Экономика

ҮЗДІК – «ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЗДІГІ»

Таяуда кең көлемде аталып өткен еліміздің ұлттық валюта – Теңгенің 20 жылдығы және қаржы саласы қызметкерлерінің мерекесі күніне орай тәуелсіз Қазақстаның қаржылық жүйесінің дамуына үлес қосқан бір топ сала қызметкері марапатталған болатын.
Қызметтік абыройының арқасында үздік деп танылғандардың қатарында Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және бюджетаралық қатынастар бөлімінің бас маманы Үздік Шаймарова да болды.

Читать далее »

МЕЖЕ МЕН МҮМКІНДІК

Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесінің Қазақстанда өтуі – сөз жоқ, тәуелсіз Қазақ елінің сыртқы саясаттағы салмақты да айтулы жетістіктерінің бірі. Әлем елдері көз тігіп отырған жоғары технологияның, инновациялық жобалардың, бір сөзбен айтқанда, елімізге тұтас прогрестің орталығына айналуға мүмкіндік беретін Астана көрмесінің жоғары деңгейдегі ізденіс пен дайындықты қажет ететіндігі белгілі. Осы мақсатта бүгінге дейін нендей істер тындырылды? Саралап көрелік.

Читать далее »

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ

«Сбербанктың» жаңа ғимараты ашылды

Мұнайлы өлкенің қаржы саласы тағы бір жағымды жаңалықпен толықты. Өткен бейсенбі күні «Сбербанк» АҚ еншілес банкі Атырау филиалының жаңа кеңсесі салтанатты жағдайда ашылды. Әсем ғимараттың лентасын қию рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева, ҚР «Ұлттық банкі» Атырау облыстық филиалы директоры Қозыбақ Құлбарақов пен «Сбербанк» АҚ еншілес банкі басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Тасқаранов қатысты.

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТЫ

Теңгенің 20 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 2 қыркүйектегі №631 Жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2013 жылғы 6 қарашадағы №405 бұйрығымен ұлттық валютаны айналысқа енгізуге тікелей қатысқаны және оның дамуына сіңірген ерен еңбектері үшін филиал ардагерлері - Болат Ысқақов, Ермұқаш Түсекенов, Күләш Сариева, Мақпаш Абдулова, Анаида Бабаева, Лидия Бегликчиева, Рысты Қунашева, Бақыт Бисенғалиева, Ерімбет Апенов, Светлана Габдуллина, Жаңыл Қалауова, Қоңыр Шаужанова «Теңгеге 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйесінде жұмыс жасаған жылдарда олар өздерінің адал еңбегімен ұлттық валютамыздың дамуы мен тұрақтылығына қол жеткізуге үлкен үлес қосты. Олардың еңбек жолдары кейінгі ұрпаққа үлгі болады.

Читать далее »

ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ СЕРПІНДІ НЕГІЗІ

Инвестжобалар Атырау жылу -электр
орталығында нәтиже бере бастады
Мемлекет басшысы берген басты тапсырмалардың бірі - еліміздің энергетика саласын өркендету, заманауи техника мен технологияларды өндіріске кеңінен енгізе отырып, электр және жылу қуатын өндіріп, тарататын кәсіпорындардың қуаты мен мүмкіндіктерін арттыру, қызмет көрсету аясын кеңейту. Осы тұрғыда республикамызда қабылданған үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде аймақтағы энергетика компаниялары да жоспарлы іс-шараларды жүйелі жүзеге асырып, ортақ іске өзіндік үлестерін қосып келеді. Солардың санатында биыл жұмыс істегеніне жарты ғасыр толып отырған «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамы да бар. Мұнда соңғы уақыттарда іске асырылған инвестициялық жаңа жобалар айтарлықтай қайтарым бере бастады.
Жалпы, сонау 1953-1955 жылдары жүзеге асырылған бастапқы жоба бойынша Гурьев жылу-электр орталығы синтетикалық спирт зауытының жылу мен электр қуатына сұранысын қамтамасыз етуге арналған-ды. Кейін бұл жерге химия зауыты орналастырылды. Орталықтың жалпы қуаты 12-18 МВт болғанымен, соның екі-үш мегаватын ғана қалаға беру жоспарланды.
Ал, бүгін ше? Қазір оның өндірістік қуаты артып, ерекше қарқынмен дамып келе жатқан мұнайлы мекеннің сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың депутаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамының президенті Мұхамбетқали Қалиевпен сұхбатымызда кеңірек баяндалады.
- Жылу-электр орталығы өз қуатын ұдайы арттырып келеді. Бұл үрдіс сонау жылдары басталып еді ғой.

Читать далее »

«БІЗДЕ ӘЛІ БАТЫЛДЫҚ ЖЕТІСПЕЙДІ» ДЕЙДІ ШАҒЫН БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ

«Қазіргі таңда өз кәсібін ашып, жеке шаруамды жүргіземін» деген жандарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек түрлері көп-ақ. Осы орайдағы арнайы жасақталған «Жұмыспен қамту-2020» секілді бағдарламалардың берері мол екендігін уақыт дәлелдеп отыр. Бизнеске келіп, шағын және орта кәсіпті дөңгелентіп отырғандардың арасында да нәзік жандылардың саны аз емес.

Читать далее »

ЕН ДАЛАДАҒЫ АЛМА БАҒЫ

Республиканың оңтүстік өңірінде туған ол диқаншылық қадірін жақсы біледі. «Баптай білсең, жер жомарт» дегендей, талмай төгілген тердің өтеуі боларына сенімді.  Өзі айтатынындай, кішкене кезінен жер жыртып, егін егіп өскен кісіге ұлтарақтай орынның өзінен бір рулы елді асырайтындай өнім жинауға болады.

Жалпы, Владимир Розметов Атырауға алғаш келгенінде құрылыспен шұғылданды. Бұл бағытта да абыройсыз болған жоқ, өңірдегі бірқатар нысандарда қолтаңбасын қалдырды.

Читать далее »

Балық шаруашылығына – «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА»

Балық шаруашылығы «жасыл экономика» шеңберінде дамитын болады. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында депутаттардың сұрағына жауап берген Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Читать далее »

ОРТАҚ МҮДДЕ ТОҒЫСЫ

«Атырау Инвест - 2013» халықаралық бизнес форумы күннің екінші жартысында «Атырау» мәдениет орталығындағы пленарлық мәжіліспен жалғасты. Мәжілісті жүргізуші Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев еліміздің мұнайлы астанасында осыншалықты жоғары деңгейде өткізіліп отырған халықаралық форумның маңыздылығына тоқтала келе, оның салтанатты ашылуымен құттықтау үшін сөз кезегін аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовке жолдады.

Читать далее »

АТА-АНАДАН ҚАШҚАНДАР

алимент төлеуі мүмкін
Бейсенбі күні Сенат еселеп салық салатын заңды мақұлдап, құжатты Президентке жолдады. Ел Президенті құжатқа қол қойған жағдайда жаңа «Салық кодексі» 1-ші қаңтардан бастап күшіне еніп, нәтижесінде бай-бағландарға салынатын салық еселеп артатын болады.

Читать далее »