Әдебиет

АНАМДАЙ ҚАМҚОРЫМ БОЛҒАН АЙБЫНЫМ ЕДІ…

«Айналайын» деген жалғыз ауыз сөзін мына жалғанның бар жылтырына айырбастамас едім-ау!

...2006 жылдың көктемінде облыстық филармонияда Фариза апаймен кездесу өтті. «Көрерменсіз, тек Атыраудағы жас ақындарды жина, ауылға келдім», - деп Қойшығұл ағайға хабарласқан екен. Бардық. «Жүрек күнделігін» жастанып оқып, «Дауасымен» жанымызды емдеп, «Сандуғашымен», «Сенің махаббатыңмен» бірге талай қиялға берілген, «Шашы ағарған қызымен» сырласқан Ұлы Ақын алдымызда тұрды. Сол жолы бәрімізді үнсіз тыңдады. Ақ батасын берді.

Читать далее »

ҰЛТТЫҢ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН АТЫРАУЛЫҚ ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Соңғы уақытта Атыраудың әдеби ортасында үлкен серпін берген игі істердің легі толастаған емес. Сондай мәнді шаралардың бірі – «Әдебиет апталығы». Жыл бойына ұйымдастырылған апталық аясындағы шараларды бұған дейін газетімізде үзбей жариялап келген болатынбыз. Оқырмандар мен ақын-жазушылардың арасындағы алшақтап қалған әуелгі байланысты қайта жалғаған «Әдебиет апталығы» қорытындыланып, мәресіне жетті.

Читать далее »

АҚСАҚАЛДЫҢ «АРАЙЛЫ АҚ ТАҢДАРЫ»

Әр өлкенің ойы орамды, сөзі салиқалы, көкірегі күмбір, пейілі сүмбіл қазына қарттары болады. Мен үшін Қызылқоға ауданындағы Төлеп Тілегенов – сондай тұлға. Көргені мол, түйгені одан да зор Төкеңнің сергек санасы, не нәрсеге де жедел үн қосқыштығы күні бүгін де оның байыпты да, сарабдал келбетін одан әрі өркештендіре түседі.

Читать далее »

БІТІРДЕН ҰТЫЛҒАН МОЛДА

Ерке Ойыл өзенінің жағасында орналасқан «Қызыл жалау» елді мекенінде түрлі мінезді азаматтар да баршылық. Олар қарсы келгенін қан құстыратын кеңестер заманында да бірлесіп еңбек етіп, оғаш мінез көрсеткен жоқ. Бүгінде заман өзгерді, қарт бурадай шабынған нарық мінезді де өзгертті...
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал», қай данышпан айтса да, дәл айтқан.

Читать далее »

Нұрлығайын НҰҒМАНОВ: «КӨҢІЛДІҢ ШАҢ БАСҚАН БА ТЕРЕЗЕСІН?»

Нұрлығайын НҰҒМАНОВ – «Атыраудың» белсенді оқырмандарының бірі. Ол өткен жылы газетіміздің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған әдеби шығармалар байқауында жүлделі орын иеленді. Қоғамда болып жатқан түрлі мәселелерден шет қалмай, өзіндік үнін, пікірін «Атырауға» жолдап отыратыны да бар. Құрманғазы ауданында мектеп мұғалімі, оқу ісі меңгерушісі, ауыл әкімі, аудандық кәсіпкерлік комитетінің төрағасы қызметтерін абыроймен атқарған Нұрлығайын Нұғманұлы қазір зейнеткерлік демалыста. Көңілінің кейбір кездерін кестелі сөзбен өрген ақынның бір топ жаңа өлеңін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Читать далее »

ЖЫЛЫОЙДА ЖАЗЫЛМАҒАН ЖЫР КӨП

қаламгерлер халыққа жақынболғанда ғана қалам қуаты артады

«Әдебиет – ардың ісі» (З.Қабдолов). Ар ісінің аужайын ақынжанды жұртымыз бетпе-бет кездесулерде безбендеп жатса, шығарманың халықтық сипаты ашыла түспей ме?! Бұл мәселе өткен жылы өңірде облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қабылдауында қолдау тауып, Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау облысындағы филиалы «Әдебиетшілер апталығы» атауымен игі бір шараны бастады. Ол Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, сәл кейін гуманитарлық колледжде ақын-жазушылардың ұстаздар мен студенттер арасындағы кездесулерінен бастау алып, одан әрі облыс аудандарындағы оқырмандармен жылышырайлы жүздесулерге ұласып кетті.

Читать далее »

Еркеназ ҚАЛИЖАН: «КӨЗІМДЕ МӨЛДІР МОНШАҚТАР…»

Еркеназ ҚАЛИЖАН – Құрманғазы ауданындағы Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектептің 9 сыныбында оқиды. Оқу озаты. Аудандық, облыстық шығармашылық байқауларда топ жарып жүрген Еркеназ өткен жылы «Тіл – халық жаны» атты республикалық фестивальда бірінші орынды иеленді. Жыл соңында облыстық «Мәңгілік ел ұландары» сыйлығының «Жас қанат» аталымын жеңіп алды.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген. Біз бүгін жас дарын Еркеназдың балауса жырларын жариялап отырмыз.

Читать далее »