Әдебиет

ЖЫРЫНДА ЖЕЛТОҚСАННЫҢ МІНЕЗІ БАР…

«Туған ай тураған ет секілді» дейді халқымыз. Тауып айтылған теңеуінің өзінде әлеуметтік мәселе мен дәстүрлі ұстаным қойындасып жататын жұртымыздың аузына осы сөз «қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай...» кезінде көбірек түсетіні бар. Қызылсыраған көңіл мен қызусыраған ниеттің итжығыс түсіп, «ищай» деп иін оздырып, ирек қамшылаған ию-қию шағында көңіл бораны мен табиғат дауылы төгіліп түскен терменің қос жолындай болып қол ұстасып, өкшесін көтеріп, өкпесін қолына алады. Желтоқсанда жел де жүйрік, көңіл де жүйрік. Өтер жылды жетелеп, тарихқа төтелеп тартып барады желтоқсан. Көңілге түрлі ой салып, «сыбағасын» артып барады желтоқсан. Құлағын қайшылаған құлагер-жылдың жалы көрінгендей...

Читать далее »

«ІЗ ТАСТАП АҚҚАН ЖҰЛДЫЗДАР»

Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің жаңа кітабы осылай аталды

Бірде әріптесім Өтепберген менің хал-жағдайымды білмек болып үйге телефон шалған сәтте үйреншікті дағдымен «не жаңалық бар?» дегеніме ол «жақында баспадан кітабым жарыққа шықты» деп жауап қатқан-ды. Осыдан бірер ай бұрын оның «Құрманғазы» атты кітабы қолыма тигені есіме түсіп:
- «Құрманғазы» ма, әлде басқа ма? – деп сұрадым.
- Басқа, «Із тастап аққан жұлдыздар» деп аталады.

Читать далее »

ҰРПАҒЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ АҚЫН

құрметіне жыр дүлдүлдерінің
облыстық сайысы Индерде өтті

Орақ тілді айтыскер ақын Мұрат Мөңкеұлының 170 жылдығына орай облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен ауданда жыршылар сайысы өтті.
Кенттегі «Борат» мәдениет үйінде өткен сайыста алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мұхамбетқали Алдерзин баба есімін келешек ұрпақ санасында жаңғырту бағытында аудандағы жұмыстарды баяндап, облыстық сайысқа сәттілік тіледі.

Читать далее »

МАХАМБЕТ МҰРАСЫ ХАҚЫНДА

Қазақтың ұлы ақыны, әрі батыры Махамбет тұлғасы мен оның мұрасы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Бұл туралы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен Махамбеттің 210 жылдығына арналған «Махамбет оқулары» V республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды.

Читать далее »

«КҮЙ АНА – ӘСИМА»

Күні кеше ғана Аманқос ақынның тойында, осынау киелі өлкеде жаңа күйімнің тұсауын кестіріп, томағасын сыпырып едім, ардақты ағайын! Бұл туындымды Құрманғазының «Көкала ат» күйін бүгінгі ұрпақтарымызға жарқыратып жеткізген, Дина күйшінің таңғажайып жалғасы ретінде Атырау-Нарын өңіріне кеңінен танылған қасиетті анамыз Әсима Қалиқызы Ізмұхамбет келінінің рухына арнаймын. Шәміл Әбілтай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Читать далее »

АРМАНДАП ӨТКЕН ТӨЛЕ БИ

«Мен қазақ, қырғыздың бір туғандай кезінде 
туылып, бөліне бастаған тұсында дүниеден 
кетіп барамын. Осы менің алдағы күндері 
халқымның күні қандай болмақ деп армандап кеттім...»
Төле би.

 

Бұған дейін де республикалық, халықаралық жыр мүшәйраларының алдыңғы легінен көрініп жүрген ақын Әлия Дәулетбаева жақында тағы бір жүлдеге қол жеткізді. Тараз қаласында Төле бидің 350 жылдық мерейтойына арналып өткізілген республикалық мүшәйрадан Әлия үшінші орынды еншіледі. Еліміздің түкпір-түкпірінен алпыстан астам ақын бақ сынаған үлкен додада мұндай марапат алу оңай емес. Қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болған Әлияның өлеңін жариялай отырып, ақын қызға шығармашылық биік белестер тілейміз.

Читать далее »

ҚАСЫММЕН ЖЫРЫН ҚАЙРАҒАН

Ақындық тағдыр қызық қой өзі...
Ұстазым туралы ойлағанда, есіме көп жайлар көлденең түсіп, сол жағдаяттар алыс-алыс күндерге, сонау ақ шағылды арманның қиян қыстауына, ұзан жайлауына алып жөнеледі. Қазақ деген қара дүзген, адыраспан-арманы бар жұрт ебіл-дебіл ежелгі тарихын қайыра ежіктеп жатқан мына мазаң да азаң заманда Еділден соққан ерме желдің еру желімен жеткен бағзыдағы баяндүр ақындардың қолқаны суырған қосықтары қосамжарланып, арыда қалып, апшыған көңілді ашытып кетеді. Бір қолымда «Алдаспан», бір қолымда «Ақберен», сұрапыл сазға елтіген сарнауық бақсыдай Сыпыра мен Шәлгездің, қарға бойлы Қазтуғанның сарсаңкесек сағымға айналған сарындарына көңіл тілін батырамын, енді бірде көне өзен – Жем мен шалғайға тартқан Шағадамның арасын шалқұйрығымен шаңдатқан Абыл мен Нұрымның, Ақтан мен Қашағанның бұзаубас домбырасының албырт шанағынан атылып шыққандай ақжарма термесіне көңіл суарамын.

Читать далее »

ӘКІМІ АҚЫНЫН ІЗДЕГЕН ЕЛ БАҚЫТТЫ!

«Әннің де естісі бар, есері бар» деген ұлы Абай атамыз. Әншіге ең алдымен ән қымбат. Атырау, Жайық аймағының дәстүрлі әндерін халық ішінде насихаттап келе жатқан әнші болғандықтан, Исатай-Махамбет, Құрманғазы, Дина туған шұрайлы өлке маған ерекше ыстық... Алыс кетсем сағынып, жақын келсем жалындап кететін аймақ бұл.

Читать далее »