Экономика

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАҒЫТЫ: ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӨРКЕНДЕУ НЕГІЗІ

«Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.
Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу - өмірлік маңызды нәрсе».
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына Жолдауынан.

Атырау энергетикалық кешенінің құрылғанына да тура жарты ғасыр толып отыр. Осы елу жылдың еншісінде талай толымды табыстарға қол жеткізіліп, еңселі межелер алынды. Әсіресе, соңғы біраз жылдың көлемінде атыраулық энергетиктер өңірді жылумен де, жарықпен де молынан қамтамасыз етіп, жұртшылықтың сұранысын толығымен өтеп отыр. Атырау жылу-электр орталығының қуатын арттырып, жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру салтанатына Елбасының өзі келіп қатысып, кәсіпорын ұжымына ақжарма алғысын айтқан. Оның алдында тікелей эфирмен тілдесіп, еліміздің энергетикалық қуатын көтеру жолында талмай тер төгіп жүрген атыраулық энергетиктерге ризашылығын білдірген.
Осы мерейлі мереке қарсаңында «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы Оразғали Қаршегеновке жолыққанбыз.

Читать далее »

ОБЛЫС ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖАСАҚТАЛДЫ

Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Президиумы шешімімен Атырау облысының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы дирекцияның құрамы жасақталды.
Кәсіпкерлер Палатасының директоры - Жакиев Асылбек Мұхитұлы. 1984 жылы 8 мамырда дүниеге келген. КИМЭП-тан әлеуметтік ғылымның бакалавр дәрежесін, Тренто (Италия), Регенсбург (Германия), Конвинус (Венгрия) университеттерінен, сонымен қатар Женева (Швейцария) Халықаралық қатынастар мен даму институтында магистр дәрежесін алған. 2007-2012 жылдар аралығында Аджип ҚКО компаниясының ҮЕҰ-мен арасындағы байланыс кеңесшісі, «Атырау» ӘКК» АҚ-да жоба жасақтау менеджері және Қазақстандағы мұнай-газ саласының Атырау облысындағы сервистік компаниясының аймақтық директоры, жеке секторды басқару қызметтерін атқарды. 2012 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың қазан айына дейін «Атамекен Одағы» ҰЭП Атырау филиалының директоры болды. Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Президенттің «Болашақ» бағдарламасы түлегі. Ағылшын, неміс, итальян тілдерін меңгерген.

Читать далее »

«ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ

1 миллиард 843 миллион теңге. 2005 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының жергілікті филиалы арқылы Атырау облысына түскен инвестициялар көлемі осындай болды. Осы қаржыға Атырауда 265,6 млн. теңге сомасын 23 несие алушыларына табыстады. Олардың ішінде тек техниканы сатып алу құны 170,2 млн. теңгені құрады. «ҚазАгроҚаржы» инвестицияларынан облыс орталығы тұрғындарына қуаттылығы жылына 3 650 дананы құрайтын нан және нан-тоқаш өнімдерін шығаратын өндіріс қолға алынды. Осы жобаны «Атаба» компаниялар тобы» ЖШС жүзеге асырды. Құны - 31,1 млн. теңге, қуаттылығы 1 820 тонна көкөніс сақтайтын қойма салынды. Облыс аудандарында да ондаған жоба жүзеге асырылды.

Читать далее »

АКЦИЯ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛДЫ

Қабылдауға қатысқан Атырау қаласы әкімінің орынбасары Амантай Айтпаев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы Елбасы Жолдауынан туындағанын, ондағы мәселелер 2020 жылға дейін стратегиялық даму жоспарына енгенін айтты. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасындағы» жобалар аймақтағы отандық өнім өндіруді өркендетуге оң ықпалын тигізбек. Сала мамандары мен екінші деңгейлі банк филиалдарының өкілдері келушілерге кеңестерін беріп, дұрыс бағытын сілтеді.

Читать далее »

ТАРИХТЫ ТАНУДЫҢ БІР ЖОЛЫ

немесе  ақша  үлгілерін  жинау  да  бір  өнер

Ғаламтордың «қолды ұзартқаны» жақсы болғанын қарашы! Енді қағаз ақшаны да, металл монеталарды да жинақтайтын, тіпті, бір серия бойынша шыққандарын, бірдей бірлікте қолданысқа енгендерін бөлек тізіп қоюға мүмкіндік бар. Ол үшін интернеттен іздеп тауып, тапсырыс берсең болғаны.

Читать далее »

БАНК АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Ұлттық валюта - теңгенің 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалының жас мамандары соғыс жылдарында, онан кейінгі уақытта мемлекеттік банк жүйесінде ұзақ жылдар еңбек етіп, сый-құрметке бөленген зейнеткерлермен кездесті.

Читать далее »

ТЕҢГЕ ТАРИХЫНАН СЫР

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында төл теңгеміздің айналымға енгеніне 20 жыл толуына орай «Тәуелсіздік символы - ұлттық теңге» атты экспозициялық көрме ашылды. Тәуелсіздігіміздің символы саналатын ұлттық теңгеміздің тарихын дәріптеу, жас өскіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан шараға Балықшы кентіндегі Абай атындағы орта мектеп оқушылары, мектептен тыс жұмыс орталығының шәкірттері мен олардың ұстаздары қатысты.

Читать далее »

ШАРУАСЫ МЫҒЫМ ШАРУАГЕР КҮРМЕУЛІ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІН ТАБАРЫНА СЕНЕДІ

Ауыл шаруашылығының ел экономикасында алар орны ерекше. Соның ішінде атакәсіп - мал шаруашылығының маңызы зор. Кеңес өкіметінің кезіндегі тоқырау жылдары бұл сала дамымай кенже қалды. Нәтижесінде мал басы қырылып, республикада оның саны күрт кеміді. Дейтұрғанмен, бұл кәсіпті атадан балаға жалғастырып, тынымсыз еңбек етіп жүргендер баршылық. Олардың бірі – Атырау қаласындағы Еркінқала селолық округіне қарасты Сарыөзек елді мекенінің тұрғыны, «Жұмабай» шаруа қожалығының жетекшісі Ибрагим Аймұханов. Біз ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында шаруагерге барып, құттықтап қайтқан едік.

Читать далее »

СЕНІМ МЕН СЕРТ

Құрманғазы ауданы – облыстағы бірден-бір ауылшаруашылықты аймақ. Бір кездері осындай кең аумақта төрт түлік мал қаптап, еңбек көрігі қызған еді. Сол шаруашылықтарда ауданға, облысқа есімдері әйгілі Баймаш Нұрымов, Мұғал Наурызбаев, Асылбек Әубекеров, Көргенәлі Мұханәлиев, Таңатар Дасаев сынды ұйымдастыру ісінің сардарлары басшылық қызметте болды. Олардан кейінгі буын Харес Биляшев, Өмірзақ Қажымғалиев, Елемес Абдошевтар да зейнеткерлікке шықты. Қазір жаңа шаруашылықтарды жаңаша жағдайда басқару қызметінің тізгінін кейінгі толқын жастар қолға алды.

Читать далее »

САПАЛЫ ӨНІМ – ҚАУІПСІЗ ӨМІР

Еліміз бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуге әзірленіп жатқанда сапа мәселесі алдыңғы орынға шығатыны сөзсіз. Оның үстіне, отандық өнім оқ бойы озық тұруы үшін өзгелерден кем түспеуі тиіс. Бұл ретте 1989 жылдан бері Еуропалық сапа ұйымының бастамасымен қараша айының екінші бейсенбісі аталмыш күнге айналғанын айтуымыз қажет. Таяуда сапа саласының мамандары кәсіби мерекелерін тойлады. Айтулы датаға орай «дөңгелек үстел» өткізілді.

Читать далее »