Экономика

Сауытбек АБДРАХМАНОВ:ӨМІРГЕ АЙНАЛҒАН ӨЛЕҢ

Бір бізде емес, бүкіл әлемде адамзат атаулы кітаптың бетін кері бұра бастаған мына заманда «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастырылуы өте орынды. Абайдың «Қара сөздерінен», Әуезовтің «Қараш-Қарашынан» басталған осы таңдаудың биылғы жылы Фариза Оңғарсынованың «Дауа» кітабына түсуі де өте орынды. Ол оқиғаға орай атыраулықтардың осындай ірі іс-шаралар ұйымдастыруы да өте орынды.
Әбіш Кекілбаев ағамыз ана бір жыл «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Фариза» атты эссесінде Исатай, Махамбет көтерілісінің тап осы Фәкең туған Манашы деген жерде басталғанын жазғаны бар еді. Мұның өзінде де символдық мән бар сияқты көрінеді.
Біз қай заманда да халқымыздың әйел-анаға, сүйген жарға, қыз балаға құрметі бөлекше болды десек, қазақ қызды жасытпай, жарқылдатып өсірді десек, олардан батыр да, ақын да, көсем де, шешен де шықты десек, соның бәріне даусыз дәлелді Фариза жырларынан табамыз. Оңғарсынова өлеңдері қазақ қызының бір айрықша ардақтайтын асыл қасиеттерін – жан тазалығын, ар тазалығын, шыншылдығын, сыршылдығын, батылдығын, ақылдылығын, аяулы сезімі мен қаяулы көңілін кір шалдырмай ұстауға ұмтылатын асқақ аңсарын айрықша көркем күйде ақ қағазға төгілте түсіріп бергенімен қымбат.

Читать далее »

БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

 «Бүгінгі күні қаламыз күн санап өркендеп, көркеюде. Өнімдері талай жылдан бері халық сұранысына ие болып жүрген «Інжу-маржан» ЖШС-де қаламыздың көркеюіне өзіндік үлесін қосуда» деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Амантай Айтпаев аталған серіктестіктің балық өнімдері дүкенінің ашылу салтанатында.

Читать далее »

ВАЛЮТА НАРЫҒЫНДАҒЫ САЯСАТ ӨЗГЕРМЕЙДІ

Соңғы кезде Ұлттық Банкі төрағасының ауысуына байланысты еліміздегі валюта нарығындағы саясатының өзгеруі туралы түрлі ақпарат пайда болды. Осыған байланысты Ұлттық Банк баспасөз баянында мынадай мәлімдеме жасап отыр.
– Қайрат Келімбетовті Ұлттық Банк төрағасы етіп тағайындаған сәтте Мемлекет Басшысы Ұлттық Банк саясатының өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Тиісінше, банк жүргізіп жатқан ақша-кредит саясаты сақталады,-делініпті ресми хабарламада.
Тағы бір белгілі болғаны, банк ұлттық валютаның айырбастау бағамына да қатысты бұрынғы саясатын жүргізе бермек.

Читать далее »

ҚЫРМАННЫҢ БАСЫ – ҚАЙНАҒАН ЕҢБЕК

Облыс әкімінің мұнайлы өлкенің Жайық бойындағы егістік алқаптарын ұтымды пайдалану, өзгеге иек артпай, азық-түлік белдеуін жасақтау талабына үн қосқан Индер ауданында ұйымдастыру-түсінік жұмыстары қарқынды жүріп, егістік көлемі биыл 300 гектарға жеткізілді. Бұл игі іске үн қосқан Көктоғай округіндегі Ақеділ Шалқаров басқаратын «Алға-1» шаруа қожалығы биыл 20 гектар егістік алқабына бақша өнімдерін көптеп отырғызып, бүгінде жиын-терін жұмыстарын аяқтауда. 

Читать далее »

АПТАНЫҢ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ

ҰЛТТЫҚ ТАРИХҚА - ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Бүгінде еліміздің тарихын зерттеу, зерделеу мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Оның бірқатарын кешегі мәслихатта тарихшылар жетесіне жеткізіп айтып берді. ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяғанның баяндауынша, мемлекет тарихы институтының ғалымдары 10-сыныпқа арналған қазақ және орыс тілдеріндегі Дүниежүзілік тарих пен Қазақстан тарихы оқулықтарына сараптама жасаған. Оқулықтар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық сияқты екі бағытты негізге ала отырып дайындалыпты. Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы әзірленіп, баспаға жіберілген. 

Читать далее »

КАДРДЫҢ ҚАДІРІН БІЛУ

бұл қазақстандық мамандарға деген шынайы
қамқорлықтан көрінеді

Қандайма еңбек нарығы болмасын, оның жетістігі кадрларының біліктілігімен өлшенеді. Осы ретте шетел инвесторын тартудың тиімділігін іс жүзінде дәлелдеген «Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда, оларға қамқорлық танытуда оңды істердің жаршысы болып келеді. Бүгін біз «КИОГИ-2013» мұнай және газ халықаралық көрмесі алдында кәсіпорынның адам ресурстары басқармасының бас менеджері Шолпан АЛТЫБАЕВАМЕН болған сұхбатты оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Читать далее »

«Ұйымшыл ұжым ғана ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕДІ»

Мұнайшы Қуаныш Айтуғановтың өмірлік ұстанымы – осы

ФУТБОЛҒА ЖАНЫ ҚҰМАР ЖАН

Шаңырақтың тұңғышы боп ұл дүниеге келгендіктен, Орынғали Айтуғанов пен Сағира Мүсілімова нәрестелерінің есімін осы бір сәттегі сезімдерімен байланыстырыпты.
1977 жылы Қызылқоға ауданы Мұқыр селосында дүние есігін ашқан кейіпкеріміз Қуаныш Айтуғанов бүгінгі күні үлкен азамат болып, өз шаңырағының түтінін түтетіп, еліміздің дамуына, мұнай-газ саласының өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келеді. Мұқыр орта мектебінен білім алып, жастайынан спортқа, әсіресе, футболға әуес болып өскен Қуаныш Орынғалиұлы бүкіл өмірін мұнай-газ саласына арнаса да, спорттан қол үзбей, қазір цех бастығы және «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының футбол командасының капитаны қызметтерін де қатар атқаруда.

Читать далее »

БАЛАМАЛЫ ҚУАТ КӨЗІ

 алыстағы ауылға да келіп жетті
Қазіргі кезде әлем жұртшылығы энергияның баламалы көздерін табудың тиімді жолдарын қарастыруда. Астанада өтетін “ЕХPO-2017” көрмесінің басты тақырыбы да – осы. Бүгінде “Жасыл экономикаға” бет бұрған елімізде табиғи энергия көздері – күн мен желді қуатқа айналдыру тәсілдері тыңғылықты қолға алынуда. Бұдан біздің өңіріміз де шет қалып отырған жоқ.

Читать далее »

КҮРКЕДЕ ТҰРЫП, МҰНАЙ ӨНДІРДІК

«Қара алтынды» ел игілігіне жарату жолында мұнайшылар талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Сұрапыл соғыс тұсында да қиындыққа қаймықпады. Әйтеуір бәріміз де өндірістің дамылсыз тірлігіне бір кісідей араласып кеттік.
...Жетінші сыныпты аяқтағаннан кейін-ақ бізді Доссордағы оқуға алып кетті. Оператор мамандығын меңгергеннен кейін «Ембанефть» мекемесінің Құлсары, Қосшағыл, Төлес, Байшонас, Қарсақ, Прорва секілді бірқатар кен орындарында еңбек еттім. 1963 жылы көптеген кадрларды Прорвадағы мекемеге бұрғышы ретінде ауыстырды. Жаңа мамандықтың тізгінін ұстағандар болып бәріміз «Сарықамыстағы» жатақханаға орналастық. Жалғыз жатақхананың маңында не дүкен, не асхана болмады. Жағдайымыз онша мәз емес еді. Соған қарамастан Мүтиғолла Маташов, бас инженер Хамза Қуантыровтың басшылық етуімен бұрғылау жұмыстары қызу жүріп жатты. Бұрғылау станоктарын құрастыру, ажырату, келесі «нүктеге» көшіру, тракторларды біріктіру секілді шаруаларды өзіміз атқардық.

Читать далее »

ӨНДІРІСТІҢ ДЕ, ӨНЕРДІҢ ДЕ ӨЗ АДАМЫ

Қырық жылдан астам тарихы, қалыптасқан еңбек дәстүрі бар «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы ұжымының басқаларына дәріптеп, үлгі етер өнегелі жақтары баршылық. Мұндағы мұнайшылар қауымы әрқашан да өндірістік міндеттемелерін асыра орындап, меже биігіне көтерілумен бірге рухани салада, соның ішінде мәдениет пен спортта да жоғары жетістіктерді еншілеп, алдан көрініп келеді. Бұған өзіндік үлесін қосып жүргендердің қатарында кәсіпорынның арнаулы техникалар цехының автокөлік жүргізушісі Бақтыгерей Құспанғалиевтің есімін атаған ләзім. 

Читать далее »