Экономика

ТЕҢГЕ ТАРИХЫНАН СЫР

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында төл теңгеміздің айналымға енгеніне 20 жыл толуына орай «Тәуелсіздік символы - ұлттық теңге» атты экспозициялық көрме ашылды. Тәуелсіздігіміздің символы саналатын ұлттық теңгеміздің тарихын дәріптеу, жас өскіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан шараға Балықшы кентіндегі Абай атындағы орта мектеп оқушылары, мектептен тыс жұмыс орталығының шәкірттері мен олардың ұстаздары қатысты.

Читать далее »

ШАРУАСЫ МЫҒЫМ ШАРУАГЕР КҮРМЕУЛІ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІН ТАБАРЫНА СЕНЕДІ

Ауыл шаруашылығының ел экономикасында алар орны ерекше. Соның ішінде атакәсіп - мал шаруашылығының маңызы зор. Кеңес өкіметінің кезіндегі тоқырау жылдары бұл сала дамымай кенже қалды. Нәтижесінде мал басы қырылып, республикада оның саны күрт кеміді. Дейтұрғанмен, бұл кәсіпті атадан балаға жалғастырып, тынымсыз еңбек етіп жүргендер баршылық. Олардың бірі – Атырау қаласындағы Еркінқала селолық округіне қарасты Сарыөзек елді мекенінің тұрғыны, «Жұмабай» шаруа қожалығының жетекшісі Ибрагим Аймұханов. Біз ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында шаруагерге барып, құттықтап қайтқан едік.

Читать далее »

СЕНІМ МЕН СЕРТ

Құрманғазы ауданы – облыстағы бірден-бір ауылшаруашылықты аймақ. Бір кездері осындай кең аумақта төрт түлік мал қаптап, еңбек көрігі қызған еді. Сол шаруашылықтарда ауданға, облысқа есімдері әйгілі Баймаш Нұрымов, Мұғал Наурызбаев, Асылбек Әубекеров, Көргенәлі Мұханәлиев, Таңатар Дасаев сынды ұйымдастыру ісінің сардарлары басшылық қызметте болды. Олардан кейінгі буын Харес Биляшев, Өмірзақ Қажымғалиев, Елемес Абдошевтар да зейнеткерлікке шықты. Қазір жаңа шаруашылықтарды жаңаша жағдайда басқару қызметінің тізгінін кейінгі толқын жастар қолға алды.

Читать далее »

САПАЛЫ ӨНІМ – ҚАУІПСІЗ ӨМІР

Еліміз бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуге әзірленіп жатқанда сапа мәселесі алдыңғы орынға шығатыны сөзсіз. Оның үстіне, отандық өнім оқ бойы озық тұруы үшін өзгелерден кем түспеуі тиіс. Бұл ретте 1989 жылдан бері Еуропалық сапа ұйымының бастамасымен қараша айының екінші бейсенбісі аталмыш күнге айналғанын айтуымыз қажет. Таяуда сапа саласының мамандары кәсіби мерекелерін тойлады. Айтулы датаға орай «дөңгелек үстел» өткізілді.

Читать далее »

САЛЫҚ КӨЛЕМІ ҚАЛАЙ ӨСТІ?

Таяуда ҚР Парламенті кезекті пленарлық отырысында еліміздегі салық мәселелеріне қатысты заң жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жайын қолдады. Негізінен бұл құжат жобасы игерілмеген жер теліміне салық көлемін арттыруға бағытталған еді.
Сонымен қатар, заң жобасында дәлдікті қажет ететін салықтық әкімшілік нормалары қаралды. Әрине, жоба бірден жаппай қолдауға ие болмады. Салалық министрлік жиыннан кейін тағы да бірқатар өзгерістер енгізді. Халық қалаулылары транспорт құралдары мен жеке тұлғалардың мүлікке төлейтін салығына қатысты қайта қарауға ұсынды.

Читать далее »

«ЗАҢДЫЛЫҚТЫ БІЛМЕГЕН ҰТЫЛАДЫ…»

Құқықтық сауаттылықтың жетіспеушілігі салдарынан көп ретте жас кәсіпкерлердің бармақ тістеп қалып жататын жағдайлары аз емес. Жұмыс беруші мен қызметкер арасында келісім-шарт жасақтау, жас шамасына қарай еңбекке тарту уақыты секілді жайттарға келгенде тосылып қалатындар баршылық. Осындай келеңсіздіктер орын алмау үшін не істеу қажет немесе қандай заңдылықтарды білген дұрыс? «Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «дөңгелек үстелде» осы сауалдарға жауап ізделді.

Читать далее »

«АТАМЕКЕН СТАРТ-АП»: ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ІСКЕ КІРІСТІ

Жас кәсіпкерлер үшін өткен айлардың басты жаңалығы «Атамекен Старт-ап» байқауы болғаны белгілі. Жеңімпаздар жүлделерін кәдеге асырып, жобаны жүзеге асыруға кірісіп кеткен жайы бар. Күні кеше ғана конкурстан екінші орынды жеңіп алған «стартаперлер» Әділет Мусаханов пен Әлия Төлеуғалива «Базилик» кулинария студиясының» алғашқы сабағын өткізіп үлгерді. Біз өз кезегімізде жастарды редакцияға шақырып, идеялары туралы толығырақ сұрадық.

Читать далее »

МАМАН КЕҢЕС БЕРЕДІ

Қоғамда күнделікті болып жатқан заңдылықтар жөнінде тереңірек білгіңіз келе ме? Әлде Сіздің бизнесіңізге құзырлы органдар тарапынан негізсіз тексерулер көбейіп кетті ме? Заңдарға енген соңғы өзгерістерді іздеп отыратын уақытыңыз жоқ па? Сананы мазалаған сан сауалға жауап тауып, сауатыңызды ашқыңыз келсе, тәжірибелі заңгер Валентина КЛИМЕНКОНЫҢ кеңесіне жүгініңіз. Облыстық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер Одағы бизнес иелерімен тығыз байланыс жасауға әрқашан дайын.
32-85-07-ге немесе 45-85-14-ке хабарласыңыз.

Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ СИМВОЛЫ – ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ

Ұлттық валютамыз - теңгенің айналымға енгеніне 20 жыл толып отыр. Мерейлі датаға орай Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Атырау облыстық филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақовпен сұхбаттасқан едік.
- Қозыбақ Әбуұлы, теңгенің шығу тарихы мен жүріп өткен жолы бәрімізге жақсы таныс. Десек те, оның жиырма жыл ішіндегі жеткен жетістігі жөніндегі сала маманының аузынан естігіміз келеді.

Читать далее »