Экономика

ӘР АУЫЛҒА – ӨЗ АГРОӨНЕРКӘСІБІ

2013 жылы аймақ экономикасының жетекші салаларының бірінен саналатын ауыл шаруашылығында да жүзеге асырылған жобалар, атқарылған жұмыстар көп болды. Осы жылы өңірдегі агроөндірісті дамытуға мемлекет қазынасынан 1,7 млрд.теңге қаржы бөлінді.

Читать далее »

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры: «ӨНДІРІСТІҢ ЖӘНЕ ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ – ӨЗЕКТІ МІНДЕТІМІЗ»

Атырау облысында қызмет ететін іргелі компаниялардың бірі –«Ембімұнайгаз» АҚ мұнайлы өңірдің қарқынды дамуына сүбелі үлесін қосып келеді. Биылғы жылды айтарлықтай табыстармен аяқтағалы отырған кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі мен болашақтағы іс жоспарлары туралы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетовпен сұхбаттасқан едік.

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӨЗ ОРТАЛЫҒЫ

отандық бизнестің өрісін кеңейтуге жол ашады
Бизнеске бет бұрып, өз кәсібіңізді ашқыңыз келгенмен, неден бастарын білмей жүрсеңіз, кәсіпкерлерді қолдау орталығына барыңыз! Өткен бейсенбі күні елімізде оныншы рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалы жанынан бизнес иелеріне қызмет көрсету орталығының ашылу салтанаты өтті. Кәсіпкерлердің басын біріктіретін орынның лентасын облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев пен «Даму» қорының басқарушы директоры – басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков кесті. Салтанатты тұсаукесер рәсіміне аймақтағы бизнесмендер мен банк филиалдарының басшылары қатынасты.

Читать далее »

БОЛЖАМ ТОЛЫҚТАЙ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен бұл жолғы брифингке Үкіметтің бірнеше мүшесі бірге келді. Олар аяқталғалы отырған жылдың жетістіктері, бүгінде қолға алынып жатқан жобалар турасында баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Читать далее »

КІРІС КӨЗДЕРІ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСАДЫ?

 Бұған дейін де бұқараға жария болғанындай, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы №438 Жарлығымен Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасы бекітіліп, Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауына сәйкес, оны іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданғандығы белгілі.

Читать далее »

«АЛШЫ» ҚОРЫНЫҢ МАРАПАТЫ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дәрісханасындаТШО компаниясының демеушілігімен әдеби-тарихи, мәдени «Алшы» қорының ұйымдастыруымен «Жасыл Атырау» жобасы аясында шара өтті. Оған қаладағы жоғары оқу орындары, колледждердің, лицей, мектептердің студенттері, оқушылары, балабақша тәрбиешілері, бағбаншылар, табиғат жанашырлары қатысты. Шара барысында «Атырауым, жасыл қалам» атты деректі фильм ұсынылды.

Читать далее »

ТЕХНОПАРКТІҢ ҚАЙДА ОРНАЛАСҚАНЫ ЖӨН?

Арнайы экономикалық аймақ. Осынау ұғым қолданысқа енгеннен бері өнім өндірушілердің екінші тынысы ашылғандай болды. Өйткені, оның құрамына кіргендерге мемлекет тарапынан біраз жеңілдіктер ұсынылады. Соның аясында облыста «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы жасақталмақшы. Жоба орта және шағын кәсіп иелеріне өзіміздің шикізаттан шаруашылық-тұрмыстық өнім жасауға мүмкіндік береді. Алайда, технопарктің қаладан бой көтеруін облыс басшылығы да, эколог-мамандар да қолдамайтын көрінеді. Жақында жоба әзірлеуші «Инжиниринг» ЖШС өткізген қоғамдық тыңдауда Атырау облыстық табиғат ресурстарын пайдалану және реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орақ Бисембиев осылай деп мәлімдеді.

Читать далее »

АДАЛ ЕҢБЕК АБЫРОЙҒА БАСТАЙДЫ

Атырау қаласы бойынша жыл үздіктері анықталды
Ел игілігі үшін еткен еңбек елеусіз қалмайды. Жыл бойы қызметтегі жетістіктерімен ерекшеленген, қоғамның түрлі салаларында жемісті жұмыс жасаған жандарды құрметтеу мақсатында қалалық «Жыл адамы - 2013» байқауы биыл да ұйымдастырылды. Үздіктерді марапаттау шарасына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев, облыс әкімінің орынбасарлары Шыңғыс Мұқан, Айгүл Әжіғалиева және облыстық, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Читать далее »

АЛҒАШҚЫ БАСШЫЛАРДЫҢ ЕСІМІ

мәңгілік есте сақталады

Атырау энергетиктері өздерінің құрылғанына 50 жыл толуына және төл мерекесіне орай ұлағатты іс тындырды. «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамының әкімшілік ғимаратында өңір энергетикасының дамуына сүбелі үлес қосқан, осы сала құрылымының бастапқы басшылары болған Николай Неверов пен Нуруахит Бекмамбетовке арналған ескерткіш тақта ашылды.

Читать далее »