Экономика

ӘЗІРБАЙЖАНҒА САПАР

azerАтырау мен Ширван қалаларын жақындастыра түсті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында сыртқы саясатымызды теңдестіру арқылы әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және Қазақстан үшін практикалық қызығушылық туғызатын барлық мемлекеттермен достық және болжамды қарым-қатынастарды дамытудың негізгі тетіктерін айқындап берген болатын.

Читать далее »

АЛМАҚТЫҢ ДА САЛМАҒЫ БАР

 Жалпы, елімізде үдемелі индустриялық даму жобалары неліктен қолға алынып жатыр? Бұл шараның көздеген мақсаты не? Оған неге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде? Байқауымызша, бюджеттің қомақты қаражатын пайдаланып отырған бизнес иелерінің кейбіреуі осы жайды білмейтін тәрізді. Немесе әдейі білгісі келмейді. Әйтпесе, облыстық әкімдік жанындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы осы проблеманы таразыға тартудан басталмас еді ғой.

Читать далее »

КЕНІШТІ ИГЕРУГЕ – КЕШЕНДІ ДАЙЫНДЫҚ

 -Қашаған кен орнында мұнай өндіру басталуының Қазақстан үшін де, оны игеруге қатысып жатқан компаниялар үшін де маңызы өте зор. Себебі, бұл соңғы 40 жылда әлемде ашылған ең ірі кен орны болып табылады. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан кеніштегі болжанған мұнай қоры 11 млрд. тоннаны құрайды. Бүгінде Қашағанның алғашқы мұнайын белгіленген мерзімде игеруге дайындық жұмыстары кешенді жүргізілуде.

Кеше облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Eni» компаниясының Орталық Азия, Қиыр Шығыс және Тынық мұхиты секторы бойынша атқарушы вице-президенті Антонио Велланы, «Аджип ҚКО» компаниясының атқарушы директоры Умберто Каррараны қабылдап, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игерудегі ынтымақтастық мәселесі, кеніште мұнай игеруге дайындық жұмыстары талқыланды.

 

Читать далее »

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЗАҢМЕН ҒАНА ҚОРҒАЛАДЫ

14Бұған дейін де газетімізде жарияланғанындай, жақында ғана Атырау қаласында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның Батыс филиалының ашылғандығы мәлім. Осыған орай облысымызға іссапармен келген ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы А.Естаев жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, өзі басшылық жасайтын республикалық ведомоствоның, жаңадан тұсауы кесілген құрылымның мақсат-міндеттері жайында баяндаған еді. Сонда айтылған әңгімені жүйелеп, оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық.
Егер осыдан төрт жылдай бұрын контрафактілік өнімдер қандай да болмасын бір материалдық тасымалдаушы (CD, DVD, т.б.) ретінде қарастырылса, ал бүгіндері авторлық құқықтардың бұзылуы немесе оған заңсыз қол сұғу әрекеттері көбіне-көп интернеттерде байқалады.

Читать далее »

БИЗНЕС ПЕН БАЙЛЫҚ

Бизнес ойын сияқты. Ол кәдімгі спорт ойындары сияқты, сол ойындардан қиын да емес. Бірақ, спортшыдан өзгешелігің – бұнда намыс, өз мүмкіндігіңді ашу секілді категориялармен қатар, отбасыңның игілігі, бүкіл армандарың ойын таразысында тұрады. Бизнесте жарқырап шығу үшін соншалықты данышпан болудың керегі жоқ. Жалпы қағидалар – ұқыптылық, тәуекел, есеп. Сосын ойын тәртібін жете білу, ең керегі сол. Басқарушы ғана емес, бүкіл команда ...

Читать далее »

ТӘЛІМІ МОЛ ТРЕНИНГ

Соңғы жылдары жас буын өкілдері арасында өз ісін ашуға ниет білдіргендер саны артып келеді. Олай болуы заңды да, себебі, бизнесті ашып, жүргізуге еш кедергі жоқ. Таңдаған кәсібіңізді ынтамен бастасаңыз болғаны, әрі қарай дөңгелентіп әкету кәнігі бизнесменге қиын емес. Ал, үнемі ізденіс-пен, жаңашылдықпен бірге жүретін жастар мұны да бағындыра түскендей.

 

Читать далее »

МИГРАНТҚА МҮМКІНДІК ЖАСАЛДЫ

Шаруа қожалықтарына енді маусымдық жұмыстарға Өзбекстан елінің азаматтарын қызметке тартуға рұқсат берілетін болды. Егін науқанының қызған шағында жұмысшыларды көбірек қажет ететін кәсіпкерлер үшін бұл жағымды жаңалық болғаны сөзсіз. Бұл туралы толығырақ біз облыстық Жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер одағының заңгері Гүлмира Жұмағалиевадан сұрап білдік.
Естеріңізде болса, өткен жылдың қаңтар айында «Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға квота бөлу ережесі» туралы Үкіметтің Қаулысы қабылданған еді. Биылғы жылдың сәуір айында оған өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, климат және өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір маусым ішінде, бірақ, бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын шаруаларды орындауға жұмыс беруші немесе кәсіпкер шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беріледі. Оны алу үшін өтінім облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсырылуы шарт.

Читать далее »

«АЛТЫН САПАҒА» ҚАТЫСЫҢЫЗ!

11Елбасының «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары атағын беру мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы биыл да жалғасын табады. Ендеше, оған қатысып, қапы қалмау үшін нені білу керек? Өткен сәрсенбі күні облыстық әкімдікте Астанадан келген арнайы маман жергілікті кәсіпкерлерге арнайы семинар өткізіп, байқау шарттары туралы түсіндірді. 

Читать далее »

МҰНАЙ-ХИМИЯ КЕШЕНДЕРІ ҚОЛДАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

3Кеше Үкімет үйінде мұнай өңдеуші зауыттарға «қара алтын» жеткізу, «Теңізшевройлдың» келешек кеңею жобасы туралы мәселелер қаралды. ҚР Премьер-министрі Cерік Ахметов төрағалық еткен селекторлық кеңеске Атырау мен Маңғыстау аймақтарының басшылары бейнебайланыс арқылы қатысты.

 

Читать далее »

ТҮРКИЯМЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

3332rrrr«Түркия Республикасында іссапармен жүрген облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов бастаған Атырау облысының делегациясы кеше Стамбул қаласының губернаторы Хусейн Авни Мутву мырзамен кездесті», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Кездесудің мақсаты – екі аймақ арасындағы іскерлік қарым-қатынасты тереңдету.

Читать далее »