙ ӨШКЕН ЖАЛЫН ЕДІМ

Марат Отаралиевтің өзінен бұрын өлеңдерін көрдім. Ол өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басы болатын. Тайға таңба басқандай, көз алдымда тұрып қалғаны - «Мәдениет және тұрмыс» журналының ішкі беттерінің бірінде Марат Отаралиев пен Төлеген Айбергеновтің кеңестік үлгідегі төлқұжатқа жапсыратындай шағын суреттері мен өлеңдері басылған екен. Әдебиет оқулықтарындағы өзіміз ортасында жүрген қарапайым өмірге жуыспайтын, әсіре әшекей өлеңдерді судырата жаттап алғанда да, азды-көпті талғамымыз тамсанбайтын бозбала шағымыздың өзінде ол екеуінің өлең өрнектері өзгеше екені білініп тұрды.

Читать далее »

Маржан ЕРШУ:«Көктемдей жылы үнің бар, Ериді көзімнің қары…»

Кеудемде – от,

Көзім – жалын.

Сезінбеймін жел ызғарын.

Өзегімді өртей өтіп

Тепкілеші теңіз-дарын.

Табиғатпен егіз жаным,

Әзір аман! Сезім! Халім!

Асқар таулар ұғыңдаршы

Айтылмаған сөзім барын.

Үмітіме үкі тағып,

Келем таңды күтіп алып.

Пейілімді ағартады

Ай бетінің сүті тамып.

Аямасын бағын Құдай,

Жоғалмаспын қағынғыдай.

Ақша бұлтқа оранамын

Анам берген жамылғыдай.

Түн. Мінезін құбылтады,

Түс көріппін бүгін тағы.

Қыдыр атам аян беріп

Құс жолымен қыдыртады.

Ұнатамын сұрапылды,

Табам содан мұратымды.

Көсегемді көгерте гөр

Жасаған-ай! Рахымды!

Қара жерде – қалы кілем,

Тозаңданса қағып ілем.

Өлеңімді көкке жазам

Жұлдыздардың жарығымен!..

Читать далее »

«ҚАЙСАРЛЫҚ ЛИРИКАСЫ»

Ақын Қойшығұл Жылқышиевпен кездесу кеші осылай аталды
Бүгінде өңірімізде әдеби кештердің жиі және жаңаша форматта өтуі үрдіске айналып келеді.
Күні кеше «Бір ел – бір кітап» атты республикалық акция аясында өткізілген алаштың аяулы ақын қызы, поэзия падишасы Фариза Оңғарсыноваға арналған кештің де куәсі болған едік. Міне, сол игіліктің жалғасындай ақын Қойшығұл Жылқышиевтың оқырмандармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Бұл жолы №1 қалалық орталық кітапхана ұжымы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында оқырмандарға әдемі рухани мереке сыйлады.

Читать далее »

Оқырмандарым

Оқырмандарым, амансыңдар ма,

Замандарыңа алаңсыңдар ма?!

Мен сендерді көргім келеді ылғи

Алау жағылған анау шыңдарда!

Қазақ боп сонда қазықтай қағылып

Мәңгілік биікті аларсыңдар ма?!

Читать далее »